Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Тәуелсізбін деп мақтанамын...

Тәуелсіздік. Бұдан асқан құндылық жоқ. Қымбатсың! Оған қол жеткізу үшін талай боздақ құрбан болып, талай қазақ жанын берді. Ата - бабамыз аңсап өткен тәуелсіздік те, ауызбірлік те, тұтастық та бүгінгі егеменді еліміздің еншісіне бұйырды. Оған бәріміз куәгерміз. Бала кезімізде оның қадір - қасиетін түсіне қоймайтын едік.

Бірақ ел болып көк байрағымыз көкке көтерілгенде ата - аналарымыздың қалай қуанғаны есімізде. Есейе келе, дербес өмір сүргеннің қадірін ұғындық қой. Ел болғанымызға, міне, 26 жыл толып отыр. 26 жыл көп те, аз да емес. Бірақта, осы жылдары еліміз біраз белестерді бағындырып, талай жетістікке қол жеткізді. Тәуелсіздіктің басты жемісі осы болар.

Мен қарапайым мұғаліммін. Мұратым – білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу. Өскелең ұрпақ қандай болары ол мына бізге байланысты. Жүктелген жауапкершіліктің жүгі жеңіл емес. Оны жеңуге ұстаздар қауымы аянып қалмасы анық. Егеменді еліміздің келешегі жастардың қолында.

Мұны елбасы да жиі айтады. Бізге білімді, тәрбиелі, инабатты, алғыр, интеллектуалды, ең бастысы ұлт жанды азаматтар керек. Сондай жастар ғана тәуелсіздіктің тұғырын биік ұстап, оны нығайтуға ат салысатын болады. Ал ондай жас - жеткіншектер біздің елімізде өте көп. Демек, ертеңгі күнге сеніммен қарауға болады.
Ел деп еңіреген, жер деп тебіренген азаматтар аман болсын! Егемендігіміз тұғырлы болсын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын, ағайын!

Келмей мүлде көңілдің бұрауы шын,
Қайғы-мұңға уланып тұр-ау ішім.
Өткеніне қарасам қазағымның
Жаралғандай өмірге жылау үшін.

Көз жасынан көл тұрып зар илеген,
Тозақ көрген санаспай фәнименен.
Тарих-шал сырласты бір зарлымен
Алтын басын күлкіге әлі имеген.

Жүректегі жараға ірің бітіп,
Шығыс беттен жүретін күнін күтіп.
Сес көрсетіп заңғарлар зәресін ап,
Қорыққаннан жіберген тілін жұтып.

«Тау мен тасқа соғылып, қанап шекем,
Айналады шындыққа әлі-ақ секем»-
Деп мұңайған сорлыны қинап жүрген
Бодандық – қанды қолды қарақшы екен.

Қара басын қаңғыртқан тоқырар шақ,
«Кекетіп ек» деп әлі отыр ақсап.
Қарақшының ұзамай ажалы кеп,
Қабіріне қуанды топырақ сап.

Арманының сайран сап асқарында,
Ойларының жататын астарында.
Сөйлеп кетті ғайыптан ғашығы кеп,
Тәуелсіздік құшағын ашқанында.

Қуанышы қойнына сыймағасын,
Әділетке жүреді илана шын.
Жылап-жылап алады арасында
Қуанышты көз жасы сыйлағасын...


Желтоқсанның желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.

Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,
Талай қазақ гүлдерін де солдыра,
Ел билеуге алып келді Колбинді
Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.

Егемендік – бұл елімнің елдігі,
Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік – елін, жерін қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге сақтау керек үнемі.

Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата - баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.
Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
Отан үшін табандары тозбады.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш - жігері жастардың сарқылмаған.
Отан үшін олар шығып алаңға
Қарсы ағып өзендей тасқындаған.
Болмасам да сол кезде мен сеземін
Жүректе намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың төзгендерін,
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту – тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.

Тәуелсіздік – тірегім
Көзіме бүгін жас келіп тұр, халайық,
Әрбір істі зердеге алып қарайық.
Тәуелсіздік жолына жан пида еткен,
Ерлерімізді есімізге алайық.

Жүрмейікші жүнжіп босқа түнеріп,
Еске алайық, есімдерін білелік.
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ,
Алмайықшы екі қолдан жіберіп.

Жиырмадағы жалындаған жасында,
Қаншама жас азап шекті расында.
Желтоқсанның ызғары өтіп кеудеден,
Қарсы тұрды Колбин қосқан қосынға.

Соны ойласам елжірейді жүрегім,
Өздері өліп, қорғап қалды Ұлы елін.
Желбіресін көк байрағы халқымның,
Тәуелсіздік болсын мәңгі тірегім.

Қыран ұшты
Қыран ұшып қарға келді ендігі,
Мынау халық – қарғалардың жемтігі.
Қазақ кетіп орыс келді тағы да,
Екі бастың бар ма енді теңдігі.

Шыдай алмай жастар шықты алаңға,
ОМОН - дар да қаптап жүрді алаңда.
Шаштан сүйреп, тепкіге сап қыздарды,
Төгіп кетті жастарды бос далаға.

Ауыр тиді бұ да енді балаға,
Студенттер шыға алмады далаға.
Тергеушілер қойып қалып өтірік
Талай адам ұшырады жалаға.

Студентті хат жазбауға көндіріп,
Балаларды бүлікші деп сендіріп,
Талай жасты оқуынан шығарып
Қой соңында жүрді олар ерігіп.

Айтып отса өтірік емес бұл деген,
Тек қазақ па ақ патшаға сенбеген.
Тәуелсіздік кетпей қазақ жерінен
Әй, қазақтар енді өзгеге жүгінбең!

Қазақстан тәуелсіз ел
«Жауына табынбаған,
От болып жалындаған...»
Азаттық қоныс қылған,
Елінде бақыт тұнған.
Қыраны еркін самғап,
Аспанда қалықтаған.
Желбіреп жалаулары
Иені жоқ даласында
Әнұраны шарықтаған.
Бәріне құшақ ашып,
Ешкімді жатсынбаған.
Көңілі ашық қашанда,
Бар елмен туыс болған.
Дұшпаны тұрса күліп,
Қиып түсер қылыш болған.
Дәстүрін ұмытпаған,
Ұлыларын ұлықтаған.
Зымзия харамдарды,
Жанына жуытпаған.
Қадалған жерден қан алып,
Өліспей беріспеген.
«Көздерінде от ойнар»
Ұлдары батыр кілең.
Қисынынан сөз табар
Өр халқы ақын кілең.
Осындай бар ма ел десе,
Ойланбастан айтар ем
Қазақстаным бұл менің!

Қазақстан тәуелсіз ел, қанатын жайған әлемге,
Ақ боз аты оза шауып, жаңғырған аты әлемде.
Өткен күндер келмеске кетті, тарихта қана айтылып
Жанарларын мұң шалмай, ұлың мен қызың күлуде.
Нәсібін Алла қазағыма аямастан беруде,
Көктен де жерден байлығындағы төгуде.
Қарыштап, дамып бар елге болдық төреде,
Азаттықтың ақ сұңқарлары қазағымның көгінде,
26 жылдан аса уақыт қалықтап ұшты бұл күнде!
Тәуелсіздік тойларыңыз құтты болсын ендеше!
Автор: Қаниев Марат

Тәуелсіз ел тарихы!
Ерте заман, о бастан қазақ халқы,
Ел болуға талай ғасыр шайқасты
Үйсін, сақтар ғұндардың патшаменен батыры,
Еуропаның төріне, даңқы өрлеп жайғасты,
Алла бізге сыйлады еркіндік пен елдікті,
Оған қоса берген ғой сабырлық пен теңдікті
Зар заманда бірігіп, жұдырық пен найзасы
Қорғады ғой өле – өлгенше басқа ұлт пен теңдікті.
Еділ патша ұрпағы Абылаймен жалғасып,
Елдік үшін күрестік тайсалмастан сан ғасыр
Бастан кешкен зар заман, отаршылдық езгісін,
Болашағы елімнің, бүгінгі ұрпақ көрмесін!!!
Автор: Әдікенова Марфуға
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік бастауы – желтоқсан

Тәуелсіздік бастауы – желтоқсан

Желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу...
Тәуелсіздіктің 26 жылдығына арналған құттықтау, тілектер

Тәуелсіздіктің 26 жылдығына арналған құттықтау, тілектер

Қуан, жұртым Елдігіңді шет елдер мойындады, Сан армандар іске асты ойыңдағы. Терезесі тең елдер қатарында Салтанатпен өтуде тойың - дағы....
Тәуелсіздік – елдігімнің тұмары, ерлігімнің шынары

Тәуелсіздік – елдігімнің тұмары, ерлігімнің шынары

Өз елін, өзінің кіндік қаны тамған туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін түсінбейтін адам жоқ. Біздің туған еліміз – Қазақстан! Даласы қараса...
Жеке тұлғаны қалыптастыру (Баяндама)

Жеке тұлғаны қалыптастыру (Баяндама)

Өркениет әлеміне нық қадам басқан жеткіншек - мемлекетіміздің жарқын болашағы – бүгінгі бала. Ертеңгі еліміздің еңсесін тік ұстап, ел мерейін үстем...
Біздің мақсатымыз

Біздің мақсатымыз

Авторы: Камшат ЖҰБАТХАНОВА Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Шоғы батыр атындағы №5 орта мектептің 10-сынып оқушысы Біздің мақсатымыз Осыдан...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету