Сайтқа кіру Тіркелу

Халық туралы мақал-мәтелдер

Халықтың күшi – бiрлiкте.

Халықтың үні зеңбіректердің дүмпуінен күштірек.

Халық та, жер тәрiздi, – кәрiлiктi бiлмейді.

Жол жолмен қосылады, халық халықпен қосылады.

Халық халыққа жау емес.

Су жүрген жер береке,
Ел жүрген жер мереке.

Халыққа қарсы жүру - ағысқа қарсы жүзу.

Көптің қолы көкке жетеді.

Халық — қазы, еңбек — таразы.

Халық сүймес, халық сүйген — суға батпас, отқа күймес.

Халық сыны қатесіз.

Халықтан бөлінген қараң қалар.

Халық түзетпегенді қалып түзетпейді.

Халықтың құшағы кең.

Халық ұйғарса хан түйесін сояды.

Ел жаусыз болмас,
Жер таусыз болмас.

Ел - жүртыңның қадірін,
Іс түскенде білерсің.

Cары тонның қадірін,
Қыс түскенде білерсің.

Тозған елді там жияр.

Толған ел тарихын таспен жазады,
Тозған ел тарихын жаспен жазады.

Шетте жүріп тарығарсың,
өз еліңді сағынарсың.

Іргесі берік елді жау алмас,
Дауысы бірге елді дау алмас.

Халық - дана.
Халық қартаймайды,
Қара жер қартаймайды.
Халық айтпайды,
Айтса, қалт айтпайды.
Халық ұйғарса, хан түйесін сояды.
Халық қаһары қамал бұзады.
Халық сүймес, сүйгені суға батпас, отқа күймес.
Құдайдың қарғысына ұшырасаң да,
Халықтың қарғысына ұшырама.

Халық ханға бағынғанда - бала,
Ашуланғанда - әке.

Халықтан аспа, жамандыққа баспа.

Халық аузына қақпақ қойып болмайды.
Халыққа қарсы жүру - Ағысқа қарсы жүзу.

Халық көздегіні ғана емес,
Көңілдегіні де көреді.

Халыққа түзелмеген,
Қалыпқа да түзелмейді.

Халықты дана қосады,
Әйел мен ерді бала қосады.

Өсер халықтың арманы көп,
Өшер халықтың жанжалы көп.

Қатардан ассаң да, халықтан аспақ жоқ.

Атыңнан айырылсаң да,
Ер - тоқымыңнан айырылма
Қатыныңнан айырылсаң да,
Қазан - ошағыңнан айырылма
Қазан - ошағыңнан айырылсаң да,
Халқыңнан айырылма.

Аспанда Күн жалғыз,
Жерде Ғұн жалғыз.

Татсыз түрік болмас,
Түріксіз бөрік болмас.

Қазақ түрік емес,
Қазақсыз түркі емес.

Қарға тамырлы қазақ.
Қазақ ауылы қарайлас,

Шеру соңы орайлас.
«Қазақ» десең, өзіңе тиеді,
«Соқыр» десең, көзіне тиеді.
Қазақ, қырғыз бір туған,
Сарт шіркінді кім туған?
Қазақ қартайса, түйе бағады,
Қарақалпақ қартайса, томар қазады.
Түйеге мінген қазақ
Төрт ауыз өлең біледі.
Ноғай, қазақ - бір кісі.
Қазақтың айраны көп,
Орыстың мейрамы көп.
Қазақ байыса, қатын алады,
Өзбек байыса, үй салады.

Сары орыс, сары орыстың бәрі орыс.

Кәрі орыс мұсылман болмайды.
Орыстың ойыны жаман,
Шошқаның мойыны жаман.
Орыспен жолдас болсаң,
Жаныңда айбалтаң болсын.
Қара қытай қаптаса,
Сары орыс өз әкеңдей көрінер.
Қытай көп пе, қыпшақ көп пе?
Өзбек - өз ағам, сарт - садағам.
Өзбектің кигенін ал, Қазақтың мінгенін ал.

Қара жердің қадірін,
Ойда, қырда сарт білер.
Керқұланның қадірін,
Ойда, қырда қақ білер.
Қазақ жаманы орыс бола алмайды,
Орыс жаманы қазақ бола алмайды.
Татарға тілмәш керек емес.
Түрікмен төрін бермес.
Қалмақ жүрген жерде салмақ бар.
Ұлы жүзді қауға беріп, малға қой,
Орта жүзді қамшы беріп, дауға қой,
Кіші жүзді найза беріп, жауға қой.
Арғын - ағаң, қыпшақ - жағаң,
Қаңлысыз қабыл болмас тобаң.
Келелі елде қаңлы бар,
Қаңлыны хан көтерер.
Арғын деген арыспын,
Азуы алты қарыспын.
Арғын - адыр, қыпшақ - шадыр.
Қаңлысыз хан сайланбайды.
Қаңлыдан өзге хан болмас.
Керейден ұл туса,
Алашқа күн туады.
Білсең қызайыңмын,
Білмесең Құдайыңмын.
Айна айна емес, халық айна.
Өз халқының қарғысын алған,
Өзге халықтың алғысын алмас.

Еріккен сарт етегін уқалайды.
Сарттың жаманы «қазақ болам» дер,
Қазақтың жаманы «сарт болам» дер.
Естімеген елде көп,
Есек мінген сарт та көп.

Ожырай көшсе орнынан,
Жаппас қонар жұртына.
Ауылда адам бар болса,
Ауыл ала болмайды.
Ел иесі құт болса,
Халқы ала болмайды.
Жауыңды басындырма,
Халқыңды ашындырма.
Құдай қарғысынан халық қарғысы қапалы.
Халқым дегенді Құдай да қолдайды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×