Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Дүниетану пәнінен орта мерзімді жоспары (4 сынып)

4 - сынып оқушыларымен жүргізілетін дүниетану пәнінен тізбектелген сабақтар топтамасының орташа мерзімді жоспары

● Тақырыбы: Адам қайдан, қалай пайда болған?
Мақсаты: Адам қайдан, қашан пайда болғаны жөнінде қасиетті діни кітап пен ғылыми зерттеудегі айтылған ойларды талқылап түсінеді. Ой - өрісін, әңгімелеп жеткізе білу қабілеттерін дамытады. Еңбексүйгіштікке адамдық қасиетті бағалай білуге үйренеді

● Тақырыбы: Алғашқы адам
Мақсаты: Алғашқы адам туралы «Мұз дәуірі» жайында түсінік алады. Ой - өрісін, тіл байлығын, алғашқы адам туралы білімдерін дамытады. Бірлесіп еңбек етуге, достыққа тарихты білуге, құрметтеуге қызығушылықтары оянады.

● Тақырыбы: Адамды адам еткен - еңбек
Мақсаты: «Адамды адам еткен еңбек» деген тұжырымның мәнін түсінеді. Ойлау қабілетін, тілін, сөздік қорын, ойын жүйелі түрде жеткізе білу дағдысын дамытады..

● Техника, құрылыс – ой мен еңбек жемісі
Мақсаты: «Адамды адам еткен еңбек» деген тұжырымның мәнін қазіргі заманғы техникадан мысалдар келтіру арқылы тереңдетеді, адамның ақыл ой иесі ретінде өз анасы - табиғаттан алуан түрлі күрделі техникалық объектілерді жасауды үйренгенін біледі
Ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, тіл байлығын, қиялын дамытады. Ойға алғанын орындап үйренуге, еңбексүйгіштікке дағдыланады.

● Тақырыбы: Мәдени – тарихи мұралар — адам ақыл - ойы мен сезім талғамының жемісі. Мәдени - тарихи мұраларды қорғау. Мақсаты: Мәдени - тарихи мұралар туралы, оларды қорғау жөнінде түсінік алады. Оқушылар
ой - өрісін, тіл байлығын, әлемнің жеті кереметі туралы түсінігін, өз ойын толық жеткізе білу дағдысын дамытады
Тарихи мұраларды қорғауға, оларды мақтан тұтып жүруге үйренеді

● Тақырыбы: Табиғатты зерттеу
және бақылау әдістері
Мақсаты: Табиғатты зерттеу және бақылау әдістері жайлы мағлұмат алады
Бақылаудың түрлерімен танысып, тәжірибенің адамның тіршілігі үшін өте құнды екенін түсінеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету