Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Қазақтың жеті санға ерекше көңіл бөлгені

Жеті жетекші:
1. Адамның басшысы - ақыл
2. Жетекшісі - талап
3. Жолаушысы - ой
4. Жолдасы -кәсіп
5. Қорғаны - сабыр
6. Қорғаушысы - мінез
7. Сынаушысы - халық (Саққұлақ би)

Жеті ғашық:
1. Ләйлі –Мәжнүн
2. Фархад –Шырын
3. Таһир –Зуһра
4. Арзу –Қамбар
5. Уәлік –Ғарра
6. Уәки – Күлшаһ
7. Жүсіп –Зылиқа

Жеті шәріп (жеті әулие):
1. Меке шәріп
2. Мәдина шәріп
3. Бұхар шәріп
4. Шам шәріп
5. Қатым шәріп
6. Құддыс (Мысыр) шәріп
7. Кәләм шәріп (Құран)

Жеті қазына:
1. Ер жігіт
2. Сұлу әйел
3. Ақыл, білім
4. Жүйрік ат
5. Қыран бүркіт
6. Берен мылтық
7. Жүйрік тазы

Жеті ғалам:
1. Шығыс
2. Батыс
3. Оңтүстік
4. Солтүстік
5. Аспан (жоғары ғалам)
6. Жер (орта ғалам)
7. Жер асты (төмендегі ғалам)

Жеті күн:
1. Бүгін
2. Ертең
3. Бүрсігүні
4. Арғы күн
5. Ауыр күн
6. Соңғы күн
7. Азына

1. Дүйсенбі
2. Сейсенбі
3. Сәрсенбі (сәтті күн)
4. Бейсенбі
5. Жұма (қасиетті күн)
6. Сенбі
7. Жексенбі

Жеті жұт:
1. Құрғақшылық
2. Жұт (мал қырылу)
3. Өрт
4. Оба (ауру)
5. Соғыс
6. Топан су
7. Зілзала

Жеті жоқ:
1. Жерде өлшеуіш жоқ
2. Аспанда тіреуіш жоқ
3. Таста тамыр жоқ
4. Тасбақада талақ жоқ
5. Аллада бауыр жоқ
6. Аққуда сүт жоқ
7. Жылқыда өт жоқ

Жеті жетім:
Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу-қазсыз көл жетім,
Замандасы қалмаса-
Бірінен де сол жетім.

Жеті ата:
1. Бала
2. Әке
3. Ата
4. Арғы ата
5. Баба
6. Түп ата
7. Тек ата

Жеті қат көк:
1. Ай
2. Күн
3. Шолпан
4. Есекқырғын (Меркурий)
5. Қызылжұлдыз (Марс)
6. Сатурн
7. Мүштәри (Юпитер)

Жеті амал:
1. Күннің тоқырауы
2. Қарашаның қайтуы
3. Үркердің батуы
4. Мұздың қатуы
5. Киіктің матауы
6. Қыс тоқсан
7. Ай тоғамы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Санды 7-ге көбейту, бөлу

Санды 7-ге көбейту, бөлу

Сабақтың мақсаты: • 7 - ге көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру. 7 - ге бөлу, кеміту, есе арттыру, есе кемітуге арналған есептер шығару....
7 саны және цифры

7 саны және цифры

7 саны және цифрымен таныстыра отырып, киелі сан екенін меңгерту. Саналы түсіну машығын жетілдіру. Алған білімдерін саралау. Санды санға қосуға...
Жеті қазына

Жеті қазына

Балалар, Сағи қайда? Ол Қазына іздеушілер фильмін өте жақсы көретін еді ғой. Тағы да қазына іздеуге кеткен болар. Мен мына қазына толы сандықшаны...
Ынтымақты отбасы

Ынтымақты отбасы

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Аққұдық орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Уразтаева Асет Куандыковна....
Қызым — қызғалдағым, ұлым — ізгі арманым

Қызым — қызғалдағым, ұлым — ізгі арманым

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Сайрам ауылы, № 1 Ю. Сареми атындағы мектеп – гимназиясының мұғалімі Рано Эгамбердиева...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету