Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

8 наурызға арналған тілектер, құттықтаулар

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке - бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі. Қымбатты ханымдар! Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл - күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш - жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасыларыңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін!

Ақ самайлы әжем,
8 Наурыз мерекесі құтты болсын! Жан жадыратар қуаныштарың мол болсын! Асыл армандарың орындалып, денсаулығың мұқалмасын!
Балалар жетіп мұратқа, немерелер...
Қызығын тауыса алмай кенеле бер.
Әже, саған тілеймін ұзақ ғұмыр,
Жүзден асып, жүзге де келе берер.
Әр таңың арайлап атып, күнің нұрға толсын! Көктем мерекесі көңіліңе қуаныш сыйлап, жүзіңе нұр шашсын! Шаңырақтың берекесі таусылмай, ортамызда ақылшымыз болып отыра бер!

Аяулы анам, сені көктемнің 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын! Мереке күні адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін! Асқаралы атақ пен берекелі беделің болсын, ана!
Маған арнап бар асылды жинадың,
Мейіріміңді, жүрегіңді сыйладың,
Әлем сенің табаныңда бас иер,
Жан анашым, құтты болсын мейрамың!
Саған сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын! Әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атағың биіктей берсін! Әрқашан шаңырақтың берекесі, ырыстың ұйтқысы болып, жанұяның жылылығын сақтай бер!
Бақытты да баянды өмір кеш, әлемдегі ең керемет АНА!

Қыздар, қызғалдақтар, мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып қала беріңіздер! Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін! Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын! Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін!
Жанарына сыр тұнған,
Жүрегінде жыр тұрған.
Құтты болсын мерекең,
Қызғалдақтар құлпырған!
Әрқайсыңыздың жан - жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік айнымасын! Дидарларыңыздан арай тарап, ажарларыңыздан шешек атсын, қыздар!

Әпке, халықаралық әйелдер күні құтты болсын! Уақыттың биігінен, мезгілдің мінберінен көріне бер! Аспаныңыз ашық болсын! Ыстық сезімің суымасын! Бақытты бол, бай бол! Ғұмырың ұзақ, махаббатың баянды болсын! Құлағанда сүйенген аяулы әпкем, менің тірегім, бұл мереке саған бар бақытты себелесін!

Қарындасым, 8 наурыз мейрамыңмен! Ұйқың шала болса да, күлкің шала болмасын! Күліп - ойнап, еліктің лағындай еркелеп жүре бер! Жүзіңдегі шаттық кірлемесін! Үздіккен арман, үзілмес үміт тілеймін! Ақ бұлақтай мөлдір, Күн нұрындай жарық бол! Басыңа бақ құсы қонсын! Ағаларыңа сүйеніш, анаңа қамқоршы бол!

Сүйіктім! Аяулы аруым! 8 наурызыңмен құттықтаймын. Жан дегенде жалғызым, басымдағы бағым, өмірімнің сыйы, саған бұл мереке ғаламның бар асылын әкелсін! Екеуміздің кіршіксіз махаббатымызға дақ түспей, ғұмыр бойы бақытты өмір кешуге жазсын! Сүйгенім, өзіңді бұл күні ғана емес, мәңгі сүйіп өтемін..
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
8 наурызға арналған тақпақтар

8 наурызға арналған тақпақтар

Әйел – сұлу, әйел – Ана, жалғаушы, Бала өсіріп, тәрбиелеп барлаушы. Мейрамыңыз құтты болсын, бақ берсін, Отбасының жайын ойлап қамдаушы....
8 Наурыз мерекесіне арналған өлең шумақтары

8 Наурыз мерекесіне арналған өлең шумақтары

Құттықтаймыз аналарды, қыздарды, Мерекеден шуақты бір із қалды. Болсын әркез көтеріңкі көңілдер, Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!...
Жаңа жылға арналған құттықтаулар

Жаңа жылға арналған құттықтаулар

Барша қазақстандықтарды жаңа жылдарымен құттықтаймын! Жаңа жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз...
Құттықтау - тілек: Туған күнге (Жолдас, дос, құрбы, жан дос)

Құттықтау - тілек: Туған күнге (Жолдас, дос, құрбы, жан дос)

Тілеймін бұл өмірде бақыт саған, Тілеймін асқақ ойлы, нұрлы арман. Тілеймін шын махаббат, адал достық, Тілеймін бұл өмірде сәтті қадам!!!...

"Аналар - күн шуағы"

Мақсаты: Ата - анаға құрмет тәрбиенің ең маңыздысы. Кішкентай кезінен - ақ балалардың бойына соны сіңіруі. Оқушыларға 8 - наурыз аналар мерекесінің...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету