Сайтқа кіру Тіркелу

1 қыркүйекке арналған тақпақтар

Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.

Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.

Биыл мен де мектепке
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.

Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз.


Білім керек бәріне,
Балалардың бәріне.
Білімі болмаса егер де,
Жолы болмас өмірде.
Білім керек әрқашан,
Өмір бой бәріне.
Сондықтан да балалар,
Білім алайық бәріміз.
Соның үшін балалар,
Білім керек бәріне.

Мектеп – қамқор анамыз
Оқып білім аламыз,
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз!

Өмірімнің көктемін
Сенде өткіздім деп келдім,
Алтын ұя - мектебім!
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім,
Асыл – анам мектебім

Айналайын балғындар,
Алға бағыт алғындар
Ертең өсіп толыңдар,
Ел мақтаны болыңдар,
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың


Бірінші қыркүйек күнімен.
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алар мектебім,
Сүйкімді қоңырау үнімен..

Отанның біз ұл - қызы
Халықтың біз жұлдызы.
Оқимыз ақын - жырларын,
Оқимыз еңбек сырларын.

Қоңырау сыңғырла, асыға
Үн қосқан қиядан асуға
Білім ал, еңбек ет жас ұлан
Өрле сен биiк шың басына.

Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма
Күлкідей әсем сылдырлап
Бөбекті жиды маңына


Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын.

Мектебің мынау, классың
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың...

Соқ, соқ қоңырау
Сыңғырлайды қоңырау
Сылдырлайды қоңырау
Сыңғырлайды, сылдырлайды алғашқы
қоңырау!

Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау.

Жыл он екі ай – үш жүз алпыс,
Бірде - бірі жатсынбасын ешкім де.
Үш жүз алпыс күннің бірі – білгенге –
Білім күні!
Сенің де ойың өсті ме?!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×