Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Әпкеге тілек

Демейміз күн күңгірт боп, таң адасты,
Сонда да, әпке, шаттық, мұң араласты.
Біздің үйден басталған бір соқпақ жол
Сені бізден бақытқа ала қашты.

Ала қашты, қайтейік, шаттығыңа,
Ұзатып салды өзіңді бақ қырына.
Қарамайды екен-ау қыз бақыты
Босағаның бөгделік, жаттығына.

Бұйыртқан содан қыздың несібесін,
Елемесең, өмірден кешігесің.
Ілестің сен де, әпке, бүгін, міне,
Сол бақыттың мәңгілік көшіне шын.

Ілес, әпке, соңыңа қарамағын,
Сонда ырғақты, бақытты болады әнің.
Түтіні түзу ұшқан өз үйіңде
Желбіреп жүреді енді орамалың.

Қалдырып қимас сәтін қыз күніңнің,
Толқытып, артқа тастап бізді бүгін.
Барасың, әпке, асығып бақытыңа,
Жар болу дегендей-ақ ізгі ұғым.

Барасың іштегі бір қозғап үнді,
Тойыңда тілекшіден сөз де ағылды.
Сағынып жүресің-ау енді, әпке,
Куәсі қыз күніңнің - өз бағыңды.

Белгілі босағаңды бағаларың,
Жарыңмен тату болсын араларың.
Сол бағың - сүйген жардың шаңырағы,
Таққан соң келіндіктің орамалын.

Жұбайлық жолдың солай ізгі өрнегі,
Ойлаттың бақыт жайлы бізге әрнені.
Сол баққа соқпақ салар әрбір қыздың
Тұтамдай екен, әпке, қыз-дәурені.

Білемін, әпке, өзің де бағаландың,
Бақ жолын жүрегіңмен қалап алдың.
Аттайсың енді өзге босағаны,
Сезесің қасиетін орамалдың.

Бағыңа өмір дейтін қосады ағын,
Мінсіз боп тұрсын әрбір жасағаның.
Сенемін, әпке, саған, өзің аттар
Ұғасың қасиетін босағаның.

Тілекші саған, әпке, бәрі бүгін,
Қарсы алар бақытпенен таңы гүлін.
Шақырды сол таңыңа қыз соқпағың,
Ендігі түсінер деп жар ұғымын.

Сің, әпке, сол жұртыңа бағалан да,
Өмірдің жаман жағын қалап алма.
Сыйлай біл келіндіктің қасиетін,
Қастерлеп түйген бақыт-орамалға.

Десе де жылды - сынақ, уақытты - сын,
Шын сезім өз бақытын татыпты шын.
Өмірде қол ұстасқан сүйген жармен
Әпке, сен, шынында да, бақыттысың!

Қарамай пенде-ғұмыр күйбеңіне,
Барасың өзің қалап сүйгеніңе.
Бақ қонсын, бақыт қонсын әрдайым да
Сендердің шаттық толы үйлеріңе.

Бойжеттің, ақыл - серік, адаспадың,
Ұнайды сүйгеніңмен жарасқаның.
Сіңлің тілейді енді өздеріңе
Осынау соқпақ-жолдың бақ ашқанын.

Сендер жақ болсын бақыт, бақ алаңы,
Жұлдызың жоғарылап барады әлі.
Құт болсын өмір бойы, әпке, саған
Сен таққан бақытыңның орамалы!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Екі тышқан

Екі тышқан

Бірде шайдай ашық күні үй тышқаны еденнің астынан жүгіре шығып, орманның шетінде бұлақтың арғы жағындағы інде тұратын туысы дала тышқанына қыдырып...
Гүлі едің аялаған ата-ананың

Гүлі едің аялаған ата-ананың

Отбасы - адалдық пен алғыс бағы, Қос жүректің сүюі, жан құштары. Балапандай көруші еді сені өмірде, Ұядан тұрсың ба енді сен де ұшқалы....
Қазақтың туыстық атаулары

Қазақтың туыстық атаулары

Қазақ халқының туыстық атауларын біліп жүрейік. Көптеген жастар жиен мен жиеншарды ажырата алмай жатады. Сондықтан жастар туыстарыңызды қалай...
Назым - чемпион

Назым - чемпион

Алматы облысы. Райымбек ауданы, Сарыжаз орта мектебінің 8 сынып оқушысы Даркенбаева Мадина 2014 жылы Қазақстан тарихында 1 - рет бокстан әлем...
Д.Исабековтың «Әпке» драмасы тақырыбына өтілген сабаққа рефлексия

Д.Исабековтың «Әпке» драмасы тақырыбына өтілген сабаққа рефлексия

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Абай атындағы № 3 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сырлыбаева Қызыл-гүл Алимовна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету