Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Жаңа жылға арналған ойындар

Жаңа жылға арналған ойындар

Шарды жару
Бұл ойынның шарты қарапайым. Алдын ала үрленіп қойылған шарлар дайындалып, ортаға бірнеше жұп шақырылады. Әр жұптың арасына шар қойылып, оның жерге түсіп қалмауын балаларға ескертеміз. Музыка қойылып, би басталады. Ойынның шарты: билеп жүріп шарды қолдың көмегінсіз жару, яғни қыз бен бала шарды бір-біріне итеріп жарады. Бұл ойын көңілді, әрі қызықты өтеді.

Жіпті қию
Бұл ойында жіпке түрлі заттар ілінеді. (Мысалы: түрлі кәмпиттер, ойыншық, қалам, түрлі сыйлықтар.) Бала ортаға шығады, жүргізуші оның көзін матамен байлап, бірнеше рет айналдырады да, қолына қайшы береді. Ойыннның шарты бойынша ол көрмей қайшымен жіпке ілінген затты қиып түсіруі тиіс. Әрине жүргізуші мен басқа балалар оған аздап көмек берулері тиіс. Затты қиып түсірген кезде оның көзі шешіліп оған сол зат сыйлық ретінде беріледі.

Сурет салу конкурсы
Балалар екі топқа бөлінеді. Олардың алдында екі мольберт қойылып, қағаз бекітіледі. Екі топқа бірдей сурет салу керек болады. (жүргізуші айтқан кезде бастайды) Ойынның шарты: әр топтағы бала тек суреттің бір жағын салу керек. Түсінікті болу үшін мысалға доңыздың суретін салу тапсырылады. Әр топтың қатысушылары өздерінше ақылдасып алады, мысалы: Анар жануардың басын салады, Нұрай оның денесін салады, Болат құйрығын т.б Ойында суретті бірінші болып жылдам, әрі сапалы салып шыққан топ жеңіске жетеді.

Бәрін еске алу
Билеп болып, үстел басына отырғаннан кейін қонақтар мына байқауға қатысады. Жүргізуші жаңа жылға байланысты барлық заттарды еске түсіруді ұсынады. Қонақтар кезекпен шырша, Аяз ата және т. б. туралы айтады. Кім соңғы болып айтса, сол жеңеді.

Мандаринмен эстафета
Қонақтар екі тапқа бөлінеді. Залдың соңына ішінде мандариндер бар екі табақ қойылады. Әр қатысушының міндеті - табаққа дейін жетіп, ас қасыққа мандарин салып, оны тобына дейін алып келу. Алып келген соң қасықты келесі қатысушыға береді. Мандариндердің барлығын қай топ бірінші болып алып келсе, сол топ жеңеді.

Барлығы керісінше
Жүргізуші жауап беруге жеңіл сұрақтар қояды. Қонақтардың міндеті - қате жауап беру. Ойын жылдам жүргізіледі. Қонақтардың ойлануға уақыты болмауы керек. Нәтижесінде көбісі дұрыс жауап беріп, ойыннан шығып қалады.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Жаңа жылға арналған құттықтаулар 2019 жыл

Жаңа жылға арналған құттықтаулар 2019 жыл

Сізді Жаңа 2019 жылыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Баршамыз жаңа 2019 жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа 2019 жыл Сіздің...
Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтау

Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтау

Ашылып ғасырдың бір ақ парағы, Өзіңе Қыдыр дарып, бақ қарады. Жаңа жыл берекелі жыл боп кірсін, Табысқа бастап сені асқаралы!...
Көңілді спорттық ойындар

Көңілді спорттық ойындар

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, КМҚК «Жауқазын» ясли Бақшасының тәрбиешісі Аманова Марал...
Би билейміз тағыда, жасыл шырша жанында

Би билейміз тағыда, жасыл шырша жанында

Бүгін келді жаңарып Сәбилердің тағы да Би билейді ән салып Жасыл шырша жанында...
«Қош келдің, Жаңа жыл» 2019 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі

«Қош келдің, Жаңа жыл» 2019 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі

Барлық жандар бір білікке қосқан үн Бақытты боп бастады жыл дастанын Қуанышпен келді той деп жаңа жыл Құтты болсын жаңа бақыт достарым...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет

Барлық тегтерді көрсету