Сайтқа кіру Тіркелу

Ауа райының адамдарға қандай әсері бар

“Жаңбыр жауса, бас ауырады”. “Жел соқса, сүйектер қақсайды”. “Аптап ыстықта бас айналады”. Осындай қате мифтерге сеніп жүре бергенше дәрігерге қаралып, аурудың себебін анықтап, алдын алған дұрыс дейді ғалымдар.

Денсаулық пен ауа райын байланыстыратын жалған аңыздардың тізімі төменде. Осыдан кейін бұл мифтерге сенбесеңіз болады.

№1 Миф: Күйзеліс ауа райына байланысты пайда болады
Күз мезгілі көңілсіздіктің, қыс мезгілі бойкүйездіктің, көктем ауыспалы көңіл - күйдің уақыты, ал жаз айы жанға жайлы мезгіл деген тұжырым санада қалыптасып қалған заңдылықтар. “Адамның көңіл - күйі ауа райына байланысты қалыптасады” деген пікірге сенетіндер де баршылық.

Ауа райы
Ғалымдардың айтуынша, адамның көңіл - күйі мен күйзеліске түсуіне жыл мезгілінің де, ауа райының да қатысы жоқ екен. Бұл тек адам ағзасынан бөлінетін гормондарға байланысты. Психологтар да адамдар ауа райына қатысты көңіл - күйді өз қалауымен жасап алатынын растайды. Сондықтан, ауа райы қандай болса, күйзеліске себеп іздемеңіз. Себебі, көңіл - күй табиғат құбылыстарының тылсым күшіне емес, санадағы сенімге байланысты.

№2 Миф: Ауыспалы ауа райында ескі сырқаттар сыр береді
Температура амплитудасы жоғары болған жағдайда қан қысымынан зардап шегетіндер денсаулығына шағымданып жатады. Жүйке ауруы да ауа райына байланысты сыр береді деген миф бар. Ауыспалы ауа райы кезінде ескі сырқаттар сыр береді дегенге де сенудің қажеті шамалы. Медицина тілінде ауа райына тәуелді организм ауруларын метеопатия деп атайды. Алайда, бұл процесс тек қант диабетімен ауыратындарға және қан қысымынан зардап шегетіндерге ғана қатысты болып келеді.

Егер күтініп, денсаулығыңызға назар аударып жүрсеңіз, кез келген ауа райына қарсы тұратын иммунитет қалыптастырасыз. Қашан күн райы бұзылғанын күтіп, ауруды күтіп отырғанша, сырқаттың алдын алып, дәрігерге қаралған артық етпейді.

№3 Миф: Метеотәуелділік барлық адамдарға тән
Адам ағзасының ауа райы өзгерістері мен климаттық ерекшеліктерге сезімталдық танытуы медицина тілінде метеотәуелділік деп аталады. Метеотәуелді адамдар әлсіз, күйзеліс пен шаршауға бейім болып келеді. Жүрек - қан тамырлары, өкпе аурулары мен неврозға ұшыраған адамдар ауа райының құбылуына төзімсіз болады. Олар ылғалдылық артып, жел күшейсе, күн бұлттанып, жаңбыр жауса, атмосфералық қысым жоғарыласа, өздерін жайсыз сезініп, ауырып қалуы мүмкін. Дәрігерлер метеотәуелді адамдарға қозғалыс белсенділігін төмендетіп, жиі тынығуға, психоэмоционалды ауыртпалықтан сақтануға кеңес береді. Мазасы кеткен науқастар дәрігерге көрініп, тиісті дәрі - дәрмек жаздырып ала алады.

Алайда, метеотәуелділік барлық адамдарға тән емес. Атап айтқандай, бұл белгілі бір ауру түрлеріне, адамный жүйке жүйесіне байланысты қалыптасады. Метеотәуелділік мәңгілік құбылыс емес. Оның адам бойында пайда болуы да, белгілерінің жоғалуы да адамның тікелей өзіне байланысты.

№4 Миф: Магнитті өріс денсаулыққа зиян
Магнитті өрістің денсаулыққа әсері
Белгілі бір күндері Жерге магнитті өрістің толқындары таралады. Осындай хабарды естігенде, адамдардың бойында автоматты түрде толқыныс пен үрей пайда болады. Кейде магнитті өрістің әсерінен басым ауырып тұр, бүгін күннен жағымсыз энергия бөлінеді екен деп жатамыз. Күннен бөлінетін ерекше сәулелердің кесірінен кейбір адамдардың жұмыс істеу қабілеті де төмендеп кетеді. Мұндай жағдайда В және С дәрумендерін пайдалану керек. Магнитті өрістің қай уақытта сәулеленетінін нақты болжап айту мүмкін емес. Сондықтан, кез келген уақытта сақ болыңыз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×