Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақтың тиымдары

Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі - тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Тізені құшақтау - жалғыз қалудың, қолды төбеге қою - ел - жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, асты төгу - ысыраптың белгісі деп танылған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салынған.

Арыңды сатпа.
Арамтамақ болма.
Аруаққа тіл тигізбе.
Әдепсіз болма.
Адамға қару, мылтық кезенбе.
Ақты жерге, суға төкпе.
Адамды шошытпа.
Адамды айналма.
Адалды араммен араластырма.
Асты қорлама, үрлеме.
Ант ішп әбес сөйлеме.
Аманатқа қиянат жасама.
Адамды малды аттама.
Ауру тілеме.
Арамдық ойлама, істеме.
Ауруға күлме.
Аузыңа ие бол.
Аспанға қарап түкірме.
Әлсізге күш көрсетпе, зәбірлеме.
Әйелге өктем сөйлеме.
Басыңды шайқама, соқпа.
Босағада отырма.
Босағаны көрме.
Баскиіміңді аяғыңа киме.
Бос бесікті тербетпе.
Білмесең айтпа.
Бейуақытта жылама, ұйықтама.
Бөркіңді теріс киме.
Баланы басқа ұрма.
Бетіңді сызба, қисайтпа.
Баланы шошытпа.
Біреуге жамандыық тілеме.
Біреудің еңбегін, ақысын жеме.
Біреуді қарғама, сөкпе, тілдеме.
Басыңа ие бол.
Дініңе тіл тигізбе.
Дұшпанға сенбе, жалынба.
Досыңды өкпелетпе.
Дүниеқор болма.
Дәстүрге қарсы келме.
Дәмге түкірме, жамандама.
Дініңді сатпа, айырбастама.
Дастарқанды аттама, баспа.
Досыңды сатпа.
Ердің сөзін екі етпе.
Еңбектен қашпа.
Еріншек болма.
Ерніңді шығарма.
Есікті қатты жаппа.
Ер-тұрманды аттама.
Зорлықшыл болма.
Зинақор болма.
Жамандыққа жол берме.
Жақсының жолын кеспе.
Жаман ырым жасама.
Жала жаппа.
Жаман жерді баспа.
Желмен жарыспа.
Жаман тілек тілеме.
Жаманға ерме.
Жақсылығыңды сатпа, бұлдама.
Жеңілтек болма.
Жәндікті өлтірме.
Жерді теппе, сабама.
Жүреңнен отырма.
Желге қарсы түкірме.
Жатып тамақ ішпе.
Жаман іске үйренбе.
Жамандыққа жақындама.
Опасыз болма.
Орынсыз ойбайлама.
Отпен ойнама, шалқытпа.
Отқа түкірме, су төкпе.
Отты аттама.
Орынсыз іске араласпа.
Ошақты, жерошақты аттама.
Өзімшіл болма.
Өз үйіңді кісімсіме.
Өтірік, өсек айтпа.
Өтірікшіге ерме, құптама.
Өтірік күлме, жылама.
Өткенге өкінбе.
Өтірік куәлік берме.
Өлген адамды тілдеме.
Өлімге күлме.
Өлім тілеме.
Өркөкірек болма.
Пышақ кезенбе.
Пышақ жүзін жалама.
Сұрамсақ болма.
Сабырсыз болма.
Салақ болма.
Сұқтанба.
Сәбиді ұрма, теппе.
Сараң, пайдакүнем, ұсақ болма.
Саусағыңды беземе.
Саусағыңды танауыңа сұқпа.
Саусағыңды аузыңа салма.
Суға дәретке отырма.
Тамақты жерге төкпе.
Тілазар болма.
Тамақты аттама, жамандама, үрлеме.
Табалдырықты баспа.
Түнде үй сыпырма.
Түнде тырнағыңды алма.
Тырнағыңды тістеме.
Тұзды баспа.
Тамақтың үстіне отырма.
Тіліңді шайнама,бұрама.
Тамақты сораптап ішпе.
Таңдайыңды татпа.
Тізеңді құшақтама.
Түнде ысқырма.
Тісіңді қайрама.
Таңертеңгі асты тастама.
Тентек болма.
Түкірігіңді, қақырығыңды жұтпа.
Теріс сөйлеме.
Иесіз үйге кірме.
Итке ожаумен ас құйма.
Иегіңді таянба.
Инені тістеме.
Көптің жолын кеспе.
Көнке топырақ шашпа.
Кірдің суын баспа.
Көкірегіңді керме.
Күш көрсетпе.
Кісі мініне күлме.
Кемтарға күлме, мазақтама.
Кісіге саусағыңды шошайтпа.
Кісіні сыртынан жамандама.
Күлді шашпа.
Көп сөйлеме, көп күлме.
Көкті жұлма.
Кеудеңді соқпа.
Күншіл болма.
Кешкі асты бақпа.
Көп ұйықтама.
Қолыңа ие бол.
Қолыңды сілікпе, сермеме.
Қайықты теңселтпе.
Құдайға тіліңді тигізбе.
Құдайды ұмытпа.
Қабірді баспа.
Қабірге қол шошайтпа.
Қарт адамға күлме.
Қызғаншақ болма.
Қызға қол жұмсама.
Құдыққа түкірме.
Қақтың суын ішпе.
Қонаққа қатты сөз айтпа.
Құйынды қума.
Қулық жасама.
Малды үркітпе.
Малға зәбір жасама.
Малды ұрма, боқтама.
Менмен болма.
Маңдайыңды ұрма.
Мақтаншақ болма.
Мойныңа жіп немесе белбеу салма.
Мезгілсіз жатпа.
Мезгілсіз ұйықтама.
Мезгілсіз жүрме.
Нанды бір қолмен үзбе.
Нанды жерге тастама.
Нан үстінен зат қойма.
Нас, лас болма.
Намазды бұзба.
Намысыңды таптама.
Наданмен дос болма.
Уһілеме.
Үйге сыртыңмен кірме.
Үлкеннен бұрын сөйлеме.
Үлкеннен бұрын отырма.
Үлкеннен бұрын жатпа.
Үлкеннен бұрын тамаққа қол салма.
Үлкенді мазалама.
Үлкенге қатты сөйлеме.
Үйге жүгіріп кірме.
Үйге жылап кірме.
Үйді сабама.
Үйді айналып жүрме.
Үйде ысқырма.
Ұрысқаққа тіл қатпа.
Ұрлық қылма, ұсақ болма.
Ұрыншақ болма.
Шақырмаған жерге барма.
Шалбар жастанба.
Ысырапқор болма.
Ыдысты аттама, теппе.
Ішегіңді тартпа.
Ішімдікке бой ұрма.
Халқыңды жамандама.
Халыққа қарсы сөйлеме.
Рұқсатсыз кірме.
Рухыңды түсірме
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×