Сайтқа кіру Тіркелу

Жол қозғалысы ережелеріне бірнеше өзгерістер енгізілді

14 шілдеден бастап жол қозғалысы ережелеріне бірнеше өзгерістер енгізілді. Сонымен соларды айтып өтейік.
Заңмен Салық кодексіне мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің тізбесін кеңейту бөлігінде түзетулер енгізілді, және оларды бергені үшін:
цифрлық белгіленуі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлеріне -5 700 пайыз;
цифрлық белгіленуімен байланысты емес әріптік белгіленуі бірдей (АА), ВВВ (ВВ), ССС (СС), ZZZ (ZZ) таңбаларға- 5 700 пайыз;
әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлерге -28 500 пайыз;
әріптік белгіленуі бірдей, 100, 111, 200, …, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірін бергенi үшiн – 19 700 пайыз;
әріптік белгіленуі бірдей, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлеріне – 11 400 пайыз мемлекеттік баждың жоғарылатылған мөлшерлері көзделеді.
Бұған қоса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгертулер енгізілді:

1) көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін мүгедектерді көлiк құралдарын басқару құқығынан 3 жылға айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілік енгізілді (ӘҚБтК 46-бабының төртінші бөлігі);
2) ӘҚБтК 596-бабының үшінші бөлігін әр түрлі түсіндіруде болдырмау мақсатында, аталған норма қарсы жолаққа шығу тыйым салынған жерлерде қарсы жүру жолағына шыға отырып, бұрылу немесе кері бұрылу үшін көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тарту бөлігінде нақтыланды (ӘҚБтК 596-бабының үшінші бөлігі);
3) жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл мөлшері 5-тен бастап 3 АЕК-ке дейін қысқартылды (ӘҚБтК 601-бабының бірінші бөлігі);
4) масаң күйін куәландырудан өтуден бас тартқан үшін жүргізуші куәлігінен айыру мерзімі 2 жылдан 3 жылға дейін көбейтілді(ӘҚБтК 613-бабының төртінші бөлігі);
5) ішкі істер органдарының, әскери полицияның қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз жолаушыға көлік құралынан шығып кеткені үшін жауапкершілік алынып тасталынды (ӘҚБтК 613-бабының он екінші бөлігі).
«Жол жүрісі туралы» Заңда түнгі уақытта (сағат 23-тен таңғы 06 сағатқа дейін) қалааралық, ауданаралық қатынастарда автобустармен тұрақты емес тасымалдаулар арқылы жолаушыларды тасымалдауға тыйым салу алынып тасталды.

Әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда жүргізуші куәлігін айырбастау кезінде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыру жөніндегі міндеттілік жойылады.
«D» (автобустар) санатындағы көлік құралын басқару үшін әскери қызметшілердің жасы 19-дан 18 жасқа төмендетілді.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекетін тіркеу үшін көлік құралын тоқтатқан жағдайда жүргізушілерге фото және бейнежазба жүргізу құқығы берілді.
Көлік құралын тоқтатқаннан кейін полицияның дереу жақындап келуі, өзін таныстыруы, жүргізушінің талап ету бойынша қызметтік куәлігін көрсетуі, тоқтату себебін түсіндіру, радардың (қолданылған жағдайда) деректерін көрсету міндеті белгіленді.
Көлік құралын тоқтатқан полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындау бойынша жүргізушінің міндеті белгіленді.
Уәкілетті органның лауазымды тұлғаларына жол жүрісі саласында нұсқамалар шығару бойынша құзырет берілді, бұрын осындай өкілеттілік жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспекторға ғана берілген болатын.
Көлік құралына аэрография салу бойынша тыйым салу алынып тасталды.
«Tm» санатындағы (трамвай) көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін үміткерлер жасы төмендетілді (25 жастан 21 жасқа дейін) және басқа көлік құралын басқару тәжірибесі бар болу қажеттігі туралы талап алынып тасталды.

Жаяу жүргіншілер өткелінен велосипедпен жүруге тыйым салынды.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарына кәсіпкерлік қызмет немесе өзге де еңбек қызметін жүзеге асырған кезде халықаралық немесе шетелдік жүргізуші куәлігінің негізінде көлік құралын басқаруға рұқсат берілді.

Заңның ережелері 2017 жылдың 15 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі. Ал мемлекеттік баждың жоғарылатылған мөлшерін көздейтін тіркеу нөмірлік белгілерінің тізбесін кеңейтуге қатысты Салық кодексіне түзетулер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен...
Декреттік демалысқа шығудың реті қандай?

Декреттік демалысқа шығудың реті қандай?

Сіз бақыттысыз, себебі сіз ана боласыз. Осындай ғажайып сәтте барлық проблемаларды ұмытып, ана бақытын сезінген қандай жақсы. Бірақ сіз білуге тиісті...
Қазақстан азаматтарын тұрғылықты мекен жай бойынша тіркеу жөнінде не білу к ...

Қазақстан азаматтарын тұрғылықты мекен жай бойынша тіркеу жөнінде не білу к ...

«Уақытша тұратын жер» деген не? Енді бұл түсінік «Халықтың көшіп-қонуы туралы» Заңның 1-бабында жазылған: «уақытша болатын (тұратын) жер – тұрғылықты...
Жол ережесін білейік, есен аман жүрейік

Жол ережесін білейік, есен аман жүрейік

Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс - жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге...
Өз өміріңді сақта

Өз өміріңді сақта

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназия тарих пәнінің мұғалімі Изетова Ханым Басқанқызы Өз өміріңді...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×