Сайтқа кіру Тіркелу

Жиырма жылдық кездесу

Жиырма жыл, жиырма жазың, жиырма көктем,
Жиырма жыл осы шақты жырлап өткем.
Жиырма жыл, жатыр сонда бар тағдырым,
Қас-қағым болғандай-ақ зырлап өткен.

Күн келді түлек әні шырқалатын,
Тарихтан жиырма жылдық нұр таматын.
Келді олар артта қалған балалықтың
Ән қылып көтерсем деп шырқап атын.

Тағдырын тура жазып өткеніне,
Келгендей бала кездің көктеміне.
Оралды олар, міне, ұстазына,
Оралды олар, міне, мектебіне.

Сағым жыл жанға алаулы жағар отты,
Олар да күні кеше бала бопты.
Бүгін де жігіттері әке атанып,
Қыздары сәбилерге ана бопты.

Емес пе ед кеше оларды бала көрер,
Өзгертіп уақыт та сала берер.
Есейіп, ержетсе де, ұстаздарға
Әлі сол түлек болып қала берер.

Осы ғой өмірдің де нандырмағы,
Жұлдызын жарқыратып жандырғаны.
Жиырма жыл - жиырма көктем, жиырма жазда
Сан түрлі болды олардың тағдырлары.

Сан түрлі өтті олар өткелдерден,
Ызғарлы, өтті-дағы көктем күннен.
Жиырма жыл ғұмырдан соң сағынышпен
Бас қосты сыр айтуға өткен күннен.

Тергендей бала шақтан дала гүлін,
Олардың ұқшы сырын дара бүгін.
Жиырма жыл бұрын қалған осы жерде
Іздеп тұр олар қазір балалығын...
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×