Сайтқа кіру Тіркелу

Бел ауруын керосинмен емдеу

Керосиннің де көмегі бар.
Жасы келген адамдардың қыс ауасында сәл суық өтсе белі сырқырап ауыратыны бар. Бұл дерт, егер қателеспесем, қырықтан асқан әрбір төрт азаматтың үшеуінде кездеседі. Осы жайсыздықтан тез әрі оңай құтылудың жолын айтсам деп едім.
Бел сырқырап, ашып ауырса кәдімгі керосиннің көмегіне жүгіну керек. Ол үшін бір дана кір жуатын сабынның төрттен бір бөлігін үккіштен өткізіп, шұңғылдау ыдысқа саласыз. Оның үстіне 1/4 стакан өсімдік майын қосыңыз. Үстіне 1 ас қасық ас содасын салып, араластыра отырып 50 миллиграмм керосинді асықпай құйыңыз. Бұл қоспаны әбден араластыру керек. Міне, дәрі дайын. Енді ыдыстың бетін жауып, құрғақ бөлмеге үш күнге қойып қойыңыз. Ара - арасында қозғап тұрыңыз. Бел ауырғанда, сыздаса, ашыса, қақсаса осы бөлме температурасындағы қоспаны жағып, уқалаңыз. Оны буын - буынның сырқырауында да пайдалануға болады. Мен бірнеше жылдан бері мазамды алған белдің ауырғанынан осы ем арқылы айықтым. Оның алдында дәрігерлерге көрініп, берген дәрілерін ішкенмін. Ультрадыбыстық зерттеуден де өтіп көрдім. Бірақ емі табылмай, отырсам тұруым қиындап кетті. Қыстыгүні белдің ауырғаны тіпті де жаман екен. Сонда халық емімен айналысатын бір таныс осы әдісті ұсынды. Мен әлі күнге дейін оған алғысымды айтып отырамын. Ал өзім сияқты аурудың азабы өтіп, шипа іздеген жандарға оп - оңай әрі өте пайдалы осы әдісті қолданып көріңіздер демекпін.
Ғалым ҚҰДИЯРБЕКОВ.
Жарма ауданы,
Шығыс Қазақстан облысы.
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×