Сайтқа кіру Тіркелу

Я әрпінің жазылуы

«Бейнеу ауданы,
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ - сі
Бастауыш сынып мұғалімі А. Абенова

Сабақтың тақырыбы: Я әрпінің жазылуы
Ресурстар: «Пирамида» ойыны, жемистер, көкөністер суреттері, сигналдық белгілер, смайликтер, АКТ,

Сабақтың міндеті: Жұмбақ шешуге, жатқа жазуға, тиісті әріпті қоюға, жасырын сөзді табуға, белгіленген тақырыпта өз ойын ортаға салуға машықтандыру.
Сабақтың мақсаты: Я әрпінің айтылуы мен жазылуын ажырата білу, сауатты жазуға баулу
Күтілетін нәтиже: Сөзде йа дыбыстары естілгенімен, жазуда олардың орнына я әрпі жазылатынын, сөздегі и әрпінен соң а жазылмай, я жазылатынын үйренеді
Тапсырма көздері: 1 - тапсырма Өткенді қайталау (1 - модуль. ОмОЖТ)
2 - тапсырма «Пирамида» ойыны (2 - модуль. СТО. 5 - модуль ТжДБО)
3 - тапсырма 66 - ж «Кім шапшан?» (6 - модуль ОЖЕСОжО)
4 - тапсырма 67 - ж (5 - модуль ТжДБО)
5 - тапсырма 68 - ж (2 - модуль СТО, 6 - модуль ОЖЕСОжО)
6 - тапсырма 69 - ж постер (1 - модуль. ОмОЖТ. 2 - модуль. СТО.
3 - модуль ОүБжОБ)
Бағалау: Критерий бойынша өзін - өзі бағалау, смайликтер арқылы бірін - бірі бағалау
Кейінгі тапсырма: 70 - жаттығу (берілген сөздерді қатыстырып әңгіме құрау)
Сабақтың кезеңдері: Мұғалімнің іс - әрекеті

1. Ұйымдастыру Сыныппен байланыс орнату Алақанды ашайық,
Күннің нұрын алайық,
Жүрекке жылу салайық,
Жиналған жылы шуақты
Бір - бірімізге шашайық.

Өткен сабақты еске түсіру арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- күз
- күз мезгілі несімен ерекше?
- мол өнімімен. жеміс, көкөніс, дәнді - дақылдарымен
- олай болса, мен сіздерге жеміс жинап әкелдім. Әрқайсыңыз өздерің ұнататын жемісті ала қойыңыздар (алма, алмұрт, жүзім, ерік)
1. Тіл не үшін керек?
2. Ауызекі сөйлеу дегенді қалай түсінесің?
3. Жазбаша сөйлеу дегеніміз не?
4. Сөздерді буынға бөл: ақ, отау, бауырсақ,
5. Заттың атын білдіретін сөздерге мысал келтір
6. Заттың сынын білдіретін сөздерге мысал келтір
7. Заттың санын білдіретін сөздерге мысал келтір
8. Қимыл атауын білдіретін сөздерге мысал келтір
9. Берілген сөздерге у әрпін қосып айт: Қу - жу - бу - сау -
10. Сөздерге у әрпін қосып айт: Жылы - бекі - жоры -
11. Сыйлық сөзін қатыстырып сөйлем құра.
12. Ерте заманда адамдар бір - біріне қалай хабар берген?
13. Қазір кезде адамдар бір – біріне қалай хабар береді?
14. Түсіп қалған әріпті қойып сөзерді ата:
Сер... ен, с... сын, ж... а, аш... дас
15. Түсіп қалған әріпті қойып сөздерді ата: ... не, б.. ік, к... із, ж... ек
16. Осы топқа жатпайтын сөзді тап: Үйрек, қаз, қоян, аққу
17. Я дыбысы бар сөздерге мысал келтір

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×