Сайтқа кіру Тіркелу

Қызыл майдың емі күшті

Қызыл майдың емі күшті
Осыдан 15 жыл бұрын асқазаным ауырып, ішім тоқтамай қалған болатынмын. Қандай ем қолдансам да нәтижесі болмады. Салмағым 70 кило жан едім, үш айдың ішінде 42 килоға дейін түсіп қалды. Ақырында жұмыста отырғанда ішім қатты ауырды. Ішіме кірпі кіріп кеткендей болып, шаншып ауырып, құлап қалдым деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Содан операция жасатам деп жүргенде бір емшіні тауып, сол кісі жазып берген болатын.
Қысқасы асқазан бүрі кетіп, жеген асың бірден сұйық болып өте беруінің емі – қызыл май екен. Таңертең, түсте, кешке тамақтан 30 минут бұрын қызыл майды 1 ас қасықпен ішіп аласың да, төсекке бір қырыңмен жатасың. Әр ретте 2-3 минуттан осылай 3-4 рет қайталайды. Ол әбден неше түрлі дәрі-дәрмектен күйіп қалған ішектің айналасын түгел майлау үшін керек. Және сау кезде жеген тамақтың мөлшерін барынша азайтып, соның жартысындай ғана асты, оның өзің асықпай, екі-үшке бөліп жейді. Ол ауырған асқазанға салмақ түсірмеу үшін жасалады. Ащы, ыстық не өте суық немесе қатты қуырылған, майлы тамақ жеуге болмайды. Осы тәртіпті 10 күн ұстанған адам асқазан дертінен мен сияқты толық жазылып кетеді.
Сүйеніш БІРАСЫЛ.
Орал қаласы.
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×