Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Нағашы жұрт жайлы

Нағашы жұрт - туған ананың әке-шешелерінен бастап, барлық аталас ағайын-туыстары мен үрім-бұтақтары.
Нағашы (ер, әйел) - ананың төркін жұрты. Нағашы үш жұрттың ішіндегі ең сыйлысы. Олар жиенін әрқашан еркелетіп, сұрағанын беріп отырады. Тек туған нағашысы ғана емес, сол рудың барлығы да жиенге нағашы деп аталады. Нағашының жолы үлкен. Нағашылық жасқа қарамайды. Кейде жиен нағашыдан үлкен болуы да мүмкін.
Нағашы жұрттың еркек-әйелдері тиісінше нағашы ата, нағашы аға, нағашы іні, нағашы әже, нағашы апа, нағашы жеңге, нағашы қарындас деп аталады.
Әке-шешенің нағашыларын "түп нағашы" дейді.
Балалығың ұстаса нағашыңа бар,
Жігіттігің ұстаса, қайныңа бар.
Өзі жаман туады, нағашысынан көреді.
Нағашы - бәйтерек, жиен - қотыр тайлақ.

Жиен (ер, әйел) - қыздан туған бала. Жиен - нағашы ауылы үшін ерке әрі кең құқы бар адам. Ол нағашыларынан нені қаласа да, үш рет алуға қақы бар, қандай қымбат зат болса да, нағашылары оны сөзсіз беруге тиіс. Оны жиенқұрық деп атайды. Жиен сол елдің кемшілігін, қатесін ойын-шыны аралас айтып отырады. Оның сөзін кекетуге, оған ұрсуға болмайды. Нағашы-жиендер кездескен жерде бір-бірімен әзілдесіп, ойнап-күліп жатады. Жиен мұндайда өзін еркін сезінеді. Нағашы мен жиен бірін-бірі ешқашан күндемейді, олар қайта бірін-бірі мақтаныш тұтады. Халық: "Адамның жақсы қасиеттері нағашыдан жұғады" - дейді. Мұнда әлеуметтік шындықтың көзі бар. Халықтық салт-дәстүр бойынша жиенді ренжітуге, қол жұмсауға болмайды. "Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды" деген мақал содан қалған. "Нағашымен күрескен жиен жығылады" деген сөз жиеннің қанша ерке, батыл болғанымен, нағашысы алдында ізетті, әдепті, кіші болуын ескертеді.
Жиендік жасқа қарамайды. Мұның нағашы-жиендік рәсімдерге кедергісі жоқ. Жиен жасына қарай жиен аға, жиен апа, жиен сіңлі т.б болып аталады.

Жиеншар (ер, әйел) - жиеннен туған бала. Ол да әкесі сияқты жиендік ғұрыпты жалғастырады.
Оның баласы жиеншар,
Оның баласы көгеншар,
Оның баласы дегеншар,
Оның баласы жүрежат,
Оның баласы туажат деп аталады.
(Бұл сөздер Әбіқай бидің баласы Ахметқан шешеннің айтуы бойынша жазылған.)
Кейбіреулер жүрежат пен туажатты шөпшектен кейін тіркейді. Бұл әлі анықтай түсуді қажет етеді.

Бөле (ер, әйел) - апалы-сіңлілі қыздардың балалары. Нағашы жұрт арқылы жалғасатын туыс қатарына жатады, бөтенге саналмайды. Олар да нағашы-жиенді адамдар сияқты бір-бірімен әзілдесіп ойнайды. Нағашыларына барғанда екеуі бірігіп кетеді. Олар тату жүреді. Бөлелердің балалары қарын бөле деп аталады.
Екі аяқтыда бөле тату,
Төрт аяқтыда бота тату.
Жөн сұраса келе қарын бөле болып шығыпты.

Нәсіл-нәсеп (ұл, қыз) - қыздан тараған ұрпақтар. Жиен, жиеншар т.б.
Қыздан туғанның қиығы жоқ.
Адам нәсіл-нәсебімен мың жасайды.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақтың туыстық атаулары

Қазақтың туыстық атаулары

Қазақ халқының туыстық атауларын біліп жүрейік. Көптеген жастар жиен мен жиеншарды ажырата алмай жатады. Сондықтан жастар туыстарыңызды қалай...
Бала тәрбиесіндегі басты мектеп - отбасы

Бала тәрбиесіндегі басты мектеп - отбасы

Мақсаты: Отбасындағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана...
Тәрбие тал бесіктен басталады

Тәрбие тал бесіктен басталады

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақ отбасының тәрбиесі туралы оқушыларға толық мағлұмат беру. Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын...
Қожабек Аружанның өлеңдері, шығармалары

Қожабек Аружанның өлеңдері, шығармалары

Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің 2 "Г" сынып оқушысы Қожабек Аружан Төребекқызы Мұғалімі Далиева Кенже Абубакирқызы...
Тапқыр достар (интеллектуалды ойын)

Тапқыр достар (интеллектуалды ойын)

Екібастұз, №23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназиясының тәрбиешісі: Абдинова Үміт Даутқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, туған жер, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету