Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Әулие Мәшһүр Жүсіптің астрологиялық болжамы

Әулие Мәшһүр Жүсіптің астрологиялық болжамы (20 ғ.)

Жемтік үшін жан қинап, таласпа құр,
Босаға мен төріңді аласта бір;
Адамзатта болмаған алтын заман
Келе жатыр Алладан Алашқа бұл.

Сұм мен қуды -- шулатқан дабырымен,
Сұрайды Алла тұрғызып қабірінен.
Алашты да сынаған қыл көпірде,
Аман шықты одан да ол — Сабырымен.

«Тәңірі» деген ілтифат - базынаңа,
Бұл — Құдайдың жасаған назы ғана;
Жерге сіңген көз жас пен маңдай терің,
Жер астында айналған қазынаға.
Алтын басың сан мәрте дауда қалған,
Дауда қалған,
Сатылған,
Саудаланған!

Нақаһтан бір қан төккен ерің жоқ-ты,
Жерің жоқ-ты біреуден жаулап алған!
Көк Бөрінің сен де көк байрағы едің,
Мен де сенде бұлбұлдай сайрап едім.
Адамзаттың көзіне тік қарайтын,
Бір жұрт болса,
Сол — Сенсің, қайран, елім!

Сен едің ғой Тұранның кемел елі,
Алтын Ордаң о дағы ерен еді.
Адамзатқа құшағын ашқан жұртты,
Алланың бір алқауы керек еді!
Қаншама уақыт көзтүркі, мазақта өстің,
Қаншама уақыт қан кештің, азап кештің;
Үш ғасырдай бодан боп, аман қалған,
Қастық жасай алмайды қазаққа --
Ешкім!

Жыр мен күйің хисса ғой,-- зарың — әрі,
Ананың ақ сүтіндей — арың әлі!
Түбі Әлемді өзіне жалт қаратар,
Түріктердің Сен —
Қара Шаңырағы!

Жемтік үшін жан қинап, таласпа құр;
Босаға мен төріңді аласта бір;
Адамзатта болмаған алтын заман
Келе жатыр Алладан Алашқа бұл.

Мәшһүр бабамыздың тілегіне әумин дейік!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету