Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Оқушылар сөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы біледі, берілген тапсырмаларды орындай алады.

Басталуы
І Кіріспе. Ұйымдастыру (оқушылармен амандасу)
Тренинг: « Бәріңе сәттілік тілеймін!» Сабаққа дайындығын тексеру.
- Қазақ тілі онкүндігіне байланысты өз ана тіліміз туралы өлең айтайық.
Қ. Мырза Әлі: «Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте!
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!»
- Мемлекеттік тіліміз -?
- Ұлтымыз -?
- Қай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан қандай мемлекет?
Топқа бөлу.
І «Қазақстан» ІІ «Отан» ІІІ «Астана» ІV «Тәуелсіздік»
- Осы сөздерді пайдаланып, әңгіме құрап көр.
Шығармашылық тапсырмалар топтамасы:
1. « Менің Қазақстаным» тақырыбында көршіңмен сұхбаттас.
Қазақстан

жері
тәуелсіз ел
өзен - көлі
атақты адамдары
қалалары
батырлары
Мемлекеттік рәміздері
Елбасы
Өнері
Кестені толықтыр:
Сөйлемнің дара мүшесі
Сөйлемнің күрделі мүшесі

Тапқан күрделі мүшелеріңді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.
Өткенді қайталау. Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сұрақтарға жауап береді, пікірлерін айтады.
Ереже: Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасала береді.
Жеке бір сөзден жасалған сөйлем мүшесін дара мүше деп атайды.
Екі не одан көп сөзден жасалған сөйлем мүшесін күрделі мүше деп атайды

СИНТАКСИС

Сөз тіркесі
Сөйлем

Айтылу мақсатына қарай түрлері → хабарлы сұраулы лепті
Құрылымы → жай, құрмалас
Құрамы → сөйлем мүшелері оқшау сөз
Жаңа сабаққа кіріспе. Сөйлемнің дара, күрделі мүшелері
Сабақ мақсаты мен табыс критерийін бірге анықтау.
- Сөйлемнің дара, күрделі мүшелері дегеніміз не?

Ортасы
ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Мен Отанымды сүйемін.
35 - жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.
Қарамен жазылған сөйлемнен күрделі мүшені тап.
Мұнда жұмыр бас кесіртке де тіршілік етеді.
Сөйлем мүшелеріне талда.
Терең ойлау тапсырмалары: 36 - жаттығу. Кестені толықтыр.
Сөйлемнің дара мүшесі ------
Сөйлемнің күрделі мүшесі --------

Шығармашылық тапсырма:*Тапқан күрделі мүшелеріңді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.
37 - жаттығу. Өлеңнен күрделі мүшелерді теріп жаз. Ә. Тәжібаев
- Ә. Тәжібаев кім?
- Оның саған қандай өлеңдері таныс?

Әбділда Тәжібаев - туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі. Ол 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Атақты ақын Нартай келіп, Әбділданың анасы Айманкүлмен айтысқа түскен. Ә. Тәжібаев "Күй атасы", "Ақын", "Портреттер" аталатын дастандары бар. Әдебиетті зерттеумен де айналысты. Балалар тақырыбына да қалам тартты.
Ә. Тәжібаев (1909ж. т.)- ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым. Филология ғылымының докторы, проф., Қазақстан Республикасының халық жазушысы. Оның «Жаңа ырғақ», «Аралдар», «Кешеден бүгінге», «Жартас», «Жаңа өрімдер», «Құрдастар», «Толағай» және 5 томдық жыр жинақтары жарық көрген. «Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш орман емес», «Көңілдестер», «Той боларда» т. б. пьесалары қойылған. «Өмір және поэзия», «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы», «Жылдар, ойлар» т. б. зерттеу еңбектерін жазған. Т. Абайтану мәселесіне де белсене араласып, ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері мен шеберлігі тақырыбын сөз ететін мақалалар жазды. 1998 жылы 90 - ға қараған шағында дүние салды.
... Есімде жоқ шын суреті,
Әкем менің қандай кісі.
Тек елестей бұлдырайды
Әлдекімнің көлеңкесі,- деп әкесі жайында жазған. Әкесі Ә. Т. 6жасында қайтыс болған.
Өлең мәтініне сүйеніп, табиғат таңғажайыптары туралы әңгімелеп көр.
Терең ойлау тапсырмалары: 38 - жаттығу. Ребусты дұрыс шешсең, Абай өлеңінің екі жолы шығады.
Көк ала бұлт сөгіліп,
Күн жауады кей шақта.
Терең ойлау тапсырмалары: Өлеңдегі дара және күрделі мүшелерді тауып, дәлелде.
Бұл – күрделі мүше, өйткені..........

Батыс Қазақстан облысы,
Теректі ауданы, Подстепный ауылы
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
ІІІ деңгей бойынша сертификатталған І санатты бастауыш сынып мұғалімі:
Тулпан Маратқызы Бейбитова

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Халыққа жеткіз күйімді

Халыққа жеткіз күйімді

Мақсаты: 1. Білімділік: Жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін кеңейту. Сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. 2. Дамытушылық: Танымдық,...
Сөйлем мүшелері

Сөйлем мүшелері

БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Есқайрова Айсұлу Жақсылыққызы...
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

Шығыс Қазақстан облысы, Зырян қаласы, № 9 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нуксарина Альмира Кабдуалиевна...
Дара және күрделі етістіктер

Дара және күрделі етістіктер

Тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер. Мақсаты: Дара және күрделі етістіктер жайлы түсінік беру. Етістіктерді тауып оларды ажырата білуге үйрету....
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

Қызылорда қаласы, № 264 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Жуканова Нургуль Сапабекқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету