Сайтқа кіру Тіркелу

Дарынды балалармен жұмыс

Дарынды оқушыларды анықтау, олардың шығармашылықпен айналысуына Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт - бағдар бере білу ерекше қиын іс.
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген:
«Дарындылық - белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс - әрекет жақсарады. Көптеген ғылымдардың ойынша дарындылық, қабілеттілік және талант бір ұғымды білдіреді.
Дарынды бала – белгілі бір іс әрекет түрінде жарқын, нақты және өте жоғары жетістікке жетіп жүрген баланы айтамыз.
Қабілет дегеніміз белгілі айқын әрекетте нәтижелі айналысуға көмектесетін тұлғаның өзіндік ерекшелігі.
Дарынды балалармен жұмыс жасаудың мәні неде?
Ерекше дарынды балаларды айқындауда келесі жағдайлар туындайды:
1. әр тұлғаның дамуына әсер ету;
2. мүмкін болған жағдайда дербес жетістіктерді ертерек жоғары деңгейге жеткізу;
3. дарындылық ресурсының қызметін жүктеу арқылы қоғамдық дамуға ықпал ету.

4. Танымдық қабілеттер мен машықтар
- ақпараттың кең көлемін игеру.
- бай сөздік қоры.
- игерілгенді жаңа материалға көшіру.
- себеп - салдарлық байланысты құру.
- құпия тәуелділікпен байланыстарды құрықтау.
- шешім шығара білу.
- ақпаратты шоғырлай және жинақтай білу.
- күрделі мәселелерді шешуге қатысу.
- ақпаратты ұйымдастыру.
- күрделі ойларды аулай білу.
- астарлы айырмашылықтарды аңғара білу.
- қарсылыққа сезімталдық.
- ақпаратты іздеудің альтернативті жолдарын қолдану.
- жағдайды талдау.
- процестің өзін де, нәтижесін де бағалай білу.
- кейін неге апарып тірелетінін көре білу.
- талқылай білу.
- болжам жасау.
- ойды тәжірибеде қолдану.
- қайта жасауға икемділік.
- ойлаудағы сыншылдық.
- жоғары білімқұмарлық.

2. Шығармашылық қабілеттер
- тәуекелшілдік қабілет.
- бағытынан тайған ойлау қабілеті.
- ойлау мен әрекетте икемділік.
- ойлау жылдамдығы.
- өзіндік идеяларын айта білу және жаңа бір нәрсені ойлап табу қабілеті.
- бай қиял.
- әркелкі нәрселерді қабылдау.
- жоғары эстетикалық құндылықтар
- дамыған сезгіштік.
Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы.
Біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
Ерекше қабілетті балаларға қамқорлық жасау – ежелден келек жатқан дәстүр. Мұндай оқушылар ел болашағына, оның интеллектік қуатына баға жетпес резерв. Сондықтан да бұларды іздеп табу - аса мәнді мейірбанды, гуманистік іс. Оларды мәпелеп, қамқорлыққа алу – баршамызға ортақ, бүкіл халықтық шара, өйткені таланттар қай кезде де қандай да іздесе таптырмайтын ұлттың рухани байлығы.
Дарынды оқушымен жұмыс істеуге қойылатын бағыт - бағдарына байланысты педагогикалық - психологиялық талаптар мынадай;
- дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;
- дарынды оқушының ата - анасымен тығыз байланыс орнатуы;
- дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы;
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі кәсіптік дайындығы бойынша оқыту
Бірінші негіз – оқушылармен жеке жұмыс жасау;
Екінші негіз – оқушылардың өзіндік жұмысы.
Үшінші негіз – оқушылар жеке жоба жасағанда балама оқулықтарды ұсыну;
Төртіншісі – шығармашылық ойын толық іске асыру.
Бесінші негіз – кітапханашының оқушыға жеке кеңес беруі.
Дарынды оқушымен жеке жұмыс:
I кезең
1 Тақырыпты таңдау.
2 Ғылыми - зерттеу орындарына саяхат жасау.
3 Пайдаланатын әдебиеттерді іздестіру.
II кезең
1. Тақырыппен жұмыс жүргізу
а) архив материалдары
ә) ақпаратпен жұмыс
б) әдебиеттер тізімі
в) қариялар аузынан
III кезең
Тақырыпты қорғау (сынып ішінде; мектепте, қалада)
Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері немесе «дарындылық белгілері» психологтар арасындағы пікірталастардың негізі болып табылады. Ғылыми – әдебиеттердің сараптамасы негізінде дарынды балалардың сипаттамасын мына тұрғыда беруге болады.
Дарынды балалар сипаттамасы:
- Ерекше есте сақтау;
- Ауызша түсіну және ойды нақты баяндау;
- Сөйлеу шапшаңдығы, мол сөздік қор;
- Есептеуіш қабілеттіліктері;
- Ойлау өткірлігі(қабылдау жылдамдығы)
- Қабылдау кеңдігі (объектімен кең композициялар құру);
- Жүйелі білім құрылымы (ақпаратты өңдеу, анализ - синтез, индукция - дедукция);
- Аса жоғары тұрақталған көзқарас
- Байқағыштық;
БІЛУ, ЖИНАҚТАУ, ТҮСІНУ, ҚОЛДАНУ, ТАЛДАУ, БАҒАЛАУ,
Нәтижесі:
- Қызығушылығын арттырады
- Ойлау және қабылдау қабілетін дамытады
- Шығармашылық ізденуіне жол ашады.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Талантты және дарынды балаларды анықтау және оқыту жолдары

Талантты және дарынды балаларды анықтау және оқыту жолдары

Дарынды және талантты оқушыларды анықтау жолдарын іздестіру, оларды оқыту әдістерін зерделеуге көмектесу, іс - тәжірибесінде пайдалануға бағыттау....
Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері

Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері

Бүгінгі таңда дарынды бала сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын...
Бастауыш сыныпта дарындылықтың ерекшеліктері

Бастауыш сыныпта дарындылықтың ерекшеліктері

Адамның шығармашылық мүмкіндіктері өте ерте байқалады. Өте қарқынды даму кезеңі - 2 - 5 жас. Осы жас кезеңінде жеке адамның негізі қаланады....
Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары

Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары

Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың...
Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары

Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары

Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×