Сайтқа кіру Тіркелу

Соңғы қоңырау тілектері

Түлектерге арнау
Құрметті 2023 түлектері!
Барасыздар өмірді гүл еткелі.
Әр жылы осы күні қимастықпен,
Соғады ұстаздардың жүректері.

Көңіл толқып жанады осы күні,
Түлектерім, есте сақта мәңгі мұны.
Болашақтың үміті сендерсіздер,
Алтын күннің таратылған сәуле, нұры.

Жүректерге нұр құяды асқақ үміт,
Болашақ күтер сендерді жүзі күліп
Мақсат көздеп ұмтылған сара жолың,
Жарқын таңға жеткізер бір тұңғиық.

Түлектер, ашық болсын таңдарыңыз,
Аға жол ғой біздің де таңдарымыз.
Сіздер салған білімнің көпірімен,
Талай биік шығамыз шыңға әлі біз.

Бүгіннен басталады жаңа белес,
Қайғы менен қуаныш та тұр ғой дөңес.
Бітіргелі отырған әрбір түлек,
Ешбір асыл тұяғынан төмен емес.

Түлегім, қане, шабыттаншы, мұңайма,
Қабілетіңді көрсет мынау маңайға.
Сен биіксің, бағындырар белесті,
Жігерлі бол, үлгісің сен талайға.

Ұстаздарға тілек
Басқару да оңай емес алтын-ұя мектепті,
Мақсатыңыз биік сапа, асқар шыңға жетпек –ті.
Ескендір ағай, ұстаздарды асқақ жолға жетелеу,
Қолынан ғана келеді тұлғалардың сіз текті.

Орындалсын ұлы мақсат, оңала берсін ісіңіз
Біз де сіздей жаны жайсаң асылдардың ізіміз.
Шәкірттерге жол сілтейтін мамандардан құралған,
Ұстаздардың басшысы да, қосшысы да өзіңіз.

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

Асылдан да жақын болған жанымызға,
Мейірім құсы болдыңыз басымызға.
Бар көмегін аямаған әрқашан да
Бақыттымыз өзіңіздің барыңызға.

Армандарға жеткейсіз сіз жырлаған,
Шәкіттерміз жыр шашуын жолдаған.
Гүлнар апай, жарқын болып ертеңгі күн,
Жан болыңыз мақсатынан таймаған.

Өмір сүріңіз жасыңыз жүзге келгенше,
Ана, батыр, ұстазсыз сіз бәрімізге.
Жақсылардан үлгі алған біздей жанға,
Өзіңізден білім алу зор мәртебе.

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

Жүректерді от боп шарпып жанады,
Қуаныш пен қимастықтың алауы.
Шәкірт үшін әр уақытта сақталар,
Жетекшінің езу тартқан жанары.

Сыныбымыз бірлікпенен ұйысқан,
Теріскейден жақсыға бет бұрысқан.
Жамал апай, өзіңіздің арқаңыз,
Көрсете білген әр уақытта нық ұстам.

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

Аманбибі апай, ардақтысыз бәрімізге,
Сіздей жанның орны бөлек біз үшін де.
Әрқашан боп тұрдыңыз шамшырақтай,
Жетекшілік жасаған осы жыл ішінде.

Жанарларды түйістірер сан арман,
Барлық үміт армандардан жаралған.
Санаға құйған білім менен тәрбие,
Сан қайталап кездеседі әлі алдан.

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

Сан тамырды мың иілтіп жаралған,
Туған тілім бойымызға таралған.
Сол құндылық тамшыдайын кезінен,
Замира апай, Асем апайдан нәр алған.

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

Тәрбиенің, тал бесіктің бұлағы,
Біздің мектеп - мейірімнің тұрағы.
Ботагөз бен Альбинадай апайлар,
Ұлтымыздың жанып тұрған шырағы.

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

Тазалық та, тәрбие де, тәртіп те,
Үшеуі де сақталады мектепте.
Біреуін егер сақтамасаң бір минут,
Қара тізімге ілігесің әп-сәтте.
Раушан менен Әйгерім апай алдында,
Тәрбиесіз, ерсі қылық көрсетпе.

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

Бірі әнші қалықтаған дауысты,
Бірі маман бағындырған табысты.
Гүлмира атты екі апайдың кезінде,
Кез келген іс өз орнын тауыпты.

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

Тарихымның үйретіп сан қырларын,
Жаттаумен оны атты талай таңдарым.
Гүлфайруз апай, Нағашбай ағай бар болса,
Еңсереміз жартастың биік сындарын.

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

Алгебраның көп қой бізге берері,
Математика деген өмір тілегі.
Жансая, Айжамал, Балтөре сынды ұстаздан,
Тәлім алды мектебімнің өрені.
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

Ғаламшардың сан мыңдаған қатпары,
Қандай ғажап бүгінгі күннің атқаны.
Феруза апай мен Тынығай апай үйреткен,
Біз боламыз еліміздің мақтаны.
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

Әр баланың мінезі де көп делік,
«Өзін-өзі тану» жүрер тер төгіп.
Психолог Тілекші апаймен сөйлессең,
Қала алмайсың ішіңде бір сыр бүгіп.

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

Жұмахан ағай, ер жігіттің нарысыз,
Қандай жақсы өзіңіздің барыңыз.
Отан қорғау қызметіне дайындар,
Ер жігіттің жанына жалау бағысыз.

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

Сейілтіп дене құрысы мен тұрысын,
Дене пәні үйретеді дұрысын.
Мира ағай мен Айнұр апай жетелеп,
Жеткізе берер ұрпақтың адал жеңісін.

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

Жол ашып алға, қиялымды ұштаған,
______ апай, сеніміңіз күш маған.
Жұлдыздай жарық үлгі тұтқан өмірде,
Ұстазымсыз шыңына таудың бастаған.

Алда талай бағындырам белесті,
Қайрат ьтасып, айдарымнан жел есті.
Маған берген жауһар, асыл ойыңыз,
Ешқашан да тартпақ емес көмескі.

Артта қалсын мейлі өткен жыл ескі,
Сол күндерім қатілікті түгесті.
Маған артқан жалғыз сенім бар болса,
Бағындырам әлі талай белесті.

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

Жүрегімнің жанып бүгін шырағы,
Орнғандай сенімнің шын тұрағы.
Дәл бүгінгі қуаныштың, жеңістің,
_____апай, сіз болдыңыз жыр әні.

Көңлім тасып, қуандым мен бүгінде,
Бәйге алдым шалқып-тасқан күнімде.
Осы жеңіс сіздің ғана арқаңыз,
Жадыраңыз отбасы мен өмірде.

Өлеңдердің авторы: Камшат ЖҰБАТХАНОВА
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
Шоғы батыр атындағы №5 орта мектептің 10-сынып оқушысы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×