Сайтқа кіру Тіркелу

Бірлік, ынтымақ туралы мақал-мәтелдер

Бірлік, ынтымақ - байлық, бақ.

Бірлікті ел бұзылмас.

Көп қолдаса жауды жеңеді.

Көп тепкен жерден көл шығады.

Татулықта табыс мол.

Айрылыссаң - азарсың, қосылсаң - озарсың.

Айрылғанды аю асайды, бүлінгенді бөрі асайды.

Алты бақан, ала ауыз.

Әрне көрсең тірлікте, сыйласқан жақсы бірлікте.

Байлық, байлық емес, бірлік байлық.

Бөлінгенді бөрі жейді, жарылғанды жау жейді.

Бірлік бар жерде - тірлік бар.

Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ.

Біреуің бас, біреуің аяқ бол, біреуің құйрық, біреуің қанат бол.

Біріккен жүз, бытыраңқы мыңды алады.

Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ,
Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.

Ерлік түбі бірлік.

Ынтымақтың түбі - игілік,
Тірлік түбі - бірлік.

Кеңесті жерде кемдік жоқ,
Кеңессіз жерде теңдік жоқ.

Түйін бір қолмен байланбайды,
Бір қолмен шешілмейді.

Күш бірлікте.

Өнер алды - бірлік, ырыс алды - тірлік.

Шабыспақ оңай, табыспақ қиын.

Шықсақ төбеміз бір болсын,
Жатсақ көріміз бір болсын.

Еңбек қылмай ер оңбас,
Бірлік қылмай ел оңбас.

Бірігіп көтерген жүк жеңіл.

Тозған қазды
Топтанған қарға алады.

Тұғырына саңғыған сұңқар оңбас, үйірінен айрылған тұлпар оңбас.

Бірлік болмай – тірлік болмас.

Әрі жат, бері жат —
Таршылықтың белгісі.
Сен же, мен же —
Баршылықтың белгісі.

Тірліктің күші — бірлікте.

Бірлік еткен озар,
Бірлеспеген тозар.

Береке көзі — бірлікте.

Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.

Батылдықты айт, ерлікті айт
Батырлықты айт, бірлікті айт.

Бірлік білекте емес, жүректе.

Елдік түбі — бірлік.

Бірлік қайда болса,
Ерлік сонда.
Еркіндік қайда болса,
Елдік сонда.

Ерлік пен бірлік — егіз.

Ұрыстың мерейі — ерлік,
Ырыстың мерейі — бірлік.

Бөлінгенді бөрі алар,
Ұзағанды ұры алар.

Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар.

Кеңеспен пішкен киім кең де болмайды, кем де болмайды.

Кеңеспен пішкен тон
Келте болмас.

Кеңеспен кескен қол ауырмас.

Мың қосшыға бір басшы.

Саяқ жүрсең, таяқ жерсің.

Теңге - тиыннан,
Ынтымақ - ұйымнан.

Ынтымақ түбі - бірлік.

Көнектен шошыған бие оңбас.
Көптен бөлінген үй оңбас.

Қырық кісі бір жақ,
Қыңыр кісі бір жақ.

Ынтымақ істі бітірер.

Жалғыздың күні шықпайды,
Жалғыз қарғаның үні шықпайды.

Айырылсаң - азарсың,
Қосылсаң - озарсың.

Көптен қашқан көмусіз қалар.

Бас - басыңа би болсаң,
Мана тауға симассың.
Бір данаға жол берсең,
Жанған отқа күймессің.

Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізеді.

Жұдырық жиналса,
Жұмыр жерді де жорғалатады.

Тірлігің – бірлігің.

Ел бірлігі – ел теңдігі.

Тобынан айрылған қазды,
Топталған қарға алады.

Теңге тиыннан,
Ынтымақ ұйымнан.

Кеңесіп шешкен шешімнің кемісі болмас.

Тірлік, тірлік түбі – бірлік.

Бірлік қайда болса, ерлік сонда.
Еркіндік қайда болса, елдік сонда.

Ынтымақ - оқ өтпес сауыт,
Татулық - тамаша сауық.

Сыртқы жаудан ішкі жау жаман.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×