Сайтқа кіру Тіркелу

1 Наурыз - Алғыс айту күніне арналған өлең шумақтары, тақпақтар

Анама алғыс!
Жанарымды жайнатқан жөргектегі елде.
Еңсесі түзу жан болар ма едім?
Құба талды бесігін тербетпегенде.
Түн ұйқысын тәркі етіп тынымсыздыққа
Қуанышы тасыған еңбектегенде.

Әкеме алғыс!
Ұл болсын деп тілеген
Ер Түрігімдей.
Өмірімде бөрідей болуға баулып
Қойынына басатын бөлтірігіндей.
Бақытым болар жырымды жария етсем
Әуелеген әкемнің еркін үніндей.

Ағаға алғыс!
Ұзай кетсем ойлайтын қамымды менің.
Бір бәлеге тап болса құрсақтастарым
Қапсырмалап, қысатын жанымды демім.
Бауырларым болмаса тірегім болған
Осыншама айбатты, арынды ма едім?!

Әпкеге алғыс!
Нұсқауымен көрсеткен кәделіні ұқтым.
Анамыздан айнымай туылғаннан ақ
Иесіне айналған әдемі үміттің.
Өшірмейтін жарығын мына әлемдегі
Белгісі болып жаралған әдеміліктің.

Ініге алғыс!
Жалғасы болып өмірдің тұратын күліп.
Деп жүреді:"Ардақтап көтеремін мен
Атамыздың аманат, мұратын биік"
Қиындыққа кезіксе соққы болатын
Менің жаным ол үшін тынатын күйіп.

Ұстазға алғыс!
Бағым жанып, батылмен бел асқаныма.
Төзіндіріп өмірдің талаптарына
Ниеттеген арманның ең асқағына.
Арқасында ұстаздың даналар баққан
Ой - өрісім бұл күнде тең аспаныма.

Сүйгенге алғыс!
"Үйленуге біздерге ерте" деп маған
Айтып жүреді, керемет күндер тілейді
Шығыс жақтан ңұрланса ертелеп далам.
Көздерінде бар әлем әрленіп қалып
Күлімсіреп тұрады еркелеп маған.

Досыма алғыс!
Бірге қарсы шығатын қиындықтарға.
Ең бақытты ер болып жүретін едім
Қысылғанда достарым күйімді ұққанда.
Көтеретін еңсемді егіліп, талсам
Жақсылықты жамандық зұлым жыққанда.

Еліме алғыс!
Балаң едім батаңмен жанатын бағы.
Нәтижесі тілектің өзіңнен туған
Мына ұлыңның ақын болып жаратылғаны.
Қол жеткізіп еліме тарту етемін
Биіктікті қыранның қанатындағы.

Өмірге алғыс!
Өнегеңді түсіндім бар күшімменен.
Айналайын, тағдырым, қасиетіңнен
Келіп тұрар бетіме қарлы шыңменен.
Шабыттанған жаныма жауап қатқайсың
Ей, өмірім, алғысқа - алғысыңменен!!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Алғыс айту - парызым!

Алғыс айту - парызым!

Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет...
Ризашылық пен алғыс

Ризашылық пен алғыс

Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; - үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;...
Алғыс айтып өтем саған

Алғыс айтып өтем саған

О бастан-ақ Мен Сен болғам, Сен, әрине, Мен едің, Екеуміз қос желкені едік достық атты кеменің....
Алғыс айту күні

Алғыс айту күні

Тарихымның сан тарау парақтарын, Асықпай ой көзіммен парақтадым. Елімнің кешіп қиын қыстау кезеңін, Басымнан өткердім мұң, азап таңын. Соңғы нанын...
1 наурыз алғыс айту күніне арналған өлең, тақпақтар

1 наурыз алғыс айту күніне арналған өлең, тақпақтар

Күндіз-түні еркелеткен күнім деп, Əрқашанда мейірім төккен күлімдеп. Ақ жаулығы желбіреген апатай, 1000 алғысын айтады күнің кеп! Немере ыстық екен...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×