Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Анаға тілек

Жеткізіп арманға жол күні бүгін,
Бақ құшты қызың менен бүгін ұлың.
Болғанмен бар болмысың қарапайым,
Байқалып тұрады, ана, ұлылығың!

Болмасын дедік те әр кез жүзі мұңды,
Еңбекті ұл, бейнетіңді қыз ұғынды.
Қылсын деп ұзағынан отырасың
Тәңiрден сұрап алған қызығыңды.

Жан-жағың толып бізбен бүтін бүгін,
Болғанда күнiң сәтті - ұтымды күн.
Сонда әр кез тәңіріңе тәуба десiп,
Тіліңнен үзілмейдi шүкірлігің.

Қызығын қызықтаумен немеренің,
Есте әр кез ақ бесікке бөлегенің.
Қуандың талай тойда шаңырақ пен
Жазылған шаттығына керегенің.

Оятып болашаққа сенімдерін,
Өзіңді қадiр тұтты келіндерің.
Бәйек боп жүресің-ау, ұрпақтардың
Болмаса дегендей-ақ көзінде мұң.

Болғандай тіршілікте бағың бала,
Ұл-қызың - өмірдегі тауың дара.
Солардың қызығына куә болып,
Аман жүр ортамызда, ауырма, ана!

Бекітіп шөбереңнің бұғанасын,
Той болсын әлі талай ұлан-асыр!
Қызықтап сол тойларда отырсыншы
Қазақтың қарапайым бір анасы!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қызының анасына құттықтау тілегі

Қызының анасына құттықтау тілегі

Шаттық күлкі жүзде ойнап тұрған күн Қуандың да, сол шаттықпен нұрландың. Мама, өйткені бүгінгі күн сен үшін Ақ тілектер тасқындайтын туған күн....
Достар тілегі

Достар тілегі

Сен туған күн жүзге нұр боп бірге енді, Шаттық күнді тойлайтұғын күн келді. Сол үшін де барлығымыз қуанып, Достығымыз жаңарған бір түрге енді....
Жездеге тілек

Жездеге тілек

Жарқырап осы күнмен айдын бағы, Тағы да қуанышта ой туғаны. Жездеміз мерей жасқа толып отыр, Шаттықтың сезіледі той-думаны....
50 жасқа толған Әкені қос қызының құттықтауы

50 жасқа толған Әкені қос қызының құттықтауы

Қалдыратын жақсы әсермен бүгін із, Папа, сіздің бүгін туған күніңіз! Сіз 50 - ге толғанда, Әке, жырменен Құттықтайды сізді ерке қос қызыңыз. Әрқашан...
Дастарханға бата беру, ас қайыру

Дастарханға бата беру, ас қайыру

Дастарханың бай болсын, Қазан - аяққа май толсын. Төрт түлігің сай болсын, Көңілің толып жай болсын. Ұлың қонып ұяға, Қызың қонсын қияға. Келінің...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету