Сайтқа кіру Тіркелу

Ағаш туралы мақал-мәтелдер

Орманшы ағаш кесе алмас, ақ балтаны қайрамай.
Жорыққа батыр аттанбас, жау жарағын сайламай.

Бір тал кессең,
Он тал ек.

Аялы ағаш —
Саялы.

Тұт ағаштың тұтын же,
Тұтын жесең, күтіп же!

Қалың ағаштың
Қисығы болмайды.

Қу ағашқа ну ағаш — сүйеу.

Қайтқан күнде қайыр жоқ,
Қу ағашта шайыр жоқ.

Жемісті ағашқа тас атпа,
Буаз биеге тас артпа.

Алтын балтаның да сабы ағаш.

Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді,
Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді,
Мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді.

Ағаш қаншалықты биік болса да, жапырақтары жерге түседі.

Ағаш айғайға құламайды.

Іздеген іскер ағашын табады.

Қарағайға сүйеніп тал өсер,
Басқа сүйеніп мал өсер.

Еменнен қатты ағаш жоқ,
Көп жатса жерде дерт ілер.
Болаттан қатты темір жоқ,
Тасқа салса кертілер.

Емен ағаштың иілгені - сынғаны,
Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені.

Қисық ағашқа тез, қисық мінезге сын бар.

Ағаш жапырағымен, жер топырағымен.

Қанша жуан болса да,
Жалғыз ағаш үй болмас,
Қанша жақсы болса да,
Жалғыз жігіт би болмас.

Жалғыз ағаш орман болмас,
Жалғыз кірпіш қорған болмас.

Сайлау жердің ағашы,
Сабырсыз елдің сазасы.

Жаман ағаштың жемісі де кеміс.

Ағаш ат аяңдамайды.

Дар да – ағаштан,
Мінбар да ағаштан жасалады.

Ағаштың құрты –
Ағашты құртты.

Жемісі көп ағаштың бұтағы төмен.

Құрғақ ағаш иілмейді.

Талдың жұмсақтығы өзіне жарасар,
Қайыңның қаттылығы өзіне жарасар.

Ағаш шешінгенде,
Адам киінер.

Алма ағашынан алыс түспейді.

Қанатсыз құс –
Жапырақсыз ағаш.

Ағашқа мәуе біткен сайын, төмен салбырайды.

Адам көркі шүберек,
Ағаш көркі жапырақ.

Жалғыз ағаш орманға қарайды,
Жалғыз бала қорғанға қарайды.

Ағаш — жапырағымен,
Жер — топырағымен.

Кәрі ағаш — бұтағымен,
Кәрі адам — ұрпағымен.

Асылсаң,
Асыл ағашқа асыл.

Жаңбыр бір жауса,
Терек екі жуады.

Ағаш екпей жеміс бермес,
Іс бітпей жеңіс келмес.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×