Сайтқа кіру Тіркелу

Дарвинге дейінгі тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар. Эволюциялық көзқарастардың даму тарихы

Биология 11 сынып
Сабақ тақырыбы: Дарвинге дейінгі тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар. Эволюциялық көзқарастардың даму тарихы.
Сабақ мақсаты: Биология дамуының Ч. Дарвинге дейінгі кезеңі. Ғылымда әуел бастан мақсатқа сәйкестілік және тірі табиғаттың өзгермейтіндігі туралы көзқарастардың үстемдігі туралы сипаттама беру.
Сабақ міндеті:
• оқушыларға тақырыпты өз бетінше оқып талқылауға, білім алуға көмектесу;
• оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;
• Оқушыларды топтық жұмыс барысындағы ережелерді сақтауға үйрете отырып, өзін - өзі мәдениеттілікке, тәрбиелікке бағыттауға орта құру.
Қолданатын модульдер:
 Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдер.
 Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
 Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
 Оқыту мен оқу ақпараттық – коммуникациялық технологиялар (АКТ) пайдалану
 Оқытуды басқару және көшбасшылық
 Талантты және дарынды балаларды оқыту

Стратегиялық іс - әрекет:
Психологиялық дайындық, « Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» «Миға шабуыл», «ББҮ»
Күтілетін нәтиже: Биология дамуының Ч. Дарвинге дейінгі кезеңі. Ғылымда әуел бастан мақсатқа сәйкестілік және тірі табиғаттың өзгермейтіндігі туралы көзқарастардың үстемдігі туралы жайлы түсінік және білім қалыптасады

Білу
1. Оқушылармен сәлемдеседі.
2 барлық оқушыларға бір тілек қағаздарына жазып болып, оны мыжғылап жұдырықтаған соң сыныптастарына қарай лақтыруларын айтамын.
Топқа бөлемін. Топты 1 - 4санын санап, тақ сандар бірінші топқа, жұп сандар екінші топқа бөлінеміз.
Әр топ парталарына өз атауларын қоямын.
3. Үй тапсырмасы:
« Сұрақ қою, қайта сұрақ қою»
4. Үй тапсырмасы бойынша постер құрғызу.
5. Сергіту сәті.
6. Жаңа сабаққа сурет бойынша постер құру
7. Терминдермен жұмыс.
8. Қазақша - орысша - ағылшынша сөздік.

Түсіну
1 «Миға шабуыл» 1. Оқушыларға Ч. Дарвиннің суреттерін көрсетіп, қалай еңбектерін білесіңдер, тіршілікке қарасты қандай көзқарас, ойларын айтты? т. б деген сұрақ арқылы тақырыпты ашып алу
Талдау
«Мағынаны ажырату»
Дарвинге дейінгі тірі табиғаттың дамуы. Қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар. Тірі табиғат туралы түрлі мағлұматтарды жинастырып, жүйеге келтіру Ежелгі Грекияның ұлы ғалым - философтары Аристотель, Теофраст, Гиппократ есімдерімен тығыз байланысты.
Философ әрі жаратылыстану зерттеушісі Аристотель "Жануарлардың; тарихы", "Жануарлардың бөліктері туралы" деген ғылыми еңбектерін жазып, жануартану ғылымының негізін қалады. Әр түрлі жануарлардың морфологиясы мен анатомиясын, тіршілігі мен түйсікті сезімін зерттеп, біршама жаңалықтар ашты. Акула мен жыландардың тірі туатындарының болатындығын, аталық араның (трутень) ұрықтанбаған жұмыртқадан дамитындығын анықтады. Көртышқанның көзі, қара шегіртке мен балықтың есту мүшелері рудиментті (қалдық) мүшелерге жататындығын дәлелдеді. Жануарлардың қысқы ұйқыға кетуін, жәндіктердің шала және толық түрленіп дамуын зерттеді. Аристотель 454 жануардың сыртқы және ішкі құрылысын, тіршілігін зерттеп туыстық жағына, сыртқы белгілеріне қарап алғаш жіктеді.. Аристотельдің шәкірті Теофраст (б. з. д. 372 — 287 жж.) өсімдіктер мен жануарлардың биологиясын зерттеді. Өсімдіктерді сипаттағанда оның адам өміріндегі маңызына, ағаш көмірін, шайыр затын алу жолдарына көңіл бөлді. Дәрілік өсімдіктердің адам организміне әсеріне ерекше мән беріп, тіршілік ортасы мен климат жағдайын қоса зерттеді. Грекия аймағындағы өсімдіктердің 5OO - ге жуық түрін анықтаған. Тропикте өсетін бамбук, банан, пальма, лимон, мимоза, макта, лотос, папирус, т. б. өсімдіктердің толық сипаттамасын жазып қалдырды.

«ББҮ» әдісі
Мәтінді оқуды
Плакаттар, түрлі - түсті қаламсаптар таратады

Формативтік және бағалау
Инсерт – стратегиясы

Қосамын, аламын, қызығамын.
Үй тапсырмасы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
Құрбан ата ауылы,№9 М. Жұмабаев атындағы
жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі
Назира Битанова

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастардың дамуы. Жерде тіршіліктің пайд ...

Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастардың дамуы. Жерде тіршіліктің пайд ...

Ғылыми деректер бойынша Күн жүйесіне жататын Жер ғаламшары бұдан 4, 5 — 5 млрд жыл бұрын газды - шаңды тұманнан пайда болған. Мұндай газды - шаңды...
Ж. Б. Ламарктың эволюциялық ілімі

Ж. Б. Ламарктың эволюциялық ілімі

XVII ғасырда микроскоптың ашылуы, оның түрлі биологиялық зерттеулерге қолданыла бастауы, көптеген ғалымдардың тірі табиғатқа деген көзқарасын...
Раушангүлділер тұқымдасы

Раушангүлділер тұқымдасы

Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Баршын орта мектебінің биология пәні мұғалімі Искакова Алтын Асылхановна...

"Тіршіліктің даму тарихы туралы ілім» тарауы бойынша қорытынды сабақ

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, Абай атындағы орта мектебінің химия және биология пәндерінің мұғалімі Жанханова Тілекші Саясатқызы...
Биология

Биология

“Биология” терминін ғылымға алғаш 1797 ж. неміс ғалымы Т. Руз енгізген. Биология Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде (Қытай, Жапония, Үндістан) 6 — 1...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×