Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Жүктілік кезінде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма?

Жүктілік кезінде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма?
Жүктілік кезінде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма?
Əрине, болады, болғанда қандай! Жыныстық қатынас еркек үшін де, əйел үшін де табиғи тұрақтылықты сақтаудың тиімді жолы болып саналады емес пе?! Бірақ ескеруге тиісті бірнеше жағдайлар бар.
Аяғы ауыр əйелдің ағзасында көптеген өзгерістер болады. Солардың бірі — жыныстық қатынасқа байланысты сезімдер. Қалыпты жағдайдағы жыныстық қатынас пен жүктілік кезіндегі жыныстық қатынастың біршама айырмашылығы бар. Мысалы, кейбір əйелдер аяғы ауыр кезде ертерек тояттайды, жақындасуға қажеттілігі мен құмарлығы артады. Керсінше жағдайда қатынастан алатын лəззат бұрынғыдай болмай жатады. Бірақ соңғы жағдай өте сирек кездеседі (жүктіліктің алғашқы триместрінде). Бала дүниеге келеді деп күтілген мерзімге 2 - 3 апта қалғанда жыныстық қатынастан бас тарту абзал. Ол уақыттағы жыныстық қатынас балаға зиянды болуы əбден мүмкін. Себебі тояттау кезінде пайда болатын окситоцин гормоны қанға түсіп, жатырдың жиырылып қалуына əкеп соғады.
Тояттау (оргазмға жету)
Жүкті əйелдің қынабы сезімтал келеді. Ол тезірек əрі естен кетпестей тояттауға себеп болады. Жүктілік кезіндегі тояттау алғаш жүкті болған əйелдер үшін ең алғашқы керемет сезім болуы мүмкін. Жүкті əйелдің оргазмға жетуі іштегі бала үшін де пайдалы. Өйткені жыныстық қатынастан өзіне қажеттісін алып, тояттаған əйелдің ағзасы жақсы жұмыс жасайды, қан айналымы жақсарады. Ал ол дегеніміз жатырда жатқан сəбиге жағатын табиғи процесс.
Ескерту! Егер жүктілік қалыпты жағдайда болмаса, тояттау зиянды болуы мүмкін. Себебі тояттау кезінде жатырдың бұлшықеттері жиырылып қалады. Егер жыныстық қатынастан кейін жайсыздық сезілсе, немесе жүктіліктің қалыпты болмауын жақындасқанға дейін байқасаңыз, онда дəрігер кеңесіне құлақ түріңіз.
Іштегі сəби жаныстық қатынасты сезе ме?
Əрине, сезеді, бірақ басқаша сезеді. Оның сезгендігін қатынас аяқталғаннан кейін қимылдауынан да білуге болады. Сəбидің қимылдағанынан қорқудың қажеті жоқ. Өйткені анасы лəззат алған жыныстық қатынастан кейін кіші жамбас (малый таз) аймағында қан айналымы белсенді жүріп, баланың жолдасы (плацента) арқылы жатырдағы балаға оттегі мен қоректік заттар көп мөлшерде барады.
Егер сəбидің соққы алуы жайлы күдік болса, оны сейілту үшін жыныстық қатынасқа түспес бұрын əйелі мен ері ақылдасып, əйеліне қолайлы күйді (қалып, поза) таңдау керек. Кей жағдайларда дұрыс күйді дəрігерлер алдын - ала ескертіп жатады.
Жатырдың ішіндегі сəбиді соққылардан қорғайтын бірнеше сақтық қабаттары бар. Олар: жатырдың бұлшықетті қалың қабырғасы, қағанақ сұйықтығы (аниотическая жидкость) мен көпіршігі, жатырдың кілегейлі (былжыр) тығыны.
Қандай жағдайда жүкті əйелдің жыныстық қатынасқа түсуіне болмайды?
Жоғарыда жыныстық қатынасқа түсуге болмайтын жағдайлардың бір - екеуін жаздық. Олардың қатарына тағы бірнеше жағдайлар жатады.
Мысалы: көп ұрықты жүктілік кезінде (егіз балалар туылатын жағдайда);
əйел мен жатырдағы сəбидің денсаулығына қауіп төнгенде;
қынаптан қан немесе соған ұқсас сұйықтықтар ағатын болса;
жатырдан сұйықтық (қағанақ сұйықтығы) бөлінгенде;
жыныс жолы арқылы жұғатын індет табылғанда;
түсік тастаған кезде.
Түсіктен кейін біршама уақыт жыныстық қатынасқа түсуге болмайды.
Жүктілік кезеңдеріне байланысты жыныстық белсенділік
Жүктіліктің алғашқы триместрінде (алғашқы үш айы) əйелдің жыныстық белсенділігі аса зор болмайды. Өйткені токсикоз бен сүт бездерінің ісінуі біраз физиологиялық қиындықтар тудырады. Мұндай жағдайда ері түсіністікпен қарауы керек. Жыныстық қатынас кезінде əйелдің сүт бездеріне (емшектеріне) ұқыпты түрде тиісуі керек.
Екінші триместрде көптеген қиындықтар жойылады. Жыныстық қатынасқа деген құлшыныс артып, əйелдің бойында өзгеше сезімдер мен құмарлық пайда болады. Егер жүктілік дұрыс жүріп жатса, жыныстық қатынасқа түсуден ешқандай қауіп болмайды. Дəрігерлер бұл триместрді екінші бал айы деп те айтады екен.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, математикадан сабақ жоспары, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету