Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

М. Әуезов «Жолда»

Тақырыбы: М. Әуезов «Жолда» (4 сынып)
Ашық сабақ
Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқи алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Автордың ойын түсініп, ақын Абай туралы тұжырым жасай алады.
Кейбір оқушылар:
Мәтіннің мәнін аша алады, адам бойындағы қасиеттерге салыстырмалы сипаттама беріп, түсіндіреді.
Тілдік мақсат Оқушылар:
Өз ойын жеткізе алады, мәнерлеп оқиды, әңгімелей біледі.... (істей алады)
Негізгі сөздер мен сөз тіркестер:
Абайдың байқағыштығы, Құнанбайдың әрекеті
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар: (тыңдалым)
«Абайдың байқағыштығы, сыпайылығы қай әрекетінен көрінеді?»... Менің ойымша,..., мен... істей алар едім... Сен қалай ойлайсың?
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? (айтылым)
Менің ойымша,..., мен... істей алар едім... «Сен, Абайдың орнында болсаң, не істер едің, қалай жауап қайтарар едің, неліктен?..»
Жазылым бойынша ұсыныстар: (орысша - ағылшынша)
Жол – дорога – road, way, (on the road - жолда)
Алдыңғы оқу Сабырсыз, арсыз, еріншек Абай
Өлең мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап береді.

Басталуы
І Кіріспе. Ұйымдастыру (оқушылармен амандасу)
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар, қалан!
Тренинг: « Бәріңе сәттілік тілеймін!» Топқа бөлінеді.
- Топ аттары сендерге нені естеріңе түсірді?
- Абай «Ғылым таппай мақтанба» (Білетін оқушыдан өлеңді жатқа сұрау)
Сабаққа дайындығын тексеру. Өткенді қайталау. Сабырсыз, арсыз, еріншек Абай
Өлең мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Абай кім? Ол туралы не білесіңдер?
- Абайдың тағы қандай шығармалары бар?
«Коктейль таяқшасы» әдісімен үштікте өзара өлеңді мәнерлеп айтады.
- Абайды бүкіл әлемге танытқан кім?

Жаңа сабаққа кіріспе. Жолда. М. Әуезов
Сабақ мақсаты мен табыс критерийін бірге анықтау.
Мұхтар Әуезов - Абай туралы төрт томдық «Абай жолы» роман - эпопеясын жазған. Онда Абайдың бүкіл өмір жолы: балалық, ересек шақтары, шығармашылық жағдайы, сол кездегі қазақ өмір - тұрмысының ерекшеліктері баяндалған. Абай туралы Мұхтар Әуезов: «... қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты» деп жазды.

Ортасы
ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. 1. Мәтінді түсініп, іштей, жеке - жеке оқу. Үзіндіні түсініп, жалғастырып оқу.
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, асыл сөздің зергері. Азан шақырып қойған аты - Ибрагим. Әжесі Зере сүйкімді де сүйікті немересін Абай деп еркелеткен. Осыдан кейін Ибрагим дейтін шын аты аталмай, ел арасында Абай атанып кетеді.
(оқушылардың өзі тауып келген деректерді топ ішінде ортаға салып, сол бойынша кесте құру.)
Абай Құнанбаев

Абайдың Энциклопедиясы, өлеңдер жинағы бар.
Алматы қаласында ескерткіші бар.
Семей өңірінде туылған
Ұлы ақын

Өлеңдерінен басқа 3 поэмасы, 45 қарасөзі бар. Абайдың алғашқы өлеңдері Көкбай Жаңатаевтың атымен жарияланған. Алматыда Абай ескерткіші, Абай көшесі, Абай атындағы университет, Іле Алатауы жоталарында Абай шыңы деп аталатын жерлер бар. Абайдың анасының аты – Ұлжан, әжесінің аты – Зере. Абай кішкентайынан әжесі Зеренің айтқан қызықты ертегілерін тыңдап өседі.
Мәтінді бөліктерге бөліп, топтарға беру, әңгімелету.

Сөздікпен жұмыс жүргізіледі.
Дәріс – сабақ.
Тамам болмаса да – аяқталмаса да, бітпесе де.
Хазірет – дін жолындағы мәртебелі адам.
Ертеректе діни сабақтар жүргізетін адамдарды дінтанушы, хазірет деп атаған. Қазіргі кезде мешіттерде имамдар, ұстаздар дәріс береді. Олар жастарға, жалпы жұртшылыққа діни ағымдар туралы, ислам діні туралы, т. б түзу, тура жолды нұсқайтын сабақтар жүргізеді. Хазірет – мамандықтың бір түрі.
Фатиқасын алып – ризашылығын алып.

Сұрақтар:
1. Абай қайдан келді деп ойлайсың?
- Әкесі Құнанбай кімді күтіп отырған тәрізді?.
- Ол баласы Абайды қалай қарсы алды?

Тапсырмалар:
2. Құнанбайдың әңгімедегі түр - түсінен, сөйлеген сөзінен қимыл - әрекетінен қандай адам екенін байқауға бола ма?
3. Абайдың сыпайылығы, байқағыштығы қай әрекетінен көрінеді?
4. Абайдың сыпайылығы сипатталған жерді тауып оқы. Өз сөзіңмен түсіндір.
Сергіту жаттығуы
Дәптермен жұмыс. Жол – дорога – road, way, (on the road - жолда)
Топтық тапсырмалар:

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы
Подстепный ауылы, Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
3 - деңгей бойынша сертификатталған, бастауыш сынып мұғалімі: Бейбитова Т. М.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мұхтар Әуезов Жолда (“Абай жолы” романынан үзінді)

Мұхтар Әуезов Жолда (“Абай жолы” романынан үзінді)

Мұхтар Әуезов Абай туралы төрт томдық “Абай жолы” роман – эпопеясын жазған. Онда Абайдың бүкіл өмір жолы: балалық, ересек шақтары, шығармашылық...
Абай – дана, Абай – дара қазақта

Абай – дана, Абай – дара қазақта

Халқымыздың ұлы ақыны А. Құнанбаев туралы білімдерін кеңейту. Абай мұрасына оқушылардың қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге...
Абай Құнанбаев

Абай Құнанбаев "Ұлы суреткер"

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Мәншүк ауылы, №26 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Хасенова Тұрсынгүл Еркінқызы...
Бала Абай

Бала Абай

Есиркепова Риммa Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы № 6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі...
Мұхтар Әуезов

Мұхтар Әуезов "Бала Абай"

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Кожабекова Жанна Амантаевна Тақырыбы: Мұхтар...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету