Сайтқа кіру Тіркелу

Келін мен ене туралы

Бұрынғы өткен заманда Қытайда Лили атты бір қыз тұрмысқа шығып, күйеуі, енесі үшеуі бір үйде өмір сүре бастапты. Бірнеше айдан кейін бітпей кеткен келін мен ене арасындағы ұрыс-керістер нәтижесінде әрі өзі үшін, әрі әйелімен анасының ортасында қалған күйеуі үшін де тұрмыс шыдамсыз бір халге келеді. Бір шара қолдану керек деп ойлаған келін, тура әкесінің бұрынғы досы болған емшіге барып дертін айтады.

Кәрі адам оған шөптерден бір қоспа дайындайды және оны үш ай бойы күнде аз-аздап енесінің тамағына қосып тұруын айтады. Уды аз-аздап берсе, осылайша оны келіннің өлтіргені белгілі болмайтын еді. Кәрі адам келіншекке ешкімнің және күйеуінің де одан күмәнданбауы үшін енесімен өте жылы қарым-қатынаста болуын, ол үшін ең дәмді тағамдар пісіруін де айтады.

Қуана қуана үйіне келген келін айтылғандарды бұлжытпай орындайды. Әр күн енесіне ең дәмді тағамдар дайындап беріп отырады. Онымен жақсы мәміледе болып, тамағына да аз-аздан уды тамызып отырады. Біраз күннен кейін енесі де қатты өзгеріп, келініне өз қызы сияқты қарай бастайды. Бұдан былай үйде сыйластық лебі есе бастайды. Бұл арада енесін өз анасындай жақсы көріп қалған келін, істегендеріне қатты өкінеді. Кешірілмес қатеге жол бергенін түсініп, баяғы емшіге қайта барады. Кәрі адамға, енесіне берген уларды тазалайтын бір дәрі табуын сұрап жалынады. Көзіне жас толған кәрі адам былай дейді:

“Қымбатты Лили, саған бергендерім тек витамин ғана еді. Нағыз у ол сенің басыңда еді. Сен оған жақсы мәміледе болған сайын, оның да саған деген ызасы құрметке айналды. Осылайша сендер нағыз ана мен қыздай болдыңдар.”

“Гүл берген қолда, гүлдің иісі қалады” дегендері осы болса керек.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×