Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Қазақстанның 1920 - 1940 жылдардағы қоғамдық - саяси жағдайы

Қазақстанның 1920 - 1940 жылдардағы қоғамдық - саяси жағдайы
9 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаттары:
Шаруаларға қарсы және кулактар мен байларды жоюдағы сталиндік жазалау, «Алаш» партиясының мүшелері мен ұлттық интеллигенцияға қарсы саяси жазалау, 1930 жылдардағы жаппай саяси қуғын сүргін, зардаптары жайында біледі.
Сабақтан күтілетін нәтиже:
1 - деңгей (білу, түсіну): Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
1930 жылдардағы жаппай қуғын - сүргін, оның зардаптары жайында біледі.
2 - деңгей
(қолдану, талдау):
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Оқушылар жаңа сабақтың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап жазып, талдайды. Тест тапсырмаларын орындайды.
3 - деңгей
(жинақтау, бағалау):
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:
Кейбір оқушылар жаңа сабақты өмірмен байланыстыра отырып, Қазақстанның 1920 - 1940 жылдардағы қоғамдық - саяси жағдайы жайында қосымша материалдар тауып, шығармашылықпен айналысады.
Тілдік мақсат: Конституция, жеке басқа табыну, авторитаризм, репрессия, асимиляция, тоталитарлық жүйе, АЛЖИР, Қарлаг, Степлаг.
Ресурстар: АКТ, карта, атлас карта суреттер.
Пәнаралық байланыс: География, әдебиет
Алдыңғы оқу: $20 - 21. 1930 жылдардағы аштық, шаруалар көтерілістері.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ барысы және жоспарланған уақыт 45 минут
Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер
Топпен жұмыс «Қарап шығу» әдісі, «Көңілді тапқырлар» ойыны Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ 3 минут
І. Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Оқушылар ақ тілектерін білдіріп, бір - біріне жақсы көңіл күй сыйлау.
ІІ. Топқа бөлу. АЛЖИР, Қарлаг, Степлаг лагерлер арқылы.
ІІІ. Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау. Оқу - құрал, жабдықтарын тексеру.

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ 10 минут
1 - деңгей (білу, түсіну): «Көңілді тапқырлар» ойыны әр топтан оқушы шығып сұрақ қояды.
1. 1931 - 1933 жылдардағы аштықтыңсебебі неде еді?
2. Шаруалар Кеңес үкіметіне неге қарсы шықты?
3. 1929 - 1933 жылдары қанша шаруалар көтерілісі болып өтті?
4. 1930 жылдардың басындағы Қазақстандағы неғұрлым ірі көтерілісті атаңдар.
5. 1931 - 1933 жылдар аралығында Қазақстандағы адам шығыны қандай болды және бұл неге байланысты еді? 5
2 - деңгей (қолдану, талдау):
Тест тапсырмалары
1. Ұжымдастыру кезеңіндегі қазақ халқы үшін «Ұлы аштық» жылдары (1931 - 1933жж)
2. Созақ ауданындағы шаруалар көтерілісі басшыларының бірі: (С. Шолақов)
3. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыруға қарсы қарулы қарсылық болып өткен жылдар:(1929 - 1931жж) 3
3 - деңгей (жинақтау, бағалау):
Картамен жұмыс.
1. Шаруалар толқулары қандай аймақтарда болып өтті? (Созақ, Жетісу, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай)
2. 1930 жылғы ақпандағы көтеріліс қай жерде болды? (12 ақпан Созақ)
3. Қазақстандағы шаруалар көтерілістерінің тарихи маңызы неде? 4

ЖАҢА САБАҚ 5 минут
«Қуғын сүргін» атты видео фильм көрсетемін.

САБАҚТЫ БЕКІТУ 17 минут
1 - деңгей (білу, түсіну):
«Қарап шығу» әдісі. Оқушылар мәтінді оқып өз ойларын айтады.
1. Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнығуы.
2. 1930 жылдардағы жаппай саяси қуғын - сүргін.
3. Қазақстандағы саяси қуығын - сүргіннің зардаптары.
2 - деңгей (қолдану, талдау):
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Орталықтың шешімімен Голощекин қашан БК(б) П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалды? (1925ж)
2. Қазақстан аумағындағы саяси қуғын - сүргінге ұшырағандарға арналған қандай концлагерлерді білесіңдер? (АЛЖИР, Қарлаг, Степлаг)
3. Қазақ АКСР - і одақтас республика болып қашан құрылды? (1937ж 26 наурыз) 4
3 - деңгей (жинақтау, бағалау):
Қазақстанда тоталитарлық жүйе қай жылы орнықты?
Қазақстандағы 1930 жылдардағы қуғын - сүргін: проблемалары, зардаптары жайында әңгімеле.

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА 5 минут (5 - 7 минут)
1 - деңгей (білу, түсіну): Қазақстанның 1920 - 1940 жылдардағы қоғамдық - саяси жағдайы жайндағы тақырыпты оқып келу.
2 - деңгей (қолдану, талдау):
Өзін - өзі тексеру сұрақтарына жауап жазу, тест тапсырмаларын орындау, терминологиялық сөздерді жаттап келу.
3 - деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми - зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар) 1930 жылдардағы жаппай саяси қуғын - сүргін, оның зардаптары жайында қосымша материалдар тауып, шығармашылықпен айналысу.

БАҒАЛАУ 3 минут (Сабақ барысында топ басшы өз тобындағы оқушылардың іс - әркетін бақылап отырады.)

КЕРІ БАЙЛАНЫС 2 минут
(Оқушылардан кері байланыс алу әдіс - тәсілдерін жазу.)

Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс - әрекеттерді орындауда не тиімді болды?
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс - әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?
Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?

Мұғалімнің аты - жөні: Абдуллаев Дулат Байдуллаевич
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстандағы «Кіші Қазан» бағыты

Қазақстандағы «Кіші Қазан» бағыты

Сабақтың мақсаты:  1920 - 1930 жылдары Қазақстанда жүргізілген индустриаландыру саясатының жетістіктері мен зардаптарын түсіндіру;  Республикадағы...
Индустрияландыруға бағыт алу

Индустрияландыруға бағыт алу

Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Мұқыр ауылы Жеңіс негізгі мектебінің тарих пәнінің мұғалімі...
ХХ ғасырдың 20жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық саяси өмірі

ХХ ғасырдың 20жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық саяси өмірі

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қоғамдық саяси өмірі....
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп   ұжымдастыру

Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Джилкибаева Нуршакуль Абдикеримовна...
1867-1868  жылдардағы  Қазақстандағы  реформалар

1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Джилкибаева Нуршакуль Абдикеримовна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету