Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Телефон тәуелділігінен құтылудың 7 тәсілі

Телефоныңызды бір минутқа да қолыңыздан тастай алмай, қайта - қайта хабарламаларды тексере беретін болдыңыз ба? Бұл мақалада осы дерттен арылуға көмектесетін жеті тәсіл туралы айтып бермекпіз.

1. Сағат тағып жүріңіз
«Сағат қанша болғанын көре салайын» — телефон экранына бір үңіліп қалудың көп айтылатын сылтауларының бірі. Десек те, бұған көп уақыт жұмсалады, өйткені зейін жаңа келген хабарландыруларға аударыла береді. Соңғы кездері жүргізілген зерттеулерге қарағанда қолына сағат тағып жүретін кісілердің көңілі смартфондарға бір жарым есе аз аударылады екен.

2. Классикалық оятарды пайдаланыңыз
Адамдар смартфондарын оятар ретінде пайдалануы жиі болып тұрады. Алайда, бұл өте жаман қателік. Таңертең төсектен тұру үшін телефонның орнына дәстүрлі оятарды қолданыңыз. Осылай істесеңіз, сіздің тағы бір рет почтаңызды немесе Facebook - ты тексеріп тастайтын мүмкіндігіңіз болмайды.

3. Үнсіз режимді пайдаланыңыз
Жұмыс кезінде немесе сабақта отырғанда смартфонды үнсіз режимге қойған немесе құрылғыны өшіріп тастаған дұрыс. Осылай болса, сіз тезірек жұмыс қалпына түсіп, маңызды міндеттерді тиімдірек атқара аласыз.

4. «Смартфонсыз аумақ» құрыңыз
Гаджет тәуелділігіне қарсы «смартфонсыз аумақ» деген нәрсе аса пайдалы. Үйіңізде ұялы телефонды пайдалануға болмайтын бөлмені сайлаңыз. Бұл, мысалы, жатын бөлмесінде смартфондарды асыра пайдаланбауға мүмкіндік береді.

5. Қажеті жоқ аккаунтарыңыздың көзін құртыңыз
Қазіргі заманда әлеуметтік желілердің санына жетіп болмайсың. Бірақ сіз солардың барлығында болуға тиістісіз бе? Жоқ! «Көп болғаны — жақсы деген сөз емес» деген ережеге бой ұсынып, әлеуметтік желілерден қажеті шамалы және пайдаланылып жүрмеген аккаунтарды өшіріп тастаңыз. Осылайша сіз көңіліңізді алаңдататын хабарламалардың санын азайтасыз.

6. Екі минут сайын смартфоныңызды тексеруді қойыңыз
Смартфон діріл қаққандай болды ма? Жай - күй индикаторы жыпылықтап тұр ма? Көпшілігіміз телефонымыздың әр бір хабарламасын тезірек оқып, жауап беруге тырысып тұрамыз. Смартфоныңыздың экранына әр екі минут сайын көз сала бергенше, оны сирегірек, бірақ ұзағырақ пайдаланып тұрыңыз. Осылай еткенде сіз барлық хабарламаларға жауап беруге және барлық хабарландыруларды тексеруге үлгеріп отырасыз. Тіпті таймер қойып қоюға да болады: уақыт біткен кезде келесі «сеансқа» дейін телефонға жоламайсыз.

7. Гаджеттерді күнделікті өмірде қолдану уақытын шектеңіз
Смартфондар өміріміздің өте маңызды бөлшегі болып алды. Ақылды телефонның көмегі арқылы дүкендерде ақша төлеуге, пойызға немесе ұшаққа цифрлық билеттер алуға болады. Тәуелділіктен арылу үшін олсыз оп - оңай амалдауға болатын салаларда смартфонды пайдалануды азайтқан жөн болады. Классикалық әдістерді еске алыңыз: билеттерді басып шығарып алыңыз, зат сатып алған кезде қолма қол ақшаға алуға тырысыңыз немесе карта арқылы төлеңіз.

Смартфоннан басы бүтін құтылудың қатал, бірақ өте тиімді жолы
Егер айтылған кеңестердің ешқайсысы қолайыңызға жақпаса, мына әдісті қолданып көріңіз: wink winked

Телефон тәуелділігінен құтылудың 7 тәсілі


Дерек көзі: bilim-all.kz
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Табысыңызды 20 пайызға өсіргіңіз келеді ме?

Табысыңызды 20 пайызға өсіргіңіз келеді ме?

Сіз өз табысыңызды үш айда 20 пайызға өсіргіңіз келеді ме? Онда мына төмендегі мақаланы оқып, сол жердегі қарапайым қағидаларды сақтасаңыз болғаны....
Киімге жабысқан сағызды тазалаудың жолдары

Киімге жабысқан сағызды тазалаудың жолдары

Киімге сағыз жабысса, одан қалай тез құтылуға болады? Сонымен киімге жабысқан сағызды тазалаудың жолдарын қарастырып көрелік...
Смартфонның зиянды тұстарын білесіз бе?

Смартфонның зиянды тұстарын білесіз бе?

Осы заманның керекті дүниесінің бірі ол - смартфон. Тіпті кейбір адамдар олсыз өмірін елестете алмайды да. Бірақ сол құрылғының пайдалы жағымен қатар...
Электр қуатын үнемді пайдаланудың әдістері

Электр қуатын үнемді пайдаланудың әдістері

Электр қуатын үнемдейсіз бе? Оны үнемді пайдаланудың әдістерін білгіңіз келеді ме? Онда сізге мына кеңестерге құлақ салғаныңыз абзал. Сонымен мынадай...
Ұялы телефонның пайдасы мен зияны

Ұялы телефонның пайдасы мен зияны

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, № 21 орта мектебінің 3 "Б" сынып оқушысы Атабаева Әйгерім Маратқызы Ғылыми жетекшісі: Тлеубаева Жанар Жолдыбекқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету