Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ұстаздар күні! Мұғалімдер күніне арналған құттықтау-тілек

Ұстаздар күні! Мұғалімдер күніне арналған құттықтау - тілек

Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль-Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлығып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылмемен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!
Құрметті ұстаздар сіздерді шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Ұзақ өмір, қажымас қайрат, таусылмас бақыт, ұзақ өмір, зор денсаулық, талмас қанат тілейміз!!!

Мұғалімдер күніне арналған құттықтау - тілек Құрметті ұстаз қауымы!

Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде.
Мұғалімнен өнеге - білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады.
«Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»…
Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер.
Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады.
Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз.

"Нұр Отан" ХДП Астана қалалық филиалының құттықтауы

Құрметтi, елордалық ұстаздар! Сiздер Астананың төрiнде отырып, бас қаланың балаларын оқытуда талмай еңбек етiп, бiлiммен сусындатып, елiмiздiң дамуына атсалысып келесiздер. Соңғы онжылдықта елордалық бiлiм жүйесiнiң қарқынды да нәтижелi дамуы бүкiл елiмiздiң бiлiм ошақтарына үлгi боларлықтай болды.
Мұның барлығы, мына отырған сiздердiң арқаларыңыз.
Баршаңызды бүгiнгi мерейлi мерекелерiңiзбен құттықтаймыз!

Құрметті ұстаздар!

Тамаша мереке - Мұғалімдер күні қарсаңында өзіміздің сүйікті ұстаздарымызды осы бір айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын.
Біз білім ордасы - мектеп табалдырығын аттап, онда қазықты да терең білім алып, тылсым дүниені таныдық.
Ұстаздарымыз бізді білім тұңғиығынан нәр алдырып, қажырлыққа, ізгілік пен адамгершілікке баулыды, табандылықпен еңбек етіп, алдымызға биік мақсаттар қоюды үйретті.
"Ұстаз, сенің алдыңда бас июге рұқсат ет!" - деген көпке танымал өлең жолдарында осы бір жанкешті абзал жандарға деген ұланғайыр алғыс көрініс тапқан. Құрметті Ұстаздар, бүгін сіздердің мерекелеріңіз!
Мына гүл шоқтары сіздерге! Сіздерге денсаулық, бақ - береке тілеймін.
Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!


"Алты алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын - мұғалімдікі"

Ұлт ұстазы, қазақтың өткені ғасырдағы руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы: "Мектептің жаны - мұғалім.
Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім"- депті.
Арада бір ғасыр өтсе де, Алаш арысының бұл сөзі әлі күн тәртібінен түскен жоқ.
Отанымыздағы миллиондаған балаға білім үйретіп, тәрбие тағылымын дарытып келе жатқан мыңдаған мұғалім қауымын төл мерекесімен құттықтаймыз! Өзінің ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтың тәлімгері сіздерсіздер! Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата - анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше, Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы - білімді адам. Тек өз Отанымыздағы білім үрдісімен шектеліп қалмай, әлемдік білім кеңістігіне шығу жолындағы қадамдарыңыздың өзі бәсекелестіктің бағын ашады.


Әл Фараби бабамыздың тәрбиесіз берген білімнің нәтижесіз болатынын көрегендікпен айтқан, тәрбие мен білім беру ісін таразының басындай тең ұстауды ұмытпаңыздар!
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Ұстаздар күніне арналған қызықты сценарий

Ұстаздар күніне арналған қызықты сценарий

Жаңа оқу жылы мұғалім қауымы үшін үлкен мереке. Қазан айының бірінші аптасы ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесі болып табылады. Мереке қарсаңында...
Ұстаз, мұғалім күні мерекесімен құттықтау тілек

Ұстаз, мұғалім күні мерекесімен құттықтау тілек

Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін....
Мұғалімдер арасында

Мұғалімдер арасында "Екі жұлдыз" мұғалімдер күніне орай

Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!...
ұстаздар күні

ұстаздар күні

Ақтөбе қаласы №34 орта мектебі Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Нұртазина Бағдагүл Жақсылыққызы...
«Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы»

«Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы»

Мұғалім, ғазиз мұғалім, Сарқылмас мәңгі бұлағым Ұланың бүгін тойыңда, Арнайды саған бұл әнін....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету