Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Коучинг

Коучинг
Сабақтың тақырыбы: СТО стратегияларын сабақта қолданудың тиімділігі
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Жалпы мақсаттары: Мұғалімдерге СТО стратегияларын тиімді қолдануды үйрете отырып, теориялық - тәжірибелік және кәсіби құзыреттілігін арттыру, әріптестермен ынтымақтастық қарым - қатынас орнату.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері: Мұғалімдер СТО әдістерін меңгеріп, сабақ барысында тиімді қолдана алады, оларды ажырата біледі, оқушыларды сабақта түгел қамти алады.
Пайдаланған әдіс тәсілдер 1. Тренинг 2. Топтық жұмыс 4. Кері байланыс
Қажетті құралдар Интерактивті тақта, постер, маркер, стикер
Коучинг кезеңі Коучтың іс - әрекеті Мүғалімдердің іс - әрекеті
Психологиялық ахуал
Тренинг Мұғалімдермен амандасу.
Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.
Мұғалімдер ортаға шығып, жағымды сын есімді өз аттарына қосарлап айтып, өзін таныстырады, бір жақсы тілек айтады. Мұғалімдер өзін таныстырады, бір жақсы тілек айтады.
Топқа бөлу
Өлең шумақтары арқылы топқа бөлу
(М. Мақатаевтың өлеңдері) Мұғалімдер өлең шумақтары арқылы үш топқа бөлінеді.
1 - топ «Зерттеуші ұстаздар»
2 - топ «Сарапшы ұстаздар»
3 - топ «Шығармашыл ұстаздар»
Білу
Бүгінгі сабақтың мақсаты мен нәтижесін таныстырамын. Интертақта арқылы қосымша мәлімет (слайд) көрсетемін.
«Сыни тұрғыдан ойлау» дегеніміз не?
Жалпы оқушыға сыни ойлау қажет пе? деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік
Сыни тұрғыдан ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез – келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп, қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.
Түсіну
«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша сабақ үш кезеңнен тұрады:
1. Ой шақыру ( қызығушылықты ояту)
- Оқып үйренушінің өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету;
- Оқушылардың іс - әрекетін белсенді ету;
- Оқу іс - әрекетіне уәж (негіздеме) қалыптастыру;
- Оқу іс - әрекетінде оқып үйренушілердің жекелей мақсаттарын қою
Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау», сияқты әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру.
2. Іске асыру (мағынаны ашу)
- Оқып үйренушімен жаңа білімді алу;
- Белгілінің жаңамен арақатынасын білу, түсінігін қалыптастыру және білімдерін жүйелеу;
- Жұмыс тәсілін ақпаратпен үйрену;
- Ой шақыру кезеңіне қойылған мақсаттарын қолдау.
Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі – INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында: V - «білемін», - «білмеймін», + - «мен үшін жаңа ақпарат,»? – «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.
3. Рефлексия (ой толғаныс)
- Жаңа білімді беру;
- Пән туралы бүтіндей көрініс жасау;
- Мәселе өрісін кеңейту, оқу іс - әрекетінде жаңа мақсаттарды қою;
- Оқып үйренушінің пәндегі дамуын бағалау және өзін - өзі бағалау бойынша жұмысы
Ой толғанысты тиімді етуге лайықталған «Бес жолдық өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Ішіне - сыртына» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр - жеңілдігіне қарай лайықталынып қолданылады. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен нәтижесімен танысады.
Мұғалімдер өздеріне белгілі мәліметтерді топта талқылап отырады

3 кезеңде топтар «ДЖИГСО" әдісі Мұғалімдер слайдтан өздеріне керекті мәліметтерді түртіп алып отырады.
Тиімді әдіс - тәсілдерді
жазып алады
Талдау
Практикалық тапсырма ретінде М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын сыни тұрғыда талдау мақсатында тапсырмалар таратамын
Қызығушылықты ояту. «Шеринг» әдісі
 М. Мақатаев шығармасында қасірет пен қасиет деген ұғымдарды қалай жеткізген?
 Топтарға мүсін (аққу, ана, бала, т. б.) беріледі.
 Мүсінді бір - біріне кезектесіп беріп, талдаулар барысында қасірет пен қасиет ұғымдарына қатысты есте қалған оқиғаларды айтады. Үш топ та берілген тапсырмаларды орындайды. Бағалау критерийлері арқылы бір - бірінің тапсырмаларын бағалайды.

Жинақтау
«Суреттерді әңгімеле» әдісі
Топтарға суреттер беріледі (Аққу, бесік, бала, Ана, тәуіп, дәрігер)
Суреттердің бір - бірімен байланыстырады.
Суреттердегі уақыт кеңістігін бүгінгі өмірмен байланыстырады.
Суреттердегі құндылықтарды анықтайды.
Берліген суреттерден әңгіме құрастырады

Қолдану
«Қабырға газеті» әдісі
Топтарға поэмадан үзінділер таратылады
 Өлең жолдарындағы ақынның ішкі сыры, сезімі, толғанысы қандай мәселе көтереді?
1 - қадам.
 «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан берілген үзіндіні оқиды;
 Үзіндіде ақын көтерген мәселені талқылайды;
 Түрлі - түсті қағаздардан өздеріне ұнаған түсті таңдап, әртүрлі кескіндер қиып алады (үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, т. б.), жанр таңдап (өлең, әңгіме, ертегі, аңыз т. б.), шығарма оқиғасын өз көзқарасымен дамытып жазады. (2 - 3 сөйлем)
2 - қадам. Қабырға газеті бөлме қабырғасына ілінеді;
3 - қадам. Галереяға саяхат – мұғалім белгі берісімен топтар қабырға газеттерін қарайды, сараптайды және тапсырма жазылған қағазға пікірін немесе сұрағын жазып кетеді.
4 - қадам. Галереяға саяхат аяқталған соң, топ мүшелері өз қабырға газеттеріне жазылған пікірлерді сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.

Бағалау
«Шығармашылық ізденіс» әдісі
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасының мазмұны бойынша жобалық жұмысты таңдап алады.
• Жұмыс тақырыбы өмірмен байланысы болуы керек.
• Зерттеуге басқа әдеби шығармалар мен өнер туындыларындағы аққулардың ролі мен маңызы кіруі мүмкін.
• Презентациялар тәсілдері тақырыпқа байланысты түрленуі мүмкін.
Ұсынылатын тақырыптар:
 Ұлттық құндылықтар
 Табиғатты аяла
 Бала - адамның бауыр еті
 Жетімкөл неге жылайды?
 Ананың халін кім ұғар? Берілген тапсырма бойынша суреттерді бір - бірімен байланыстырып, құндылықтарды анықтайды, әңгіме құрастырады,

Поэмадан берілген үзіндіні оқиды;
Қабырға газетін көркемдеп, шығарма оқиғасын өз көзқарасымен дамытып жазады.
Топтардан 1 - 2 өкіл шығып, галереяға саяхат жасап,
тапсырма жазылған қағазға пікірін немесе сұрағын жазып кетеді.
Сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.
Топ мүшелері тақырыптың бірін таңдап алып, презентация жасап, қорғайды
Кері байланыс Таратылған А4 парағына бес саусақты салып, әр саусаққа пікірлерін жазады

Жамбыл облысы Жуалы ауданы
№3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Дуржанова Бибисара Қалиасқарқызы
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту

Мақсаты: Кез келген сабақтарда сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын қолданудың пайдасына тоқталу. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлай қабілетін дамыту...
Сыни ойлау - ойды шыңдау

Сыни ойлау - ойды шыңдау

Сыни тұрғыдан ойлауға алғашқы қадамдар жасау. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы оймен қабылдауын...
Қ.Жұмаділов. «Қаздар қайтып барады» әңгімесі

Қ.Жұмаділов. «Қаздар қайтып барады» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы адам психологиясының ішкі сезім толғаныстарын суреттеуде жазушы шеберлігін...
Дәстүрлі билер соты

Дәстүрлі билер соты

Мақсаты: Тақырыптың идеялық мазмұнын ашу арқылы мазмұндайды, есте сақтау әдіс – тәсілдерін үйренеді, оқушының ойлау қабілеттері дамиды, тарихи тілдік...
Оқытудағы критериалды бағалау коучинг

Оқытудағы критериалды бағалау коучинг

БҚО, Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылы, Ғ. Махамбетов атындағы ОЖББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі Галимова Нұргүл Мақсотқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету