Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Абылай хан

Ұлы Дала елінің дарабоздары
АБЫЛАЙ ХАН
Қазақ Ордасының ханы, Қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. 1743 жылға дейін Орта жүздің сұлтаны болған. Әбілмәмбет хан қаза болған соң, Абылай Ұлы жүздің ханы болады.
Абылай ханның ата - бабалары Шыңғыс ханның ұлы Жошы ханның ұрпағы болып табылатын Қазақ Ордасының негізін қалаған Әз - Жәнібектен тараған.
Әбілмансұрдың әкесі жау қолынан қаза табады. Абылай жастайынан қиындықты көп көреді һәм Ораз құлға арқа сүйеп өседі. Ол жас кезінен - ақ Отан қорғау жолында ерекше жауынгерлік қасиеттерімен танылады. Ол қашанда қанды шайқастардың бел ортасында жүреді, әсіресе жекпе - жекте ерен ерлік көрсетеді. Қалың халық бұқарасына оны әйгілі еткен, ірі жеңіске ол Әбілмәмбет бастаған қазақ жауынгерлерінің жоңғарлармен болған шайқасында қол жеткізді. Бұл ұрыста 20 жасар Әбілмансұр қалмақтардың қоңтайшысы Қалдан Сереннің ұлы Шарышты жекпе - жекте өлтіреді.
Жиырма жасында хан сайланған Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен басқарады. Ол зерделі саясаткер, білімдар дипломат, дарынды қолбасшы болды. Оның көздеген мақсаты мемлекетті нығайту еді. Ол сыртқы жаулардан қорғану үшін үш жүзді біріктіруді жүзеге асыра бастайды.
1743 жылы Түркістан қаласында үш жүздің хандары, сұлтандары, батырлары бір тудың астына бірігіп, Абылайды ресми түрде Қазақ ханы етіп сайлайды. Абылай қазақ мемлекетін нығайту мен оның тәуелсіздігін сақтау жолында көп еңбек сіңірді. Ол билік құрған жылдары алғаш рет қазақтар мен қалмақтар арасында бейбіт келісім жасалды. Ресеймен, Қытаймен тату көршілік қарым - қатынас орнатылды.
Бұл күшті мемлекеттер білгір қазақ ханымен санасатын болған. Соғыс тәсілдерін жетік білетін қолбасшы орыс және қытай өкіметінің ішкі есебін де біліп отырған. Сондықтан да ол жоңғар қонтайшысы Қалдан Серенмен болған тоғыз жылдық келісімнен кейін соғыс өртінің тұтанатынын білді. Жоңғар мемлекеті ішіндегі өзара қырқысулар соғыстың басталуын жылдамдатты.
1752 жылы жоңғар басшысы Лама Доржы қазақ жеріне қарақшылық шабуыл жасағанда, Абылай хан бастаған қазақ әскері оларға ойсырата тойтарыс береді. Кезекті шабуылдан соң, соғыстың айла - тәсілдерін жетік білетін Абылай өзінің бес жүз таңдаулы жауынгерлерін жібереді. Қарсыласы жағынан әскер келеді деп күтпеген Лама Доржы тұтқынға түсіп, дарға асылады. Бұл оқиға 1753 жылы 12 қазанда болған еді.
Абылайдың арғы есебі жоңғарларды жеңіп, оларды қазақтардың ықпалына көндіру, Қытаймен және Ресеймен терезесі тең мемлекет орнату еді. Бұл мақсатта 1753 – 1754 жылдары ол Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Өтеген сынды батырларымен бірге қалмақ ұлыстарына шабуылды үдете түсті. 1755 жылдың көктемінде сарбаздардың жеңісті жорықтары жалғаса берді. Ақыры ойраттар мен қазақтардың арасында 200 жылға созылған сұрапыл соғыста қазақ халқы түпкілікті жеңіске жетті.
Қазақ халқының жеңісі көршілес Қытай мен Ресей үшін қолайсыз болды. 1756 жылы Қазақ хандығы мен Қытай мемлекеті арасында соғыс өрті тұтанып, ол 1757 жылға дейін созылды. Бұл қақтығыс та Абылай ханның арқасында бейбіт жолмен шешілді.
1765 – 1770 жылдары Абылай хан қырғыз ұлысына қарсы жорық бастайды, нәтижесінде, мемлекет шекарасы кеңейеді. 1771 жылы ол Еділ қалмақтарын талқандайды. Мемлекет шекарасы Абылай хан билік құрған кезеңде одан әрі кеңейе түсті. Халықтың рухы көтеріліп, мерейі үстем болды.
Тарихи тұлға Абылай ханның қол жеткізген жетістіктері сол кезеңде Қазақ мемлекеті өте күшті болғанын айғақтайды.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қуандық Шаңғытбаев

Қуандық Шаңғытбаев "Сабалақ" өлеңі

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Қ. Шаңғытбаев туралы мәлімет беру, «Сабалақ» өлеңінің деректілік негізі, өлеңнен ақын тілінің ұлтжандылық мәні зор...
Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы

Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақ халқының мақтанышы, Қазақ хандығының тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау жолындағы Абылай ханның...
Қазақ хандығына саяхат

Қазақ хандығына саяхат

Жалпы мақсаты 1. Оқушылар қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы аумағы мен алғашқы қазақ хандары туралы мәліметтермен жан - жақты танысады;...
Абылай  хан билігі тұсындағы қазақ хандығы.

Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы.

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназиясының тарих және құқық пәндерінің мұғалімі: Бакеева Гульшат Кайржанқызы...
ХІХ ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес

ХІХ ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы. Қ.Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының тарих пәні мұғалімі Абжаппарқызы Мира...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету