Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ажалға себеп болатын аурулар

Ажалға себеп болатын аурулар
1. Асқазан жарасы. Дәрігерлер асқазан жарасы негізінен күйзелістен болады дейді. Ал асқазанды ауруға шалдықтырмау үшін уақытылы әлі құнарлы тамақтану керек.
2. Обыр. Ең кең таралған дерт осы кезге дейін талай адамның өмірін жалмады. Оның әлі де емі жоқ саналады. Ал зерттешілер күнделікті минералдар мен витаминмен азықтанған ағзадағы обыр клеткалары оянбайтынын дәлелдеген. Обырды жеңу үшін күнделікті 2000 миллиграмм С витамині қажет.
3. Витамин жетіспеушілігі. Е витамині, бета - каротин, селен минералының қоспасы ағзаға аса пайдалы. Осы компонеттерді екі есе көп тұтыну керек. Осылай істеген адамдар арасында өлім 9% төмендеген.
4. Сүйекті жарақат пен мүжілуден сақтау керек. Оның ең оңай тәсілі – ноксиджелон деген дәрі. Ол тырнақ пен шашты емдеуге арналған дәрмек. Негізгі құрамдас бөлшегі – сиыр шеміршегі. Ол адамның шеміршегі мен сүйектерін мықты етеді. Күнделікті осы дәрмекті жарты шай қасықпен қабылдап жүрсеңіз, онда сүйек сау болмақ.
5. Зейін мен есте сақтау қабілетін күнделікті шыңдап, нығайтып отыру да ағзаның сау қалпын сақтайтынын ұмытпаңыз. Ол үшін Е және В тобының витаминдерін тұтына жүріңіз.
6. Кальций жетіспеген адамның бүйрегіне тас жиналады. Ол негізінен таза емес ауыз судан басталатыны мәлім. Олай болса, ішетін суыңыздың сапасына да көңіл бөліп қойғайсыз.
7. Аневризма. Ағзадағы мыстың жетіспеушілігінен болатын ауру. Шаш уақытынан бұрын ағарса, бұл мыс жетіспеушілігін білдіреді. Терінің де ерте қартаюы содан. Варикоздың пайда болуы да мыс жетіспеушіліктен.
8. Кардиоанемия деген дерт те адамды ертерек ана елге аттандыратыны мәлім. Оның себебі – селеннің жетіспеушілігі. Селен әсіресе артық салмақтан арыламын деп диета ұстаушыларда тез азаяды.
9. Қандағы қанттың_аздығы да қауіпті. Егер адам өте белсенді болса, қанты бар тәттілерді жақсы көрсе, онда оған хром мен ванадий жетіспейді екен. Бұған мән бермесеңіз, сусамыр дертіне шалдығасыз.
10. Қорғасын жетіспесе, не болады? Ерлердің шашы ерте түсіп, таз болуы белең алды. Бұл жетіспеушілікті толықтырып отырмаса, құлақ керең болып қалады.
11. Бор жетіспеушілігі. Әйелдер борды жақсы танып, білуі, оны құрметтеуі қажет. Бор желінген кальцийдің тез сіңірілуіне себепші, остеопороз деген дерттен сақтандырады. Бор эстроген гормонының түзілуіне септеседі. Ерлерге тестостерон бөлуге көмектеседі. Бор жеткіліксіз болса, етеккір келгенде әйелдер қатты ауырады. Ал ерлерге тестостерон дефициті тіптен ауыр болмақ. Импотенция ерте дамиды.
12. Мырыш_жетіспеушілігі. Дәм сезу, иіс сезу мырышқа тәуелді. Ол жетіспесе, не ішкеніңізге де мән бермейтін болып кетесіз.
Қысқасы, денсаулық керек болса, витаминдерді, минералдарды, аминқышқылдарды, май қышқылдарын толыққанды тұтынып дағдылану қажет. Сонда ғана өмір жасын жүзден асыруға мүмкіндік туады.
Джоуэл Уоллоктың бұл пікірін дәрігерлер жоққа шығармайды. Сондықтан оған сіздің де құлақ асып, қажетке жаратқаныңыз жөн шығар. Ұзақ жасаңыз!
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету