Сайтқа кіру Тіркелу

Көз аурулары мен жарақаттары туралы

Көз аурулары мен жарақаттары туралы білесіз бе?
Көзді аман сақтауда тазалық гигиенасының маңызы өте айрықша. Адам қартайғанда да көзі қарауытады, ол катарактаға ұшырайды. Егерде адам көзіндегі сұйықтың қалыпты айналу жағдайы бұзылса, көз ішінің қысымы жоғарылайды, глаукома ауруы пайда болады. Адамның ішкі органдары сырқатқа шалдықса да ол көзге әсер етеді. Орталық және шеткі жүйке жүйесі, жүрек - қан тамырының жүйесі ауырса да, адам уланса да, ағзадағы зат алмасы бұзылса да, ішкі секреция бездері зақымданса да, көз маңайында ауру процесстері басталса да көзді ауыртады. Бір көздің жарақаттануы екінші көзге де әсер етеді. Сондықтан да дереу дәрігерге қаралу қажет. Көзге абайсызда сілті, қышқыл тиіп, күйдірсе, оны дереу кранның суына тосу – алғашқы жүзеге асырылатын шара болып саналады.
Көздің кейбір аурулары инфекциялық сипатта. Олар: коньюктивит, трахома және тағы басқа. Негізінен инфекция жұғатын заттар: жамылғы - төсеніш, сүзгі, бет орамал. Әрине, олар таза болса, зиянды емес. Сондай - ақ көп жағдайда инфекция кір қолдан да түседі.
Көз көруінің нашарлауынан, оның сәуле сындыру күшінің ақауларынан (алыстан көргіштік, алыстан көрмеушілік, астигматтық, дальтонизм) пайда болатын және іштен туа біткен көз аурулары көп. Кейінгі жылдары іштен туа біткен ауру – суқараңғылық (глаукома) мен көз жарақаттары жиі кездеседі. Көз ауруларының пайда болуына механикалық, физикалық, химиялық және физикалық – химиялық факторлар әсер етеді. Көз ауруларының жиі кездесетін түрлері: басыр, бленнорея, катаракта, коньюктивит, көзге ақ түсу.
Көзге ақ түсу, лейкома – көздің қасаң қабығының ауруы. Бұл көбінесе жарақаттанудан, қабынудан, көзге шыққан түрлі жарадан болады. Қызылша, шешек, туберкулез ауруларының асқынуынан қасаң қабықта ақ дақ пайда болып, ол кейде беріштеніп бітуі мүмкін. Мұның салдарынан көздің көруіне нұқсан келеді. Көздің көруі қасаң қабықтың қай жеріне ақ түскеніне, оның көлеміне байланысты. Егер ақ қарашыққа түссе, адам көрмей қалады. Көзге түскен ақ дәрі - дәрмекке жазылмаса, оған хирургиялық операция жасалады. Ішкі органдар мен жүйелердің аурулары да көз ауруларына әкеледі. Мысалы, қоянкөз, бадырақкөз, Аргайлл Робертсон белгісі, тағы басқа. Емделмеген көз аурулары көздің көруін нашарлатып, соқырлыққа да әкелуі мүмкін.
Көздің бірқалыпты көруін сақтау үшін тиісті гигиеналық талаптарды қатаң сақтау қажет, онсыз көз талады, бұлдырап, шаншып ауырады, содан бас сырқырайды. Көздің шаршауына басты себептердің бірі – жұмыс орнында жарықтың жеткіліксіздігі, яғни біркелкі жарықтың болмауы немесе жарықтың мөлшерден күштілігі. Электр шамының қызған қылы тым шақырайып, көзге зиянын тигізбесін десеңіз, қалпақты, күңгірт не ақ түсті шамдарды пайдаланыңыз. Жұмыс істеп отырғанында шам адамның сол жағында тұруға тиіс. Қағаз жазғанда, кітап оқығанда аса еңбектеп жатып, шұқшиюға, қағазды көзге тым жақын ұстауға болмайды. Кітапқа тым еңкейіп қарау омыртқаны қисайтып, алыстан көрмеушілікке ұшыратады. Транспортта кітап, журнал, газет оқуға болмайды. Өйткені оны ұстап отыру ыңғайсыз, әрі оқуға жарық жеткіліксіз.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бас ауруының себептері

Бас ауруының себептері

Мигрень (бас сақинасы): Қатты ауыртатын және шаншитын бас ауруы. Көбінесе көздің артында сезіледі. Жарыққа және дауыстарға қарсы тітіркену, лоқсу...
Менингит ауруы және одан қорғану жолдары

Менингит ауруы және одан қорғану жолдары

Менингиттiң жұқпалы түрiне шалдыққан адам ауруды таратушы болып саналады. Сонымен қатар менингит жүйке жүйесiне қатты әсер етiп, нәтижесiнде...
Емшектің қатерлі ісігі

Емшектің қатерлі ісігі

Емшек безінің қатерлі ісігі - соңғы кезде жиі кездесетін ауру түрі. Емшектің қатерлі ісігі, сүт безінің рагы — сүт безінде болатын қатерлі ісік....
Оптикалық аспаптар. Көз оптикалық жүйе ретінде

Оптикалық аспаптар. Көз оптикалық жүйе ретінде

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Студенттерге негізгі бөлігі нәрсенің кескінін беретін қандай да бір оптикалық жүйе болып табылатын сан алуан...
Сезім мүшелеріне қорытынды

Сезім мүшелеріне қорытынды

Мақсаты: 1) Сезім мүшелерінің түрлері, олардың құрылысы, атқаратын қызметі, ағзадағы маңызына тоқтала отырып, таным білімділігін арттыру. 2) Сезім...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×