Сайтқа кіру Тіркелу

Қазыбек би мен Бұқар жыраудың шешендік сөздері

Алматы қаласы, Іле ауданы,
№39 гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кенжебаева Нурсулу

Қазақ әдебиеті 5 сынып
Сабақтың атауы: Қазыбек би мен Бұқар жыраудың шешендік сөздері
Сілтеме: Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы: Тақта, суреттер, кеспе қағаздар
Жалпы мақсаттар: Білімділік – шешендік сөздерді тереңірек түсіндіре түсу, Қазыбек би мен Бұқар жырау туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік – ой - саналарын оятып, жақсы мінезге, байқағыштыққа, сергек те зерек болуға үйрету.
Дамытушылық – сөйлеу тілдерін байытып, ұтқыр да ойлы сөйлеуге баулу.
Сабақтың түрі аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Ұжымдық, топтық оқыту, СТО, АКТ, сабақ барысында модуль элементтерін пайдалану.
Оқыту нәтижесі

Ынтымақтастық атмосферасы 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Психологиялық дайындық «Ақ тілектер».
3. Топқа бөлу
І топ. Қазыбек би ауылы
ІІ топ. Әйтеке би ауылы
ІІІ топ. Төле би ауылы
ІҮ топ. Бұхар жырау ауылы
Ү топ. Байдалы би ауылы

Үй тапсырмасын сұрау
Қызығушылықты ояту бөлімі
«Алтын балыққа арналған аквариум» стратегиясы
1. Шешендік сөздер дегеніміз не?
2. Шешендер мен билердің сөздері жазылып сақталған ба, бізге қалай жеткен?
3. Төле би Тайкелтірді қалай сынады?
4. Тайкелтір сыннан қалай өтті?
5. Байдалы би Шоқанның атасы Уалиханның үйіне неге келді? Шоқан туралы не білеміз?
6. Айғаным ханым қалай қарсы алды?
7. Байдалы би не деді?
8. Би қалай жауап берді?

Мағынаны тану
Мағынаны тану бөлімі.
Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы (1667, Сыр бойы – 1764, қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Теректі бұлағындағы қыстау, бұрынғы деректерде 1665 - 1765) – қазақ халқының XYII - XYIII ғасырлардағы үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болған. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің бас биі еткен.
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668, бұрынғы Баянауыл, Далба тауы бойында – 1781, сонда) - әйгілі жырау. Абылай ханның ақылшы - биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек - түйдек жырмен сөйлейтін болған. Оқулықпен жұмыс
«Сөзмаржан»
Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Сәуегейшілік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына болжамдар жасау.
«Топтастыру» стратегиясы. «Би, жырау» сөздерін топтастыру.
Жоспар құрғызу.
1. Қазыбек бидің Бұқар жырауға келуі
2. Бұқар жыраудың жұмбағы
3. Қазыбектің сандар сырын шешуі

Миға шабуыл. Ал, балалар, қалай ойлайсыңдар? Жырау неге 1 - ден 10 - ға дейінгі сандарды жұмбақ қылып айтқан?
Осы шешендік сөздің балалар әдебиетімен ұқсастығы бар ма? (- Бар. Санамаққа ұқсас.)
- Дұрыс - ақ. Ал, санамақ дегеніміз не? Қандай санамақтарды білесіңдер?

Санамақ – қазақ балалар фольклорындағы жанрлық түр. Сәбилерге сан үйрету, санаудың ретін танытуды көздейтін ойын өлеңі. Сандар жай ғана санамаланып келіп, соңғы, түйіндеуші жолдар ғана ұйқасады.
Бір дегенің – білеу,(білеу - қамшы )
Екі дегенің – егеу,
Үш дегенің – үскі, (үскі – тесетін, бұрғылайтын біз секілді құрал)
Төрт дегенің – төсек,
Бес дегенің – бесік,
Алты дегенің – асық,
Жеті дегенің – желке,
Сегіз дегенің – серке,
Тоғыз дегенің – торқа, (торқа – бағалы жібек мата )
Он дегенің – оймақ.

Топпен жұмыс
1 - топ. 1, 2, 3 сандарының шешуін түсіндіріңдер. 2. Осы сандарға қатысты қандай мақал - мәтелдер, нақыл сөздер ырымдары бар?
2 - топ. 4, 5, 6 сандарының шешуін түсіндіріңдер. 2. Осы сандарға қатысты қандай әдет - ғұрып, ырымдар, мақал - мәтелдер, қанатты сөздер бар?
3 – топ. 7, 8 сандарының шешуін түсіндіріңдер. 2. Осы сандарға қатысты қандай әдет - ғұрып, ырымдар, мақал - мәтелдер, қанатты сөздер бар?
4 - топ. 9, 10, сандарының шешуін түсіндіріңдер. 2. Осы сандарға қатысты қандай мақал - мәтелдер, ырымдар, тыйым сөздер бар?
5 - топ. «Синквейн» әдісі. «Би» сөзіне бес жолды өлең

Топтарға шығармашылық жұмыс:
І топ. Би - шешендерге хат жазу
ІІ топ. Санамақ шығару
ІІІ топ. Қазыбек биді топтастыру
ІҮ топ. Көрініс көрсету
Ү топ. Бұқар жырауды топтастыру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×