Сайтқа кіру Тіркелу

Биологиядан қысқа мерзімді жоспар

Атырау қаласы,
№11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп
Биология пәнінің мұғалімі Уразғалиева Мейрамгүл

Қысқа мерзімді сабақ жоспарлары
Сабақ тарықырыптары
1. Астық тұқымдастар (6 сынып)
2. Сүтқоректілер немесе аңдар класы (7 сынып)


Сабақ тақырыбы: Астық тұқымдастар (6 сынып)

Жалпы мақсат: Дара жарнақтылар класы, астық тұқымдас өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын анықтау.
Сілтеме: Қ. Қайым, Р. Сәтімбеков Биология 7 - сынып
Оқыту нәтижесі: Астық тұқымдас өсімдіктердің негізгі ерекшеліктерін түсінуіне; ақпараттарды саралауға қабілетті сыни ойлауға; өзіндік дербес шешімдер қабылдай алуға; өз бетімен жұмыстарының нәтижесін білу; білім деңгейін бағалауға көмектеседі.
Сабақта қолданылатын материалдар: А4 парақтар, үлестірме мәтіндер, сызбанұсқалар, постерлер, желім, интерактивті тақта, слайдтар.
Оқыту әдістері: Оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдер, сыни ойлауды дамыту, АКТ, диалог

Психологиялық ахуал туғызу Амандасу
Топтастыру
Тапсырмалар: Оқыту барысындағы мұғалім әрекеті, жетелеуші сұрақтар
1 тапсырма
«Сұрақ - жауап»
Жеке жұмыс Өтілген тақырыптар бойынша интерактивті тақтадан сұрақтар беріледі:
1. Пияз тұқымдас өсімдіктерге тән қандай ортақ бергілерді атауға болады?
2. Пияз тұқымдастардың маңызы қандай?
3. Фитонцид деген не?
4. Інжуғүлдің ерекшелігі туралы не айтуға болады?

2 тапсырма
«Мәтінмен жұмыс» «Астық тұқымдастар» мәтіні таратылады. Оқушылармен талқыға тарта отырып, оқу мақсатын айқындайды

3 тапсырма
«Белгілерді ата»
Топтық жұмыс Берілген үлестірме парақтардан астық тұқымдастарға тән белгілерді табу:
- шөптекті өсімдік
- тіршілік формасы – ағаштар мен бұталар
- жапырақтары доға жүйкелі
- жапырақтары – қатар жүйкелі, жапырақтары күрделі
- жемісі - дәнек
- жемісі - тұқымша
- гүлшоғыры – себетгүл
- гүлшоғыры – сыпыртқыгүл, масақ
- гүлінің формуласы -- Гс 2 А3 Ж(1)
- гүлінің формуласы - Гс 3+3 А3+3 Ж1
- сабағы - бунақты сабансабақ
- гүлдері - тілшелі, түтікшелі
- гүлдері екі кейде үш түссіз жұқа қабыршақтан тұрады
- тамыр жүйесі – кіндік тамырлы
- тамыр жүйесі - шашақ тамырлы

4 тапсырма
«Өсімдік гүлшоғыр» Сызбанұсқа бойынша сәйкестігін табу

5 тапсырма
«Шындық және жалған» Сөйлемдердегі қатені (егер болса) түзетіңдер:
1. астық тұқымдастар қосжарнақтылар класына жатады
2. астық тұқымдастарда тамыр жүйесі – кіндік тамырлы.
3. құмай жылу сүйгіш, суыққа төзімді өсімдік.
4. бидайдың жемісі – дәнекер
5. екпе күріштің дәнегінде 9 - 12 пайыз нәруыз болады.

6 тапсырма
«Өсімдік – тұтас ағза» Постермен жұмыс
Өсімдік мүшелерін құрастыру

Рефлексия «Бағдаршам»

Қорытындылау Алдын - ала талданып жазылған оқу мақсатына оралу, бағалау.
Үйге тапсырма § 32. Астық тұқымдастар
Ы. Жақаев, Ш. Берсиев туралы шағын мәнжазба жазу

Толық нұсқасын жүктеу
Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Алқа тұқымдастар – кіріккенкүлтелі өсімдіктер

Алқа тұқымдастар – кіріккенкүлтелі өсімдіктер

Алқа тұқымдастарының ғаламшарымызда 2900 - ге жуық түрі бар. Бұлардың көпшілігі мәдени өсімдіктер. Алқа тұқымдастарының жабайы түрлері де көп. Ауа...
6 сыныпқа арналған биологиядан тест жинағы

6 сыныпқа арналған биологиядан тест жинағы

Жасуша. 1. Жасушаның көбеюіне қатысады: А) ядро В) цитоплазма С) қабықша Д) вакуоль Е) пластид...
Астық тұқымдастары. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік ...

Астық тұқымдастары. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік ...

Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, №11 Қоскөл орта мектебінің І-санатты биология пәні мұғалімі Тортаева Айгуль Сериковна...
Астық тұқымдастары

Астық тұқымдастары

Қызылорда қаласы, №43 Ж. Махамбетов атындағы қазақ орта мектебінің биология - география пәні мұғалімі Досжанова Тоғжан Шекербекқызы...
Жоғары сатыдағы өсімдіктер тарауын қорытындылау

Жоғары сатыдағы өсімдіктер тарауын қорытындылау

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Х. Наубетов атындағы орта мектептің Пән мұғалімі: Темирбаева Г....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×