Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Арықтау үшін не істеу қажет?

Арықтау үшін не істеу қажет? Бұл сұрақты көптеген қыз-келіншектер жиі қойып жатады. Осы мәселе бойынша қалай тез әрі қолжетімді арықтауға болады? Төмендегі мақаланы оқи отырып, сіздер сұрақтарыңызға жауап аласыздар деген ойдамыз.

Арықтағыңыз келсе, шырын ішіңіз.
Бүгінде алма шырыны ең танымал жемісті шырын екені рас. Бұл дәмді және пайдалы шырынды қолжетімді бағамен еліміздің кез - келген жерінен сатып алуға болады.

Алма шырынының пайдасы:
Алма шырының пайдасы оның құрамында ағзаның иммунды күшін арттыратын А, В және С дәрумендерінің мол болуында. Алма шырынының құрамында сонымен қатар, биотин, пантотен және фолий қышқылы бар. Соңғысы шаш пен тырнақты қатайтып, жақсы әсер етеді. Онымен қоса, алма шырыны темір, магний және фосфор біріккен минералды заттарға бай. Бұл керемет шырынды жиі ішіп тұратын болсаңыз, ұзақ жылдар бойы есте сақтау мен интеллектуалды қабілетіңізге шағымданбайтын боласыз. Бұл шырынның құрамында ми жасушаларының оксиданты күйзелуінің алдын алатын органикалық заттардың болуымен түсіндіріледі.

Алма шырынындағы табиғи жеміс қанты мен органикалық қышқылдардың арқасында денеге түскен ауырлықтан ағза нәтижелі әрі тез қалпына келеді. Бұл шырынның құрамындағы органикалық қоспалар жүрек - тамыр жүйесіне пайдалы әсер етеді.

Егер сізді асқазан қышқылдығының төмендеуі, авитаминоз, қаназдық, инфаркттан кейінгі қалып сынды мәселелер толғандыратын болса, онда қышқыл алма сұрпынан дайындалатын шырынды ішкеніңіз абзал. Зат алмасудың бұзылуы, атеросклероз және буынның ұстамалы ауруы кезінде де алма шырынын ішу пайдалы. Өйткені ол табиғи физиологиялық процесстердің қалпына келуіне ықпал етеді. Алма шырыны микробтарға қарсы әсер ететін күшке ие. Сонымен қатар артық тамақ жеуге жол бермейді.

Қант диабетіне шалдыққан адамдарға тек жасыл алма шырынын ішуге рұқсат етіледі. Ал сау адамдарға бір күнде 1 литр алма шырынын ішуге болады. Бұл шырын несеп айдайтын және өт айдайтын құрал ретінде де пайдалы. Ағзаның жалпы тонусын көтеріп, шөлді керемет басады. Алма шырыны қан құрамындағы холестеринді және жүрек - тамыр жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіруге ықпал етеді.

Жаңа сығылған алма шырыны – арықтау үшін таптырмайтын«дәрі». Бұл сусынның 100 граммында шамамен 50 кило калория болады. Аптаның бір күнін жеңіл тамақтарға арнап, рационыңызға алма шырынын қоссаңыз, артық салмақтан құтылып қана қоймай, ағзаңыздың жалпы саулығын жақсарта аласыз.

Қандай жағдайда алма шырынын ішуге болмайды?
Ішек - қарын жолы ауыратын, әсіресе, ауруы асқынған адамдарға алма шырынын ішуге тыйым салынады. Сонымен қатар бұл сусын қатты аллергиялық әсер беруі мүмкін. Ағзаның шырынды жекелей қабылдамайтын жағдайында да ішпеген абзал.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
«Не қайда өседі?» ұсақ қол моторикасын дамытушы ойындары

«Не қайда өседі?» ұсақ қол моторикасын дамытушы ойындары

Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған балабақшасының тәрбешісі Жайлығалиева Сандуғаш Жайлығалиқызы...
Асқабақтың дәрілік қасиеті

Асқабақтың дәрілік қасиеті

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға негізгі мектебінің 1 - сынып оқушысы Рахматуллина Анастасия Жетекшісі: саға негізгі мектебінің Мұғалімі м. Т....
Бөлшектерді қосу мен азайту

Бөлшектерді қосу мен азайту

Көкшетау қаласы ФМБ-ғы Назарбаев Зияткерлік мектебі Шамиганова Райхан Манапқызы...
Менің саябағымның алма ағаштары

Менің саябағымның алма ағаштары

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп - гимназиясы 2 "Б"сынып оқушысы Жазыкбаева Диана Ержанқызы Жетекшісі: Қашқынбаева...
6-сыныпта өтілген тақырыптар бойынша жылдық қорытынды тест

6-сыныпта өтілген тақырыптар бойынша жылдық қорытынды тест

Қарағанды қаласы, № 6 ЖББОМ математика пәнінің мұғалімі Канторбаева Шану Ракишевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету