Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ауруларыңды садақамен емдеңдер!

Жасы 40 - тар шамасындағы әйел аты жаман ауруға (рак) шалдығады.

Өзіне күтім керек болғандықтан бір қызды үйіне қызметші етіп алған екен. Бірер күннен соң әйел әлгі қыздың дәретханаға жиі кіргіштейтінін байқайды.

«Темекі тартады - ау», - деген ойға қалған әйел қызды шақырып алып ол ісінің дұрыс емес екенін ескертіп, аналық ақыл айтпақ болады. Алдымен не себепті дәретханаға жиі кіре беретіндігін сұраған - ды.

Сонда қыз көздеріне жасы толып тұрып:
- «Әпке, менің өз қаламда жаңа туған сәбиім қалды. Отбасымды асырау үшін осында келдім. Дәретханаға кіріп омыраудағы сүтімді сауып тастаймын. Бұл үшін сізден қатты ұяламын, айып етпеңіз», - деп жылап жібереді.

Қызға қатты жаны ашыған әйел қолына көп ақша ұстатады да:
- «Бар, балаңа бар, қызым. Оны өсіріп, емшектен шығарған соң ғана қайтып келерсің, оған дейін басқа біреуді көмекшім етіп ала тұрамын», - деп ұшаққа билет алып беріп үйіне қайтарады. Қыздың жайы жанына қатты батады.

Арада біраз уақыт өтеді. Әйел ауруханаға барып тексеруден өтеді. Бірақ рактың ешбір ізі де байқалмайды. Дәрігерлер сенбестен әйелді қайта - қайта тексеруден өткізеді.

Дұрыс. Ешбір ауру жоқ. Барлығы бұған таңқалады.

Ал әйел көз жасына ерік беріп іштей Жаратушыға шүкіршілік айтып, Пайғамбарымыздың (с. ғ. с.): «Ауруларыңды садақамен емдеңдер» дегенін күбірлеп қайталап тұрады…

Иә, расында Алла тағаланың құдіретінде шек жоқ. Ауруды өзі берген Алла өзі алады. Тек оған сеніп, дұға жасап, тек ізгі амалдар орындап жүрсек бізді Өз мейіріміне бөлейтіні анық.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету