Сайтқа кіру Тіркелу

Өмір туралы мақал-мәтелдер

Көп жасап, күміс болғанша
Аз жасап, алтын бол.

Қорлық өмірден
Ерлік өлім артық.

Тізерлеп өмір сүргеннен
Тіке тұрып өлген артық.

Тәтті өмірдің сұрауы қатты.

Көңіл жақсы болғаны – өмір жақсы болғаны.

Түстік өмірің болса,
Кештік мал жина.

Өлімнен басқаның ертесі жақсы.

Көшемін деп отыныңды тауыспа,
Өлемін деп азығынды тауыспа.

Балалық шағы — патшаның тағы.

Жас — кәрінің көзі,
Кәрі — жастың тезі.

Көп қарттың ішінде бір бала дана болар,
Көп баланың ішінде бір қарт бала болар.

Кәрісі кімнің бар болса,
Хаты соның қолында.

Көп жасаған көмбенің үстінен шығар.

Кәрілік — дауасыз дерт.

Жастыққа да кәрілік бар,
Байлыққа да жарлылық бар.

Жастық – желік.

Кәрілік сені қайтейін,
Сөйлер сөзге мерт ерттің.

Кәрі білгенді пері білмес.

Сексен дегенше, жермен жексен де.

Соқыр ұстағаннан айырылмайды.

Ұлы бардың - ұрпағы бар.

Соқырға күн де қараңғы, түн де қараңғы.

Өмірден көзің кетсе де,
Сөзің кетпесін.

Кісіден сұрағаннның көзі шығар,
Құдайдан сұрағанның бүйірі шығар.

Адам мен табиғаттың тілдескені - өмірдің үндескені.

Өтпейтін өмір жоқ, сынбайтын темір жоқ.

Өмір озады, ажар тозады.

Доссыз — өмір тұл,
Махаббатсыз — өмір тұл.

Жұмысы жемістінің —
Өмірі келісті.

Уақытыңның босқа өткені —
Өміріңнің бос кеткені.

Өмір қартайса да,
Көңіл қартаймайды.

Өткен өмір –
Өшкен көмір.

Өлім — ойран,
Өмір — майдан.

Кебін кигеннен түңіл,
Кебенек кигеннен түңілме.

Өлім деген ойран,
Өмір деген майдан.

Адам өмірге
Иықтап келеді,
Кетерінде «ұйықтап» кетеді.

Махаббатсыз өмір тастақта өсіп қурап қалған ағашқа ұқсас.

Өмірде із қалдыру балалықтан басталады.

Өмірге риза болып, алғыс айт.

Өмір өтер, жас өсер.

Өмір – үлкен мектеп.

Өмір — теңіз,
Еңбек — егіз,
Ақыл — сегіз.

Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.

Отанға опасыздық еткенің
Өмірден қаралы боп өткенің.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×