Сайтқа кіру Тіркелу

Қызықты деректердің ең үлкен топтамасы

* 1 кг лимонда 1 кг құлпынайдан да артық шекер бар.
* Қолтырауындар түстерді ажырата алмайды.
* Тек қана еркек тотықұстар сайрайды.
* Жарты кг бал алу үшін аралар 2 млн - нан аса гүлді өсімдіктер шырынын өңдеуі қажет.
* Бүйелер екі жарым жыл қоректенбестен өмір сүре алады.

* Інжулер сірке суында ериді.
* Сәбізге рең беретін каротин (сарғыш - қызғылт пигмент).
* Шолпан – сағат тілі бағытымен айналатын ғаламшар.
* Ең көп асфальтты жолға ие болған өлке – Франция.

* Эйфель мұнарасының төбесіне шығу үшін 1792 баспалдақтан өту керек.
* Адам өзінің шынтағын жалай алмайды.
* Адамдар өте қатты түшкіретін болса, қабырғалары сынуы мүмкін.
* Доңыздар дене бітімдерінің салдарынан бастарын жоғары көтеріп, аспанға қарай алмайды.
* Әлемдегі халықтың 50% мүлдем телефонмен сөйлеспеген.
* 1 сағат құлаққап (наушник) тыңдағанда құлақтағы бактериялардың саны 700 %- ға артады.

* Ұшқын сіріңкеден бұрын табылды.
* Саусақ іздері сияқты тіл іздері де адамға тән ерекшелік болып табылады.
* 2 500 м тереңдікте және 300oC ыстықта өмір сүретін бактериялар да бар.
* Ішектерімізде 400 ден аса бактериялар бар. Бұл бактериялардың ішектеріміздегі саны жасушаларымыздың санынан да көп.
* Азық үшін адамға бас салатын жалғыз жануар – аю.
* Қасқырлар 30 км қашықтықтан бөлтірігіне азық тасиды.

* Шалғынды қасқырлардың (койот) ең сүйікті тағамы – қауын.
* Пираниялар (жыртқыш балықтар) үш тістегенде адамның қолын білегінен жұлып алады.
* Суық климатта өмір сүретін тұщы су тасбақаларына жататын тасбақалар күзде терең тыныс алып, су астына түсіп, көктемге дейін өмір сүреді. Үш ай оттегісіз ортада көмірсулардың (негізінен глюкозаның) ыдырауынан энергия алады. Олардың жүректері минутына бір рет соғады.
* Ұрғашы көк киттердің ұзындығы 34 м және күніне 3. 000000 калория алады.
* Эдисон электр шамына қажетті материалды табуы үшін 3000 рет тәжірибе жасаған.

* Бірінші дүниежүзілік соғыста 2 500 000 ат қолданылды.
* Темекінің құрамындағы шайырлы (смола) затқа жасалған тәжірибенің нәтижесінде тышқанның арқасына жағылған жерден қатерлі ісік пайда болған.
* 1971 жылы Жапонияның Исигаки аралында болған биіктігі 85 метрге жеткен толқын – дүние жүзіндегі ең үлкен толқын болып табылады.
* Ашық аспанды түнде 1000 - нан аса жұлдызды көруге болады.
* Кез келген мұхиттан ең қашық жер - Қытай.
* Дүние жүзінде минут сайын аз қарқындылықпен жер сілкініп тұрады.
* Үндістанда жылына дүниеге келетін балалар саны Австрияның жалпы халық санынан артық.

* Ресейдің төрттен бір бөлігін орманды алқап алып жатыр. Бұл алқап Түркияның жер көлеміне тең.
* Тарих бойынша жер бетіндегі алтындардың 200 - ден аса көп бөлігі мұхиттарда кездеседі.
* Иттердің тері бездері аяқтарының астында.
* Қиярдың 96 % судан тұрады.
* Адамның тез өсетін тырнағы – бас бармағы, ең жай өсетін тырнағы – ортаңғы саусағы.
* Гавай әліппесінде 12 әріп бар.

* АҚШ - тың алғашқы президенті Джон Кеннеди 20 минутта төрт түрлі газет оқи алған.
* Ескі заманда мумиялардың (бальзамдап, бұзылмайтын, шірімейтін етіп тасталған өлік дене) аяқ саусақтары да бір - бірлеп мумиялаған.
* Әткеншекті тоқтамастан тербету рекорды 440 сағатқа жалғасқан.
* Шыны сынған кезде паршаланған бөлшектерінің жылдамдығы сағатына үш мың милдік (4828, 032 км) жолды құрайды.
* Адамның шашы 3 кг салмақты көтере алатындай серпімді болады.
* Бетховен әуен жазбастан бұрын басын суық сумен жуады екен.
* Дүние жүзіндегі жануарлардың 80 % алты аяқтылар.
* Тек қана уранды еш құралсыз, жай көзбен көруге болады.

* Құрбақалар еш нәрсе ішіп жеместен үш жыл бойы өмір сүре алады.
* Адамдарды саусақ ізінен, ал иттерді мұрын ізінен тануға болады.
* Эскимостар тоңазытқышты азықтарын сақтау үшін қолданады.
* Көзіміз ашық тұрған күйде түшкіру мүмкін емес.
* Ыстық су суық судан да ауыр болады.
* Адамдар жылына 1500 рет түс көреді.
* Кетчупты бұрын дәрі ретінде қолданған.
* Аққұба түсті адамдардың қара торыларға қарағанда шаштары қалын болып келеді.
* Адам күніне 23 мың рет тыныс алады.
* Дүниеде ең көп қолданылатын есім – Мұхаммед.
* Денеміздегі ең күшті бұлшық ет – тіл.
* Дельфиндер бір көздерін ашып ұйықтайды.

* Нәрестенің ұрықтанудан бастап дүниеге келуіне дейін салмағы 5 миллион рет артады.
* Аттарда адамдарға қарағанда 18 артық сүйек бар.
* Көк киттердің дауысын 850 км қашықтықтан естуге болады.
* Пілдер күніне орта шамамен екі сағат ұйықтайды.
* Мысықтар үшін жетінші қабаттан құлау отыз екінші қабаттан құлаудан да өте қауіпті. (Себебі, мысықтар алтыншы қабаттан ғана ең үлкен жылдамдықпен түседі.)

* Көбелектер аяқтарымен дәм сезеді.
* Киттің баласының бойы 10 метр болады.
* Киттер күніне 1500 тонна су жұтады және бұл судың бір бөлігін қайтадан шығарады.
* Инеліктердің 30000 көзі бар.
* Шаяндардың төменгі қалташығында жүздеген балалары бар.
* Бірқазандар судағы балықты үстінен көрген кезде дереу сол жерді мөлшерлеп, суды ішіне қарай тартып, кейін суды сыртқа қайта шығару арқылы балық аулап жейді.
* Шимпанзелердің ең сүйікті тағамы – құмырсқа. Олар құмырсқаны: жерден бір шыбықты алып түкіріктеп, құмырсқалардың ұясына сұғып, шыбыққа үймеленген құмырсқаларды жейді екен.

* Шимпанзелер жүзу білмейді.
* Емен ағашы елу жыл жаңғақ бермейді.
* Иісті балдыркөктің (сельдерей) беретін калориясынан жеуге жұмсалатын калориясы көп болады.
* Мысықтардың миында 32 бұлшық ет бар
* Хамелеондардың (құбылғы кесіртке) тілдері өздерінің денесінен екі есе ұзын болады.

* Көптеген асыл тастардың химиялық құрамы бірнеше элементтерден тұрады. Ал бриллианттар толығымен көміртектен тұрады.
* Кір жуғыш машинаны алғаш рет 1907 жылы Хурлей Машина компаниясы ойлап тапқан және аз уақыттың ішінде сатылып кеткен.
* Орта шамамен бір еркектің өмірінің 3350 сағаты қырынумен өтеді.
* Өтіп кеткен 3500 жылдың тек 230 жылы ғана бейбітшілікпен өткен.
* Адам 8 жыл, 7 ай және 6 күн еш тоқтамастан айқайлатын болса, бір шыны аяқ кофе қайнататын энергия өндіре алады.
* Полюстердегі аюлар солақай болып келеді.

* Бүргенің өз бойынан 350 есе қашықтыққа секіре алуы – бір адамның футбол алаңының бір бұрышынан екінші бұрышына секіре алуымен тең.
* Секіре алмайтын жалғыз жануар – піл.
* Ұлулардың (бауырымен жорғалайтын құрт) төрт көзі бар.
* Түйеқұстың көзі миынан да үлкен.
* Қолтырауынның көздерінің арасындағы қашықтық аяқтарының үлкендігіне тең.
* Аралардың кейбір гүл шоғырынан алған балдары улы болады. Алайда, араларға еш зиянын тигізбегендіктен, аралар бұл гүлдерден де шірне (нектар) жинайды. Бірақ балдары адамды улайды. Бұл балға есерсоқ бал делінеді.
* Егістікке зиян тигізетін шыбын - шіркейлердің бүгінге дейін белгілі болған сандары бір миллионға жуық. Негізі 10 миллионға жуық шыбын - шіркейлер бар.
* Әлемдегі ең үлкен жануар – көк киттер. Салмағы отыз пілдің салмағындай және көздері футбол добының үлкендігіндей.

* Теңізде мекендейтін көбісі көзге көріне бермейтін өсімдіктер мен жәндіктерге планктон делінеді. Өсімдікті планктондар дүние жүзіндегі ормандардан да артық оттегін береді.
* Киттер баласын сүтпен қоректендіріп, құрлықтағы жануарлар сияқты өкпесімен тыныс алады.
* Құрлықтағы ең үлкен жануар – піл.
* Киттер балыққа жатпайтын теңіздегі сүтқоректі жануарлар.
* Планктондарсыз теңізде тіршілік жоқ. Себебі, көптеген балықтар және өзге де теңіз жәндіктері планктондармен қоректенеді. Планктондарсыз құрлықта да тіршілік жоқ.
* Барлық құрттар 32 бөліктен тұрады.
* Екі қанатты шаяндардың түрлері бар және сол қанаттарымен олар ұша алады.
* Аққұтандардың (жапон тырнасы) жұмыртқасын суға қалай лақтырса, су түбіне алақанмен қойғандай түседі.
* Адамдардың миының 90 % судан турады
* Қарақұйрықтар су қажеттілігін өсімдіктерден алғандықтан, сусыз өмір сүре алады.

* Орикс (бөкен) және кесірткелер сусыз өмір сүре алады.
* Мидағы жүйке тамырларының 40 % протеиннен, 51 - 54 % майдан тұрады.
* Мидың зат алмасу процесіне тек қана көмірсулар (глюкоза) қатысады.
* Адам миында шамамен 90 - 100 миллиардтай жасуша бар.
* Биттер өмір сүру барысында 200 - 300 жұмыртқа қалдырады.
* Үлкен биттер тістеген сайын 0, 008 гр қан сорады.
* Адамдардың денесіндегі биттер алты аяқты болады.
* Көк киттер күніне шамамен 40 миллион планктондармен қоректенеді.

* Көк киттер басының төбесіндегі тесіктері арқылы 100 тонна су жұта алады және осы суды сүзгіш ретінде қолданады.
* Көк киттер екпінмен секірген соң 3 сағаттай қимылдамай, су бетінде қалқып жүзе алады.
* Көк киттердің тістерінің орнында шеміршектер болады.
* Кішкентай акулалардың 3000 - ға жуық тістері бар.
* Планктон балығы алты мемлекетте ең қымбат балық ретінде сатылады.
* Планктондар бір жұмыртқалағанда 10000 жұмыртқа салады.
* Арыстан қалай орман патшасы болса, мұхиттардың да патшасы акулалар.

* Мұхит кесірткесі (игуана) су астында дем алмастан жарты сағат тұра алады.
* Көкторғай (щурка) минутына 60 - 70 рет қанат қағады.
* Қолтырауын су астында дем алмастан 4 - 5 сағат тұра алады.
* Қолтырауындар күнге шыққанда рахаттану үшін ауыздарын ашады.
* Акулалар жейтін қоректілерінің қозғалысын 100 м қашықтықтан сезеді.
* Арқан балықтар (лосось) көбеюлері үшін 100 км қашықтыққа кетеді.
* Құстардың ішіндегі ең үлкен жұмыртқа – түйе құс жұмыртқасы. Салмағы 1, 5 кг.

* Біздің дәуірімізден 700 жыл бұрын жоғалып кеткен піл құстарының жұмыртқасы шамамен 12 кг болған.
* Күлу үшін 17, қабақ шыту үшін 42 бұлшық етті қозғалту керек.
* Шикі жұмыртқаны қолымызбен айналдырып, тоқтатқанда іші айналады.
* Дүние жүзіндегі ең үлкен гүл Индонезияның жаңбырлы ормандарында өсетін Раффлезия гүлі. Гүлдің диаметрі 60 см.

* Кейбір өсімдіктер ет жейді. Шықшөп өсімдігі жапырақтарына қонған шыбын - шіркейлермен қоректенеді.
* Әлемдегі ең ұзын ағаш АҚШ - тың Калифорния штатында өсетін мәңгі жасыл ағаш – секвойя. Бұл ағаш шамамен 2000 жыл жасайды, салмағы 500 тонна.
* Мәңгі жасыл ағаштарының тағы бір түрі, биіктігі 90 - 95 м - ге дейін өсетін секвойядендрон (мамонт ағашы) 3000 жылдан артық жасайды. Бұл ағаштардың ең үлкен биіктігі 112 м.
* Әлемдегі ең кәрі ағаш АҚШ - тың Калифорния штатындағы қара қарағай ағашы 4600 жаста.
* Ағаштардың өскен сайын діңдері де кеңейе береді. Яғни жыл сайын сақина қосылып тұрады. Осы сақиналарының санымен ағаштың жасын білуге болады.

* Жөке (липа) ағашының отыны ең жеңіл отындардың бірі болғандықтан ұшақ моделдері сияқты жеңіл заттарға жөке ағаштарын пайдаланылады.
* Талшын (буктың бір түрі) ағашының тақтайлары шамамен 500 жылға төзімді болып келеді. Қаратеңіз аймағының тарихи үйлері осы ағаштан жасалынған.
* Әлемнің жеті кереметінің бірі болған Бабылдың аспалы бағы заманына сай өте жақсы суландыру әдісімен осындай халге жеткен.
* Қар жапалақтары алтыбұрышты болып келеді. Әр жауғанда түскен миллиардтаған қар жапалақтары бір - бірлеріне ұқсамайды.

* Бүгінге дейін белгілі болған ең үлкен бұршақ диаметрі 19 см. Бұл шамамен футбол добының көлеміндей болады.
* Аспанның көгілдір түсті болуы атмосферадан, яғни атмосферадағы тұздардың және су тамшыларының көгілдір түсті өте көп шағылыстыруы нәтижесінде аспан көгілдір түске боялып тұрады. Космоста Күн сәулесін түстерге ажыратып, осылардан біреуін шағылыстыратын материя болмағандықтан космос қара түске боялып қараңғы болып тұрады. Егер де Айда өмір сүргенімізде, аспаннан қара түс көретін едік.
* Ең көп жауын жауатын жер – Гавайи аралындағы тау. Бұл жерде жылына 350 күн жаңбыр жауады.
* Ең аз жауын жауатын жер – Оңтүстік Америка мемлекеті Чилидің Атакама Шөліндегі бір өлке. Бұл жерге 1971 жылы жауған жаңбырдан бұрын 400 жыл бойы жаңбыр жаумаған.
* Жібек саудасы үшін Еуропадан Қытайға қатынайтын керуендердің жүздеген жылдар бойы қатынап келе жатқан жолы – Ұлы Жібек жолы.
* Аралардың тапқан гүлдерінің жерін өзге де жұмысшы аралар ара биі деп аталатын іс - әрекет арқылы гүлдің қашықтығын және бағытын түсіндіріп береді екен.
* Дүние жүзіндегі ең қатты жел 1999 жылы АҚШ - тың Оклахома штатында сағатына 509 км жылдамдықпен соққан.
* Адам күніне көзін орта шамамен 100000 рет ашып - жұмады.
* Үшінші мың жылда (XXX ғасыр) 365, 242 күнге созылады.
* Кенгурулар артқа қарай жүре алмайды.

Толық нұсқасын жүктеп алу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Судың адам өміріне, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі үшін маңызы

Судың адам өміріне, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі үшін маңызы

Жер бетіндегі тіршілік үшін судың мәні зор. Су болмаса, өсімдік өспейді. Жануарлар да, адам да сусыз тіршілік ете алмайды. Фабрикалар мен зауыттардың...
Шөл далаға саяхат

Шөл далаға саяхат

Мақсаты: Балаларға жазы ыстық, құрғақ болып келетін шөл дала туралы түсінік беру, шөл далада өсетін өсімдіктер мен жануарлар туралы алған білімдерін...
Қосмекенділер

Қосмекенділер

Мұхиттар, теңіздер және басқа да су қоймалары Жердің ¾ бөлігін алып жатыр. Бұл су қоймалары көптеген жануарлардың мекені болып табылады. Жер...
Суды қорғау

Суды қорғау

Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы Комсомол жалпы орта мектебінің мұғалімі: Есенбаева Зинура...
«Жануарлардың тіршілігі. Жануарлардың тіршілігіне не қажет?»

«Жануарлардың тіршілігі. Жануарлардың тіршілігіне не қажет?»

Павлодар қаласы,Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ Бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Тақырып: «Жануарлардың тіршілігі. Жануарлардың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×