Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

50 жас туған күнге құттықтау

Ердің жасы елу жас, біреуге аз, біреуге көп уақыт, қалай болғанда да алланың берген жасын жасап, деніміз сау болып туған-туысымыздың қасында жүре берейік ағайын! Туған күн құтты болсын!

Құтты болсын мерей той, 50 жасың
Әр уақытта домалап өрге тасың,
Қосағыңмен қоса ағарып, шөбере сүй,
Ешқашанда көңіліңді кір шалмасын.

Тілерім ашық аспан, жұлдызды түн,
Жылдан жылға жақсарып денсаулығың
Немерелеріңнің қызығын қызықтай бер,
Атанып куәгері алтын тойдың.

50 деген жарты ғасыр бұл өмірде,
50 деген алтын той некеліге.
Елу жылда – ел жаңа деген сөз бар
Сол елуге өзің де келдің міне.

Қыздарың қиясына қонып жатыр
Келін алып жылы суға қолың батыр
Дүниеге келе берсін Пәленшиевтер
Алданыш қып солармен таңыңды атыр.

Қызмет етіп, жан аға, елге күнде,
Еңбегіңмен биікке өрледің бе.
Зор денсаулық, мол бақыт тілейміз біз
Ердің жасы – елуге келгеніңде.
Зымырандай зуылдап барады күн,
Көңіліңнің қалауын табады інің.
Елу жаста болыңыз ел ағасы,
Бойға жиған бабалар даналығын.

Елуге келіп елге білінгенің,
Ақсақалдық атқа осы ілінгенің.
Қалың елің қаумалап келіп отыр,
Тойларың тойға ұлассын, інім менің!…

Елу – деген жүздің нағыз жартысы,
Елу деген – даналық қой, ол анық!
Оған жетсе елжірейді әр кісі.
Құттықтайды бар ағайын қол алып.
Ұрпағыңыз жүрсін дейміз
аяқ жаққа оралып,
Қуаныштың қамқасына жүріңізші оранып!

Елу жас – ердің жасы
Артта қалды бес асу мен бес белең,
Өрге тартып барады өмір - көш деген.
Елу деген – ердің жасы қызулы,
Жастық шақтың соңғы оттары өшпеген.
Дуылдатып дулы ортаның дүрмегін,
Бір ғанибет жарқ - жұрқ етіп жүргенің.
Елу деген – ердің жасы ең кемел,
Арысым деп арқаланар нұрлы елің.

Жұлдыз жанып, пейіліңе таң күліп,
Күз де жетті сыбаға алып, сән құрып.
Қалпыңыздан айнымаңыз – шат көңіл,
Басыңыздан бақ кетпесін мәңгілік.

Елу деген – ердің жасы еңселі,
Елу деген – парасаттың өлшемі.
Жарқылдасаң самғап ұшқан сұңқардай,
Азамат деп мақтан тұтар ел сені.
Тірлік – теңіз, ес елудің ескегін,
Әнге толсын, күйге толсын кештерің,
Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас,
Қол соғады барша әріптестерің.

Елу деген толы той мен думанға,
Тау секілді көрінеді тұлғаң да.
Құшақ - құшақ гүлін алып келіпті,
Ақ көңілмен бауыр, туыс - туған да.

Елу деген – ес тоқтату, есею,
Елу деген – елдің жүгін көтеру.
Туған күнмен құттықтаймыз өзіңді,
Қанжығаңа ілінсін деп қос елу.

Бір жақсы үлгі көріп әркім сізден,
Теңейді берері көп алтын күзге.
Елу жыл еңсеңізді биік ұстап,
Жүрдіңіз ел алдында жарқын жүзбен.
Елу жас – енді өмірдің басталғаны,
Жетіңіз талай шыңға, асқарға әлі!
Қос жанар – қос балаңыз аман болсын,
Сол емес пе ананың басты арманы!

Не жетсін бақ жұлдызы жағылғанға,
Бастауы берекенің табылғанға.
Биікте болсын әркез жұлдызың деп,
Тілейміз біздің бауыр ….. жанға!
Ауылға құт - береке орнағансын,
Ақтерек ардақтайды бел баласын.
Туыңды туған жерге тігіп едің,
Қыдыр - бақ қалай сені қолдамасын.

Қалдырып артта қалай қиындығың,
Ауылдың кәрі жасын сүйіндірдің.
Бірлікті, тірлікті де сақтаған ел
Шаттықтың шалқытады күйін бүгін.

Қоңыртөбе жағынан жел ескенде,
Есдәулет ақын рухы кеңескенде.
Елін жебеп жүргендей елестейді
Қараш батыр сонау бір белестерде.

Арналсын …жанға ақ - адал күн,
Ер жасы елуіңде бағаландың.
Көркейіп Ақтерегің күннен - күнге,
Рухы қолдай берсін бабалардың.

Тұрғанда тағдыр - талай қыл ұшында,
Ауылдың қалдың сақтап тынысын да.
Жұртыңды жұмылдырып бір тілекке,
Таптың сен жұмысын да, ырысын да.

…жан, сүйіндірді нар талабың,
Халқыңның ақ алғысын арқаладың.
Жаныңның жақсылығы шуақ шашып,
Бөленсін бақыт - нұрға шартарабың.

Тағы да құттықтау, тілектер:

Ұстаз, мұғалім күні мерекесімен құттықтау тілек

1 желтоқсан тұңғыш президент күні құттықтау - тілектер

Тәуелсіздіктің 27 жылдығына арналған құттықтау, тілектер

Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтау

8 наурызға арналған тілектер, құттықтаулар

Тұсаукесер тойына арналған тілек, құттықтаулар

Туған күн құттықтау, тілек айту, досқа тілек

Туған күнге тілек (аға, көке, тәте)

Құттықтау - тілек: Туған күнге (Жолдас, дос, құрбы, жан дос)

Досқа арналған өлең шумақтары

Туған күнге арналған тілектер

Туған күнге тілектер, құттықтаулар
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Туған күнге тілектер, құттықтаулар

Туған күнге тілектер, құттықтаулар

Бүгін менің туған күнім. Ой, бәле-ай! Мына адамдар неге жатыр тойламай?! Банкет жасап берер едім өзім-ақ, Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай....
25 жасқа арналған құттықтау

25 жасқа арналған құттықтау

Құрметті досым 25 жасың құтты болсын. Сені шын жүректен туған күніңмен құттықтай отырып саған зор денсаулық, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін....
8 наурызға арналған тақпақтар

8 наурызға арналған тақпақтар

Әйел – сұлу, әйел – Ана, жалғаушы, Бала өсіріп, тәрбиелеп барлаушы. Мейрамыңыз құтты болсын, бақ берсін, Отбасының жайын ойлап қамдаушы....
Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтау

Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтау

Ашылып ғасырдың бір ақ парағы, Өзіңе Қыдыр дарып, бақ қарады. Жаңа жыл берекелі жыл боп кірсін, Табысқа бастап сені асқаралы!...
Тұсаукесер тойына арналған тілек, құттықтаулар

Тұсаукесер тойына арналған тілек, құттықтаулар

Тұсау кесер Басып жатыр бір қадам, екі қадам, Шоқты қара көзінен шашыраған. Қуанышпен кеудеден жасыра алмай, Төр іздейді тіршілік - сахнадан....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету