Сайтқа кіру Тіркелу

Теміреткіні қалай тез кетіруге болады?

Теміреткіні қалай тез кетіруге болады?
Мен көп жылдардан бері денсаулыққа қажетті ем - дом түрлерін жинақтаумен айналысамын. Оны кітап жазу немесе адам емдеу үшін емес, өмірде түрлі жағдайларда керек болып қалар деген ниетпен бастағанмын. Уақыт өте келе сол жазбаларым үлкен бір дүниеге айналды. Қазір бұл емнің шарапатын немерелерім көріп отыр. Оларды кейбір сырқаттардан кемпіріміз екеуміз дәрігерсіз - ақ емдеп жазып алып отырмыз. Сол жазбаларымның ішінен бүгін теміреткіден тез құтқаратын амал жайлы арнайы жазып отырмын.
Теміреткіні ежелде қазақтар тобылғының майымен жазатын. Оны теміреткінің үстіне жақса, қышығанын қойдырады. Күн сайын жағып отырса көмектеседі. Дегенмен бүгінде от жағып, май сығып отыру оңай шаруа емес. Ал мына амалдарды қазіргідей қыс ауасында да жасай беруге болады.
1. Ащы өрік дәнін майдалап жаншып, сірке суына араластырып отқа қыздырады. Дәріні мақтамен теміреткінің үстіне күніне бір рет жағып тұрса санаулы күнде орны да қалмайды.
2. Қара қорғасынның (черный оконит) 10 грамын (кептірілген) талқандап, сірке суына араластырып, теміреткінің үстінен орай байлап тастаңыз. Қара қорғасын өте улы болғандықтан оны үш күннен артық қолдануға болмайды. Оны жас балаға да қолданбаңыз.
3. Қымыздық (щавель) шөбінің кептірілгенін алып, талқандап, күніне 3 рет ас алдында ыстық сумен ішсе де теміреткіні кетіреді.
Міне, осы амалдар көрікке сын болып тұрған теміреткіден тезірек құтылуға сеп болады.
Қайбар ЫБЫРАЙЫМОВ.
Жамбыл облысы.
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×