Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Адамға пайдалы заттар

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы
«№1 жалпы білім беретін орта мектеп – интернат»КММ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Абильмажинова Гулмира Каниевна

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Адамға пайдалы заттар
Мақсаты: Оқушылармен «Денсаулық – зор байлық» деген модульді жалғастыра отыра, «Адамға пайдалы заттар» тақырыбына байланысты мәлімет беру, ерекшеліктерін ұғындыру.
Сабақ міндеттері: 1 Тақырыптың маңызын ашып, түсіндіру. Грамматикалық тақырыптарды жаттығу арқылы бекіту.
2. Тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін, шығармашылығын дамыту, ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру, жазба тілінің деңгейін көтеру.
3. Оқушыларды салауатты өмір салтын жүргізуге тәрбиелеу.
Сабақ қадамдары: 1. Жаңа сабақты игеру;
2. Тұжырымды ой айту;
Күтілетін нәтиже: 1. Топтық жұмыс барысында оқушылар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз ойларын айта алады. Бірлесе отырып ортақ шешім қабылдайды.
2. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды.
3. Топтық жұмыс барысында оқушылардың бір - бірін оқыту дағдылары артады.
Түйінді идея: Нақты ойлау арқылы ой қорыту, ортақ қорытындыға келу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, миға шабуыл, ой шақыру, диалогтік оқыту, жұптық, топтық жұмыс, ой толғаныс, кері байланыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі парақша, кестелер;

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;
ІІ. Үй тапсырмасы;
III. Жаңа сабақ;
ҮІ. Тапсырмалар
Ү. Рефлексия.
YІ. Үйге тапсырма

Жұмыстың түрі
а) Сәлемдесу
ә) Көңіл - күйді көтеру

Оқушыларды сурет бойынша 2 топқа бөлу. Топтарға бағалайтын парақшалар беріледі.
б) Кезекшімен сұхбат
Үй жұмысын тексеру
в) Миға шабуыл – сұрақ - жауап әдісі арқылы.
- Балалар біз сендермен «Денсаулық - зор байлық» модулін жалғастырамыз. Денсаулықты сақтау үшін не істеу керек, есімізге түсірейікші?
1) Тиімді, жақсы тамақтану;
2) Спортпен айналысу;
3) Таза ауада серуендеу;
4) Көбірек дәрумендерге бай тамақты жеу.
г) – Балалар, қалай ойлайсыңдар неліктен сендерге көкөністер мен жемістердің суреттері ұсынылды? Олар адамға пайдалы ма?

Жаңа сабақ
Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Балалар, бүгін біздің тақырыбымыз «Адамға пайдалы заттар» деген тақырыппен танысамыз. Сабақта мәтінмен танысып, тақырыпты меңгереміз. Жеке, жұптық және топтық жұмыстар арқылы тапсырмалар орындап, грамматиканы еске аламыз. Сонымен қатар дәрумендер бізге не үшін керек, оларды қандай тамақтан алуға болады, соны анықтаймыз.
1. Керекті сөздермен таныстыру.
• Құрамы - состав
• Әсіресе - в основном
• Дәрумендер - витамины
• Көмірсутегі - углеводы
• Ақуыз - белок
• Қабық - кожура
• Ағза - организм
• Пайдалы - полезные
Сөздермен жұмыс: оқу, сөз тіркестер құрастыру, жазып алу.

2. Мәтінмен жұмыс. Мұғалім оқып, оқушылар тізбектеп оқиды. Аударма жұмысын жасау.
3. Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Астана-бас қала. Тасымал

Астана-бас қала. Тасымал

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы, Т. Аубакиров Ж. О. М. Мұғалімі: Мырзаева Раушан Шахабаевна...
Сыни тұрғыдан ойлауға алғашқы қадамдар

Сыни тұрғыдан ойлауға алғашқы қадамдар

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Благовещенка №2 орта мектебінің бірінші деңгей мұғалімі Ипова Акмарал Сулейменовна...
Бақшада

Бақшада

Білімділік: Өсімдік аурулары жөнінде мағлұмат беру, оларды емдеу жолдарымен таныстыру Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ауызекі...
Денсаулық - зор байлық

Денсаулық - зор байлық

Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық...
Ләйлігүл. Заттың қимылын білдіретін сөздер

Ләйлігүл. Заттың қимылын білдіретін сөздер

Тақырыбы: Ләйлігүл. Заттың қимылын білдіретін сөздер. Мақсаты: 1. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуын жетілдіру. 2. Заттың қимылын білдіретін сөздер...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету