Сайтқа кіру Тіркелу

Ет сүрлеудің әдістері

Ата-бабаларымыз қашанда ертеден еттің ұзақ сақталуын білсе керек. Оның үстіне, жас еттен гөрі сүр еттің пайдасы айтарлықтай екені исі қазаққа анық. Қазақстанның әр облысында етті өзінше сүрлейді, осы тұрғыда оны сақтап, сүрлеудің түрлі тәсілдерімен таныстыруды жөн көріп отырмыз.

• Тұздап сүрлеу
Соғымның сұрпы еті ғана емес, қазысы мен қартасы, жалы мен жаясы, омыртқасы мен төс еті де сүрленеді. Етті күн көзіне тигізбей, салқын жерде кептіріп алу керек.

• Қарын-сүрме
Қарын-сүрме тәсілі етті қарынға тығып сақтау арқылы жүзеге асады. Мұнда сиырдың немесе қойдың етін тұздап, қарынға салғанда өзіне сіңеді.

• Ыстап сүрлеу
Ыстап сүрлегенде отты бықсытады. Сосын еттерді шошала ішінде сарғыш түтінде ыстайды. Етті шошалаға іліп, түтінде ыстау қажет етіледі, бірақ, ыстаудың өзіндік мөлшері болғаны жөн.

• Малды үйітіп сақтау
Терісін сыпырмай, үйітіп алып сақтайды. Мұндай ет өте дәмді болады.

• Ұн ішінде сүрлеу
Қазы-қарта, жал-жая сынды бағалы еттерді осылай сақтаған. Ұнның ішіне ет тереңірек салынып қойылады.

• Қайнатып алып кептіру
Жас етке тұз сіңген соң оны қазанда бір қайнатып алып, кептіреді. Етті жұқалап қақтайды, кешкі салқында іліп қоя керек.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×