Сайтқа кіру Тіркелу

Өттегі тасты қалай түсіруге болады?

Өттегі тасты түсіру оңай
Өт қалтасындағы тастардан бір - ақ тәулікте құтылудың мынадай оңай жолдары бар. Ол үшін үлкен - үлкен 10 лимонды сығып, шырынын дәкеден өткізеді. Және сонша мөлшердегі (1 пинт) таза, дәріханалық оливка майы керек.
Негізінен емді демалыс күндері кешкі сағат жетілерде өткізген ыңғайлырақ. Ал таңертеңнен бастап ештеңе жемеген дұрыс, тек шай, кофе, су ішуге болады, бірақ сүт емес. Дәл сағат жетіде емдеу басталады. Қоңыраулы сағат дайындап қою керек, себебі әрбір минут, тіпті секундтың өзі үлкен роль атқарады.
Бірінші, төрт ас қасық оливка майын ішеді. Артынан бірден бір ас қасық лимон шырынын ішеді. Дәл он бес минуттан соң тағы осылай қайталанады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Мұны май таусылғанша әр он бес минут сайын қайталайды. Май таусылған соң қалған лимонның шырынын бірден сіміре салады. Мұның бәрін дәлме - дәл уақытымен, дәл мөлшерімен орындау керек. Май жүрек айнытады деп қорықпаса да болады. Лимон шырыны майдың үстінен басып қалып, кері қарай көтермейді.
Мұның бәрін дәлме - дәл орындау керек, әйтпесе, тастардың тар жерлерден өтуі өте қиын болады. Май аздау (бір пинттен аз) болса да тастардың жылжуы қиындап, біраз ауыртуы мүмкін.
Егер тастар үлкен болса, бәрін дұрыс орындаған жағдайда да ауыртуы мүмкін. Мұндайда тегіс жердегі кілемшенің үстінде әрлі - берлі аунау керек. «Бәрін дәлме - дәл орындаған жағдайда тастың ауыртуы немесе бірнеше күннен кейін түсуі әлі күнге дейін болған емес», — дейді осы тәсілмен емдеуші орыс халық емшілері.
Тас түскен соң оны тез арада жуып, суретке түсіріп алуыңызға болады. Әйтпесе ол үш күннің ішінде құм болып үгітіліп кетеді. Ал жаңадан түскен кезінде резіңкедей жұмсақ болып тұрады.
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×