Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Намыс туралы мақал-мәтелдер

Ер жігіт елінің ұлы,
Намысының құлы.

Ер намысқа шабады,
Намысқа шапса,
Алысқа шабады.

Ер — намысының құлы.

Шөлдің қамысы болмайды.
Жаманның намысы болмайды.

Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат.

Алысқа шабар жүйрік бол,
Намысқа шабар жігіт бол.

Ар, намысы бар жігіттің
Жолдасы бар жолында.
Ар, намысы жоқ жігіттің
Ұяты бар қолында.

Жүйрік алысқа,
Жігіт намысқа шабады.

Намысы бар жігіттің
Нар күшіндей күші бар.
Намысы жоқ жігіттің
Намыспенен несі бар?

Намысы бар жігіттің
Нар күші бар.
Намысы жоқ жігіттің
Қай күші бар?

Ит арық болса
Ауылдың намысы.

Ер намысының құлы.

Жігітке намыс – қымбат, ар – ауыр.

Бөріктінің намысы бір.

Ер аштан өлмейді,
Намыстан өледі.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сөз өнері, тіл туралы мақал-мәтелдер

Сөз өнері, тіл туралы мақал-мәтелдер

Сөзге сөз келгенде, Сөйлемесе атасы өледі. Өлең — алтын, Сөз — күміс....
Жекпе-жек

Жекпе-жек

1. Білімділігі: Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік беру. Халық ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жататынын айту. Батырлар жыры туралы түсінік беру....
Назым - чемпион

Назым - чемпион

Алматы облысы. Райымбек ауданы, Сарыжаз орта мектебінің 8 сынып оқушысы Даркенбаева Мадина 2014 жылы Қазақстан тарихында 1 - рет бокстан әлем...
«Арулар, асыл жандар, жүрегі жарқын жандар» атты кештің бағдарламасы

«Арулар, асыл жандар, жүрегі жарқын жандар» атты кештің бағдарламасы

Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №5 кәсіпітк лицейдің математика пәнінің мұғалімі Қараев Дархан Жылқайдарұлы...
Мәлік Ғабдуллин,

Мәлік Ғабдуллин, "Батыр Бауыржан"

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Таласбекова Гульнур...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету