Сайтқа кіру Тіркелу

1 желтоқсан тұңғыш президент күні құттықтау - тілектер

1 желтоқсан тұңғыш президент күні құттықтау - тілектерЕлбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі.

Сіздерді 1 желтоқсан – Елбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарып келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше.

Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы - жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі. Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, еліміз, елін сүйген, ел қамқоры азаматтарымыз аман болсын! Баршаларыңызға табыс, сәттілік, сәулелі ғұмыр тілеймін.

1 желтоқсан тұңғыш президент күні құттықтау - тілектер
Құрметті әріптестер! Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз! Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ - дәулет тілейміз!

Уважаемые коллеги! Поздравляем с Днем Первого Президента Республики Казахстан! Основатель нового независимого государства Нурсултан Назарбаев – автор глобальных инициатив, получивших признание всех казахстанцев и уважение международного сообщества. Желаем мира и дальнейшего процветания нашему государству и счастья и благополучия каждому казахстанцу!

Қадірлі отандастар!
Баршаңызды өз тарихымызда алғаш рет тойланғалы отырған жаңа мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!
Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігі сөзсіз. Бұл - ғасырлар тоғысында ата - бабалар аңсаған аңсарлы әлем Азаттықтың алауын жағып, Тәуелсіздіктің тұсауын кескен, қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ел, толерантты ұлт ретінде танытқан Елбасының таққа отырған, Алаш баласының басына бақ орнаған күн болып тарихта қалатыны шындық.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді.
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының толассыз еңбегі мен көреген де сарабдал саясатының арқасында ғасырда жасалар ғаламаттар екі онжылдықта жүзеге асты.
Халық алдында, мемлекет алдында осындай толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту Сіз бен біздер үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе.

Ардақты ағайын!
«Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін!
Мемлекеттілік тарихымыздың мерейлі мерекесі - Тұңғыш Президент күні құтты болсын!
Баршаңызға мерекелік көңіл - күй, жанұялық бақыт, игілік, табыс тілеймін!

Сіздерді келе жатқан мемлекеттік мереке – Қазақстанның алғашқы Президенті Күнімен құттықтаймын!
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның бірлігін, Конституцияның панасын, адамның құқығын және бейбітшілігін қамсыздандырған, жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін салушы болып табылады. Қысқа мерзім ішінде Қазақстан қанатын кең жайған саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырған, өзінің даму жолын тапқан жаңа заманғы бәсекеге қабілетті ел болып таңылды.
Тұрақтылық және қоғамдық келісім, сыртқы саяси жауапты бағамы – елдің халықаралық беделінің өсуі үшін берік негіз болды. Біздің Президентіміз ең жаңа тарих жолын анықтайтын әлем көшбасшыларының шеңберіне кірді және бүгін оны әділетті түрде ұлт Көшбасшысы – Елбасы деп атайды. Күшті стратегия және мақсаттылықтың арқасында біз жолымызда тұрған әр кедергіні жетістікпен жеңіп аламыз.
Осы айрықша мәнді күні елдің игілігі үшін барлықтарыңызға зор денсаулық, мол бақыт, береке тілеймін!

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні мемлекеттік мерекесімен құттықтау
Әр жылдың 1 желтоқсанында елімізде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні мемлекеттік мерекесі атап өтіледі. Мұндай елеулі күн Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына және мемлекетіне сіңірген орасан зор еңбегіне деген құрмет болып табылады. Ұлт Көшбасшысының тұрақты және жүйелі негізде атқарып келе жатқан өлшеусіз еңбегінің нәтижесінде Қазақстан серпінді даму жолына түсті, саяси, экономикалық және әлеуметтік, оның ішінде денсаулық сақтау саласы жаңғыртылуда. Әлемдегі экономикалық дағдарысқа қарамастан, елімізде әлеуметтік салаға бөлінетін шығын көлемі қысқартылмай, керісінше ұлғайып келеді. Елбасы бекіткен «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы табысты іске асырылуда. Ұлттық скринингтік бағдарлама енгізілді. Алғашқы медициналық - санитариялық көмек деңгейінде әлеуметтік - психологиялық көмек қызметі құрылды. Трансплантология дамуда. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі кеңейтілуде. Көлік медицинасы халыққа қызмет көрсетуде. Президентіміз әрбір қазақстандық үшін өз денсаулығы ең жоғары құндылық екенін әрқашан айтып келеді. Мемлекет басшысының жан - жақты қолдауының арқасында еліміздің денсаулық сақтау саласында инновациялар, озық технологиялар енгізілуде, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін қазіргі заман талаптарына сай медициналық орталықтар мен клиникалар пайдалануға берілуде. Бұл іс - шаралардың барлығы халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Біз – қазақстандықтар өз еліміздің жеткен орасан зор жетістіктеріне қуанамыз және мақтанамыз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесін атап өте отырып, Елбасымызға, мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан тарихи еңбегіне құрмет көрсетеміз. Барлықтарыңызды осы мерекемен құттықтай отырып, сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, ұзақ өмір және ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріңізге табыстар тілеймін.

Поздравление с государственным праздником - Днем Первого Президента Республики Казахстан!
Уважаемые посетители! Каждый год 1 декабря в Казахстане отмечается государственный праздник - День Первого Президента Республики Казахстан. Празднование такой знаменательной даты является выражением Главе государства уважения за его заслуги перед казахстанским народом и страной. В результате постоянных и системных мер, предпринимаемых Лидером Нации Н. А. Назарбаевым, Казахстан динамично развивается, осуществляется политическая, экономическая и социальная модернизация, в том числе и в системе здравоохранения. Несмотря на продолжающийся мировой кризис, расходы государства на социальную сферу не сокращаются, а наоборот увеличиваются. Успешно реализуется Государственная программа «Саламатты Қазақстан», утвержденная Главой государства. Внедрена Национальная скрининговая программа. На уровне первичной медико - санитарной помощи созданы службы социально - психологической помощи. Развивается трансплантология. Расширяется гарантированный объем бесплатной медицинской помощи. Создана транспортная медицина. Президент страны всегда подчеркивает, что для каждого казахстанца высшей ценностью является его здоровье. Внедрение инноваций, передовых технологий в системе здравоохранения, ввод в эксплуатацию современных медицинских центров и клиник, оказывающих высокоспециализированную помощь, больниц, поликлиник осуществляется благодаря поддержке Главы государства. Все эти меры позволяют повысить качество медицинского обслуживания населения. Мы - казахстанцы гордимся достижениями своей страны. Празднуя День Первого Президента, отдаем дань уважения нашему Елбасы, его историческим заслугам в становлении и развитии государства. Поздравляя Вас с праздником, желаю крепкого здоровья, долгих лет жизни, благополучия Вам, Вашим родным, близким и успехов в труде на благо нашей республики.

Елбасына арналған өлеңдер:
Тұңғыш Президентімізге арналған өлеңдер

Елбасына арнау

Елбасына арнау өлеңі

Елбасына арнау тақпақ

Тағы да құттықтау, тілектер:

Ұстаз, мұғалім күні мерекесімен құттықтау тілек

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған құттықтау, тілектер

Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтау

Тұсаукесер тойына арналған тілек, құттықтаулар

Туған күн құттықтау, тілек айту, досқа тілек

Туған күнге тілек (аға, көке, тәте)

Құттықтау - тілек: Туған күнге (Жолдас, дос, құрбы, жан дос)

Досқа арналған өлең шумақтары

Туған күнге арналған тілектер

Туған күнге тілектер, құттықтаулар
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Туған күн құттықтау, тілек айту, досқа тілек

Туған күн құттықтау, тілек айту, досқа тілек

Қанша жұлдыз әлемде? Қанша теңіз әлемде? Сонша бақыт тілеймін Бақыты бол өмірде...
Туған күнге тілек (аға, көке, тәте)

Туған күнге тілек (аға, көке, тәте)

Ағатайым, арқа сүйер ақылшым, … астан асып бара жатырсың. Ортаймасын күлкі күнің ешқашан, Бақыт тілеп өмір таңын атырсын....
Құттықтау - тілек: Туған күнге (Жолдас, дос, құрбы, жан дос)

Құттықтау - тілек: Туған күнге (Жолдас, дос, құрбы, жан дос)

Тілеймін бұл өмірде бақыт саған, Тілеймін асқақ ойлы, нұрлы арман. Тілеймін шын махаббат, адал достық, Тілеймін бұл өмірде сәтті қадам!!!...
Туған күнге арналған тілектер

Туған күнге арналған тілектер

Тілегім көп сізге айтар тек жақсылық Жақсы тілек айтыла берер баршылық Туған күнде шаттанып бір қуанышқа Жасап қалып жасарыңыз бір жасқа...
Президент күні

Президент күні

Презентация Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×