Сайтқа кіру Тіркелу

М. Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным»

М. Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным»
Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Өлеңді эмоциясын қатыстырып түсініп, мәнерлеп оқу, өлең құрылысын талдау.
Күтілетін нәтижелер:
1. 1. Өлең мазмұнын меңгереді.
2. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашады, мәнерлеп оқиды.
3. Негізгі идеясын ұғынып, өлең құрылысын талдайды..
Тілдік мақсат
Оқушылар.... орындай алады: Өлең мазмұнын, негізгі идеясын ұғынып, талдау жасайды.
Пәнге негізгі сөздер мен тіркестер: «өлең тармағы», «өлең шумағы», «өлең жолдары»
Сыныптағы диалог құруға/шығарма жазуға/ есептер шығаруға/практикалық тапсырма орындауға т. б. арналған пайдалы тілдік бірліктер: 5 жолды өлең «бес тармақ»
Алдыңғы оқу (Бірнеше сөйлеммен: оқушылардың осы тақырып туралы білгендерін еске түсіріп жинақтау)
«Еркін микрофон» әдісі арқылы. М. Мақатаев жайлы не білесіңдер?
«өлең тармағы», «өлең шумағы», «өлең жолдары» 3 - сыныпта оқығандарын еске түсіреді.

Басы
Білу
1. Ұйымдастыру.
Сұрақ қоя отырып, топқа бөлемін.
Туған жер дегеніміз не? Бұл сөзді естігенде есіңе, көз алдыңа тағы қандай сөздер келеді?
2. Қызығушылықты ояту.
«Қазақстанның көрікті жерлері» тақырыбында бейнефильм көрсетемін.
Тапсырма: бейнефильм мазмұнына байланысты ой қорыту, өз ойларын кестеге түсіру.
Бейнефильмнен не көрдің?
Ойыңа не келді?
Қандай ой түйдің?

Түсіну
- Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы слайд көрсетемін.
Қандай шығармаларын оқығанымызды «Попкорн» әдісі арқылы сұраймын.
Жағы сабақтың тақырыбын баяндаймын.

Ортасы
Мағынаны тану
Қолдану
1) Алдын ала мәнерлеп оқып, жазылған өлеңді аудиодан тыңдату.
2. М. Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным» өлеңін 3 минуттай іштей оқуға тапсырма беремін.
Психогимнастика жасату
«Шумақ», «Тармақ», «Бунақ», «Ұйқас». Ұғымдарын түсіндіре отырып, өлең құрылысын талдау.
Өлең шумақтарының ұйқасын табу.
Ұйқас түрлері:
Қара өлең ұйқасы а а б а
Шалыс ұйқасы а б а б

Талдау
3) Топтық жұмыс: Өлеңнің мазмұнын топта бір - біріне түсіндіру, осы мәтін бойынша сұрақ құрастыру.
4. Топтағы оқушылар өзара келісе, қағазға екі сұрақтан жазу, келесі топқа беруін тапсырамын.

Аяқталуы
Жинақтау
Топтарға буындар жазылған қима қағаздар беремін.

«Отан» тақырыбы бойынша 5 жолды өлең жаздыру.
1 - жол: зат есім
2 - жол: екі сын есім
3 - жол: үш етістік
4 - жол: төрт сөзден құралған сөйлем
5 - жол: бірінші сөзге синоним
Бағалау парақшасындағы топтардың ұпай сандарын шығару.
Үйге тапсырма: Туған жер, Отан туралы мақал тауып, жазып келу. Өлеңді ата - анаңа, бауырларыңа дауыстап, мәнерлеп оқып бер.

Жамбыл облысы, Меркі ауданы
№28 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Шағатаева Айнаш Тажихановна

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×