Сайтқа кіру Тіркелу

Аяз би ертегісіндегі кейіпкерлер бейнесі

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Қазақ әдебиеті 5 сынып
Аяз би ертегісіндегі кейіпкерлер бейнесі
Сілтемелер Диалог.(Мерсер,2008), Сыни тұрғыдан ойлау
Жалпы мақсаты: Ертегі мазмұнымен танысу, өмірдегі қарапайым адамның зеректігі мен танымдылығы, ертегі кейіпкерлерінің бейнесін жан-жақты аша отырып, оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, татулыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу, ойлау қабілеттерін кеңейту, сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу.
Оқыту нәтижелері:
- Ертегі мазмұнын меңгереді.
- Өмірдегі жақсы қасиеттерді бойына дарытады.
- Кейіпкер бейнесін ашады.
- Топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
- Өзін- өзі реттейді.

Негізгі мақсаты:
• Ертегі мазмұнын меңгереді. Өмірдегі жақсы қасиеттерді бойына дарытады. Кейіпкер бейнесін ашады.
• Адамның жақсылығы мен жамандығы ішкі жан дүниесі мен рухани байлығы арқылы бағаланатындығын біледі.
• Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
• Постермен жұмыс жасау.
• Өзіндік көзқарасын қалыптастыру
• Оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін ашуға мүмкіндік туғызу
Түйінді идея «Аяз би» - шыншыл ертегі. Шыншыл ертегіде қиялдан туған ғажайып кейіпкерлер болмайды.
Сабақта қолданылатын материалдар Флипчарт, стикерлер, интербелсенді тақта, маркерлер, оқулық.

І. Ұйымдастыру.
1. Шаттық шеңберін құру, бір-біріне жақсы тілектер айтып, жақсы көңіл-күй тілеу. Түсті шарлар арқылы 2 топқа бөліну.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
«Ер Төстік» ертегісінен өздеріне ұнаған бөліміне сурет салу, ертегінің мазмұнын айту.
ІІІ. Жаңа сабақ
№1 тапсырма
1-топқа
Ертегі кейіпкерлерінің бойындағы жақсы қасиеттерді топтастыр.
2-топқа
Ертегі кейіпкерлерінің бойындағы жаман қасиеттерді топтастыр.

№2 тапсырма
Венн диаграммасы
▪ Жаман
1.Ақылымен хан көңілінен шығады.
2.Ешкімге жамандық ойламайды. Адал жар
▪ Қырық уәзір
1.Күншіл қызғаншақ, ақылсыз, арсыз, намыссыз, парықсыз.
▪ Ұқсастығы
1.Ханға қызмет жасайды
2.Ақыл беретін ойласатын кеңесші

№3 тапсырма
2 топ ертегі желісі бойынша 3 сұрақтан дайындап қағаздан ұшақ жасап бір-біріне ұшырады.
Сергіту сәті «Көңілді күн» әуені
№4 тапсырма
1-топқа Аяз бидің өткен сынақтарын жаз «Теріп алу» стратегиясы бойынша жазу.
2-топқа Ертегідегі мақал-мәтелдер, даналық сөздерді жазу, түсіндіру.
Сабақты қорытындылау. «Өрмекшінің торы» әдісі бойынша ертегі мазмұнына байланысты сұрақтар қою.

Атырау қаласы Ф.Досымова атындағы №12 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі
Бисенова Динара Темірбекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×